Бесік жабдықтары



Ақтөбе қаласындағы №40 орта мектебі.
Салт-дәстүрді дәріптейік !
(зерттеу жұмысының бағыты:өлкетану)
Орындағандар: 3”Б”класс оқушылары:
Мұқашева Мөлдір, Амангелді Ыдырыс.
Ғылыми жетекшісі: Мағзымова Жанаргүл Салауатқызы

“ Білекке сенер заманда,
Ешкімге есе бермедік
Білімге сенер заманда,
Қапы қалып жүрмейік. ”

Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты:
Зерттелу нысаны етіп салт-дәстүрді алуымызға Қазақстан деген ұлан байтақ жерді аз ғана қазақ иемденуіне себеп болған бірінші қазақтың өзі болса, екінші- салт-дәстүрі бола тұра салт -дәстүрдің қадір қасиетінің әлі күнге толық зерттелмей келе жатқаны себеп болды.

Зерттеу кезеңдері
Зерттелудің әдіс-тәсілдері: материалдарды жинақтау, ақпарат көздерінен мәлімет алу, тұжырымдау.
Қорытынды кезең:мақсаттың орындалуы, болжамның дәлелденуі, жобаны қорғау.
Дайындық кезеңі:
Тақырыпты, мақсатын, әдіс-тәсілдерін меңгердік
Теориялық кезең: әдеби, тарихи кітаптарды оқыдық, қажетті деректерді жинақтадық

Салт-дәстүрді білесің бе?
Шілдехана
Бесікке салу
Тұсау кесер
Қырқынан шығару
Сүндет той
Киіз үй
Зергерлік бұйымдар
Ою-өрнек
Қонақ күту
Ұлттық киімдер
Ұлттық ойындар
Мал бағу
Шешендік сөздер
мерекелер
Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер
Мәдени салт-дәстүрлер
Тұрмыс- салт дәстүрлер

Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты:
Салт- дәстүрдің(зергерлік бұйымдардың, ою-өрнектің, ұлттық ойынның, жылқы малының ) адам өміріндегі маңызы,
Бесіктің, наурыз көженің адам денсаулығына пайдасын
Ғылыми тұрғыда зерттеу арқылы көрсету.

Зерттелу жұмыстың ғылым болжамы:
Оқушылар салт-дәстүр, әдеп-ғұрып халықтың рухани өзегі
Тілінің тірегі, мәдениетінің құндылығы жоғары болғандығын біледі.
Танымдық, қызығушылықтары,
Ой-өрістері артады.

Зерттеудің жаңалығы мен өзіндік үлесінің дәрежесі:
Салт -дәстүрге байланысты мектеп бағдарламасында жоқ негізгі тақырыптарды бағдарламаға енгізу.
Салт- дәстүрдің маңыздылығын ашуға өз үлесімізді қосу.

Жоспар
Кіріспе:
Ұлттық салт- дәстүр мен ұлттық мінез.
Бірінші бөлім:.
Тұрмыс- салт дәстүрлері: ұлттық ою-өрнек, зергерлік бұйымдар, наурыз көженің адам ағзасына пайдасы, жылқы малының адам өміріндегі маңызы.
Екінші бөлім:
Бала тәрбиесіндегі салт- дәстүрлер: бесіктің, үлттық ойынның адам денсаулығына пайдасы.
Қорытынды:
Бүгінгі күннің салт-дәстүрлері, ғылыми болжамның орындалуы.

Зергерлік бұйымдар
Тұмарша (бойтұмар)
Білезік
шашбау
Шолпы(шаш теңге)
жүзік
сырға
қапсырма

Ұлттық ою-өрнек
құстұмсық
кемпірқосақ
өркеш
құсқанатты
оюшы
Гүл, мүйіз таңба
Арпабас, көбелек су өрнегі
қошқармүйіз

Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы:
Ұлттық таным бойынша 7 қазына, 7 апта, 7 ата, 7қат, 7 дыбысұғымдарын білеміз. Осылардың қатарына 7 дәмнен жасалатын наурыз көжені жатқызуға болатынын дәлелдейік.

Наурыз көжеге қосылатын тағамдар”

Судың маңызы
Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді.
Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады.
Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді.
Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады.
Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да,
судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады,
ағыл- тегіл терлетеді, қалжыратады.

СУДЫҢ
МАҢЫЗЫ

Еттің маңыздылығы
Наурыз көжеге соғымбасының арнайы сойылған қойдың басын, етін салады. Сүр ет дегеніміз -ыстап кептірілген ет. Етті ұзақ сақтау үшін ыс салып сүрлеу дағдыға айналған тәсіл, ол әсіресе соғым етін сақтау үшін кең қолданылады.


В1 - Ағзада зат алмасу үшін қажет. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ағза шаршағандық күйде болып, ас қорыту процесі бұзылады. Бұл дәруменнің ой және дене еңбегімен көп шұғылданғанда, суықта ұзақ болғанда қажеттілігі мол.
В2 - жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, ағзаның бірқалыпты өсуіне қажет.
В6 - бұл дәрумен жетіспеген жағдайда балалардың бойының өсуі тежеліп қан аздыққа әкеп соқтырады.

Сүттің маңыздылығы
Сүттің тарихы ертеден басталады. Археологтар бір қазбадан тапқан ірімшік қайнататын қазанды жер астында 5000 жылдай сақталған деп топшылайды.
Сүтті баладан бастап, қарияларға дейін ішеді. Өйткені, ол дәрумендерге, көмірсу мен майларға, ақуыз бен минералды заттарға, микроэлементтер мен ферменттерге өте бай.

МИНЕРАЛДЫ ЗАТТАР Кальций Са - ағзаның зат алмасуына, қан ұюына қатысады. Кальций тұзы барлық азық-түлікте бар, бірақ адам ағзасы оның барлығын бірдей сіңіре алмайды. Сүтте, сүттен алынатын өнімдерде, ақ ірімшікте кальций өте көп және адам оны оңай сіңіре алады.
Фосфор Р - жүректің, бұлшық еттің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін маңызы зор. Фосфор тұздары малдан алынатын сүтте өте көп.

Құрттың пайдасын анықтау
Құрт - ұлттық тағам. Ашыған айранды сабаға құйып, бірнеше күн іркіт жасайды. Сабада пісілген іркітті майы алынғаннан кейін үлкен қазанға құйып қайнатады. Іркіт баяу қайнап, жел көбігі таралғаннан кейін қоюланады. Суыған соң таза қапшыққа құйып, суын сорғыту үшін іліп қояды. Сарысуы ағып 5-6 күн бойы әбден құрғаған соң, ұсақтап бөліп, сығып, өреге жайып кептіреді. 1-2 аптадан соң өредегі құртты қапқа салып, күн көзіне кептіреді. Құртты 2-3 жылға дейін сақтауға болады. Құрт- күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып ірімшік жасайды. Құрт өкпе ауруына, суық тиіп ауырған кезде ыстықтай ішкізіледі. Ұзақ сапарларда құрт- әрі сусын, әрі қорек. Сарысуын ауырған малға ішкізеді, шаш жууға болады, тері илеу үшін малма жасайды.


Майдың маңызы
Май- барлық азықтардың негізгі нәрі, ең негізгі құнары. Мал майының өткірлік, дәмділік, емдік қасиеттері бар. Майлар- тағамның қажетті және ең калориялы құрамдас бөліктері.
Ағзаға 1гр. май сіңіп тарағанда, ақуыз немесе көмірсулар тарап сіңгендегіден 2есе артық жылу энергиясы бөлініп шығады.

Дәнді дақылдардың маңыздылығы
Тары, күріш, арпа, бидайдың тағамдық қасиеті жоғары және жұғымды калориялы болады. Олар балалар мен ауруға шалдыққан адамдарды тамақтандыру үшін ерекше қажет. Бұлар көмірсу мен өсімдік ақуыздарының негізі болып табылады.

Ақуыз - қозғалысты қамтамасыз етеді, яғни бұлшық еттердің жиырылуы мен жазылуы. Өкпеден сіңіріп алған оттегін бүкіл денеге таратады. Ақуыз мал мен өсімдіктен алынатын өнімдерде кездеседі. Олардан алынатын ақуызды дұрыс ұштастыру арқылы ақуызы жеткілікті тағам әзірлеуге болады. Көмірсу - бұлшық еттің, жүйке жүйесінің, жүректің, бауырдың қызметі үшін ағзаның майды қалыпты сіңіруі үшін өте қажет. Тамақ құрамында көмірсу болмаған жағдайда тамақтағы май толық сіңбейді де денсаулыққа зиян келтіреді. Көмірсу өсімдік өнімдерінде өте көп сонымен қатар сүтте, бауырда болады.

тұз
Жүйке жүйесінің
Қызыметін жақсартады

“Жылқы малының
қыр-сырымен
танысқан сәттерім”

Көшпелілердің, соның ішінде қазақтардың төрт түлік малдың ішінде жылқыны көне заманнан бастап өсіргені тарихтан белгілі. Жаугершілік заманда атқа мінген ата-бабаларымыз жаудың жаяу әскерден жасақталған қолын күйрете жеңіп отырған. «Ер қанаты - ат» деген қағиданы берік ұстанған бабаларымыз жылқы өсіруге ерекше ден қойған. Оның үстіне жылқы малы көшіп-қонуға ыңғайлы, мініске төзімді, өз аяғынан жайылады, күтімді көп тілемейді. Еті дәмді, сүті шипалы. Қазақ төрт түліктің ішінде бірінші жылқыны байлыққа санаған.


Бесіктің жасалуы
Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан,
көбіне талдан иіп жасайды.
Мұндай бесік жеңіл, ықшам,
көшіп-қонуға ыңғайлы.

Бесік
жабдықтары
Құс төсек, жастық, жөргек, қолбау,
тізебау, тізежастық, бесік көрпе,
шүмек, түбек, үкі

Бесік
жыры
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz