Тоғызқұмалақ ережемен ойнау




Презентация қосу
“Тоғызқұмалақ” ережемен ойнау.
сабақсссссссСабақтың мақсаты
Білімділігі
Оқушыларды жаңа
сабақты түсіндіру және үйрету
Дамытушылығы
Оқушылардың пәнге деген қызығушылы
ғын арттыру мақсатында ,тоғызқұмалық
тың ережелерін түсіндіру және көрсету
Тәрбиелілігі
Оқушыларды адалда ,иманды ,ақыл-ой
өрісін дамыту мақсатында оқушыларды
тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі интерактивті тақта,
тоғызқұмалақ
Пән мұғалімі: Күлпешова Н.Ш
Тоғызқұмалақ
Тоғызқұмалақ тарихы
Қазақ халқының ежелгі ұлттық спортының бірі – тоғызқұмалақ.
Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл ойынның пайда болуы
шамамен 4 мың жылдық кезеңді қамтитын көрінеді. Алайда,
өкінішке қарай, елімізде тоғызқұмалақ ойыны туралы білетін
жандар өте аз. Осыған орай, бүгінгі тақырыбымызда оқырмандарымызды
аталмыш ойынмен таныстырсақ дейміз.
Бүгінде тоғызқұмалақ ойынының әлемде әртүрлі үлгілері бар.
Мәселен, Египетте осыған ұқсас ойынды «калах» деп атаса,
Шри-Ланкада «олинда калия», қырғыздарда «тогузкоргоол»,
африкалықтарда «манкала», «габата», «абапа», «нам-нам»,
«бао», «тамподуо», «омвесо», «маработ» деп аталады екен.
Сол сияқты америкалықтарда да тоғызқұмалақтың өз үлгілері бар.
Олар оны «аджи-бото» немесе «варри роунд» деп атайды.
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:

• Құмалақ
• Қазан
• Отау
• Бастаушы
• Қостаушы
• Тұздық
• Атсырау
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелері:

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын
тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр
ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздансалынған 81 құмалақ
тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс
жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.Жүріс жасау үшін өз
жағыңыздағы отаулардың бірінен сегізін алып, біреуін орнында қалдырып,
қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз.
Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса,
қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ
санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4,
6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.
Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3
құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ «Х»
деген шартты таңбамен белгіленеді. Тұздық ойында бір рет алынады және
№9 отаудан ешқашан алынбайды. Сондай-ақ тұздық аттас отаулардан
алынбайды. Мәселен, егер бастаушы сіздің №2 отауыңызға тұздық қойса, сіз
оның №2 отауына тұздық сала алмайсыз.
Тұздық алу:
Тоғызқұмалақта құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып
алуға да болады. Оны ежелде «тұзды үй» деп атаған. Бүгінде «тұздық» дейді.
Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде қарсыластың екі құмалағы бар отауына
сіз таратқан құмалақтардың соңғысы түсуі керек. Сонда сол отауда
қалыптасқан үш құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, сол отау ойынның
соңына дейін сіздің меншігіңізге айналады. Яғни жүріс жасалған сайын тұздық
алынған отауға түсетін бір құмалақ міндетті түрде сіздің қазаныңызға
салынып отырады. Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша
түрде «Х» деген шартты таңбамен белгіленеді. Тұздық ойында бір рет алынады
және №9 отаудан ешқашан алынбайды. Сондай-ақ тұздық аттас отаулардан
алынбайды. Мәселен, егер бастаушы сіздің №2 отауыңызға тұздық қойса, сіз
оның №2 отауына тұздық сала алмайсыз.
Атсырау ережесі:
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ
кеми бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын
қарсыластардың жүріс мөлшері азая береді. Сондықтан ойын соңында
қарсыластардың бірі өз отауларында жүріс жасай алмай қалатын жағдай да
кездеседі. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші тауысып
алып, жүріссіз қалуы «атсырау» деп аталады. Мәселен, қостаушы атсырауға
ұшыраса, бұл жағдайда бастаушы қосымша бір жүріс жасап, барлық
құмалақтарды өз қазанына салып алады. Сөйтіп, бастаушы жеңімпаз атанады.
• Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса, ойын бірден тоқтатылып,
сол ойыншы жеңімпаз болып танылады.
Жаңа сабақты пысықтау
Сұрақ – жауап арқылы
Ойын ойнау
1.Тоғызқұмалақтың шығу тарихы
2.Тоғызқұмалақ терминдерін ата?
3.Тоғызқұмалақтың ережелерін ата?
4.Тұздық алу ережесін түсіндір?
5.Атсырау тәсілін қай уақытта болады?
Бағалау : Салыстырмалы түрде
Үй тапсырмасы: Ережелерді
оқу
Қорытынды

Ұқсас жұмыстар
Тоғызқұмалақ
Тоғызқұмалақтың заманауи дамуы
Тоғызқұмалақ жүрістері
Бестемше ойынының бала тәрбиесіндегі орны
Көкпар түрлері
Ұлттық спорт түрлері
Канадада қай спорт
Тоғызқұмалақ тақтасы
Тоғызқұмалақ ойыны
Жүріс жасау ерекшеліктері
Пәндер