Шешендік сөйлеу


Slide 1

Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы №17 мектебінің

бастауыш класс мұғалімі Күлшар Қалиқызы Мәкенова

Slide 2

Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы №17 қазақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі

Аты жөні: Мәкен Күлшар Қалиқызы

Туған жылы: 26. 02. 1962 жыл

Санаты: І категория

Еңбек өтілі: 30 жыл

Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6

Шешендік өнер

І- Ұлттық шешендік өнер туралы түсінік

ІІ- Қазіргі шешендіктің түрлері

ІІІ -Шешендік және сөз мәдениеті

ІV -Шешенге қойылатын талаптар

Slide 7

І тарау Ұлттық шешендік өнер

Шешендік өнер «грекше - риторика»

Шешендік сөйлеу

1. әдемі, әсерлі, сенімді

сөйлей білу қабілеті

Шешендік өнер

2. “көркем сөз өнерін”

үйрететін ғылым

Slide 8

Шешендік өнер үш нәрсеге негізделеді

1. Табиғи дарын, тума талант

2. Жан - жақты білім

3. Тынымсыз еңбек, жүйелі жаттығу

Slide 9

Шешендік өнерді игеру үшін бес қасиет керек дейді М, В. Ломоносов

Табиғи дарын

2. Білім

3. Шешендерден үйрену

4. Сөйлеп жаттығу

5. Басқа ғылымдардан хабары болу

Slide 10

Табиғи дарын

Жан дарыны Тән дарыны

(ақыл-ес) (күшті әрі, сүйкімді

дауыс, ұзақ үн, кең кеуде)

Slide 11

Шешендік өнер үш мақсатты көздейді

Түсіндіру ояту толқытып, тебіренту

ақылға ақыл қосу, жүректі тербеу

Шешендік сөз тауып айтылған тапқыр сөз

Ақылға қозғау салып, ой түсіретін даналық сөз

Қиялға әсер етіп, сезімді қозғайтын көрікті сөз

Дәлдігімен сендіретін білімді сөз

Тоқсан ауыз сөздің түйінін жеткізетін терең мағыналы

түйін сөз

Тіл табыса алады, табысқа жетеді

Slide 12

Табиғи таланттың бар жоғына қарамай ақ

Оқып үйрену, тыңдап үйрену,

сөйлеп үйрену, үздіксіз жаттығу

арқылы

шешендік өнердің иесі бола алады

Slide 13

Қазақ шешендік өнерінің І кезеңі

11 -18 ғасырлар аралығы . Тарихи аңыздарда сөздері, есімдері сақталған

Майқы би Аяз би

Өмірде болған тарихи адам Аңыз бойынша ханға уәзір

кейін өзі хан болып ел басқарған

Артына аталы сөз қалдырған өз

заманының айтулы шешені болған

Slide 14

Қазақ шешендік өнерінің ІІ кезеңі

14 -16 ғасырлар аралығы

Тарихи аңыздарда сөздері, есімдері сақталған

Асан қайғы Жиренше шешен

елдің қамын ойлаған сәуегей қазақ шешендерінің пірі

ел дауын, жер дауын шешуде үлгісі ретінде саналады

Шешімді билік айтқан сәуегей Алдаркөсе, Қожанасыр тәрізді

данышпан аңызға айналып кеткен бейне

Slide 15

Қазақ шешендік өнерінің ІІІ кезеңі

18 ғасырларды қамтиды

Бұл кезеңде шешендік өнердің өркендеуіне екі түрлі жағдай себеп болды

Бірінші жағдай:

Тәуке хан шашыраған қазақ руларын топтап, оларды халық арасынан шыққан сөзге шебер, би адамдар арқылы басқарды

Әр ауылда, әр руда

Би Сөзбен ағайынның ар намысын қорғайды

Әдет-ғұрыпты жақсы білетді

Ойға жүйрік, сөзге шебер адам

Slide 16

Хан Билер кеңесін құрды

“Жеті бидің” ақыл-кеңесімен қазақтың әдет -ғұрып

заңдарының жиынтығы «Жеті жарғы» қабылданды

Жеті жарғы

Билер шешімі Ақсақалдар ережесі

Дауды әділ, тура шешкен билерді халық “Қара қылды қақ жарған деп” мадақтаған

Жарғы - қазақша әділдік, шешім деген мағынаны береді

Slide 17

Екінші жағдай - бұл жаугершілік заман, яғни қол бастайтын қолбасшылар мен сөз бастайтын шешен билердің қызметі қажет болды

Батырлар Би-шешендер

Қанжығалы Бөгенбай Төле би

Қаракерей Қабанбай Қазыбек би

Шақшаұлы Жәнібек Әйтеке би

Атақты батыр, би -шешендер шықты

Slide 18

Қазақ шешендік өнерінің 4 және 5 кезеңі

18-19 ғасырларда өмір сүрген би шешендер

1. Хан-сұлтандарға қарсы шешендер

Байдалы би Ер Жәнібек Қазыбектің немересі Тіленші би

2. Бек болыстарға қарсы шешендер

Сырым Датұлы Досбол Балаби Мөңке би

Халқы үшін сөзі мен қаруын қатар жұмсаған батыр, көреген ойшыл, дана, дара тұлғалар

Slide 19

Қазақ шешендердің бойында батырлық пен шешендік, ойшылдық пен көсемдік тамырласып, тұтасып жатқаны көрінеді

Сенің пікірің:

Сенің ойынша шешен би батырлардың бойында қандай ортақ қасиеттер болады?

Сенің пікірің бойынша шешен би батырлар не үшін қажет?

Шешен тұлғалардан нені үйренуге болады?

Сенің сыныбыңда көшбасшы бола алатын балалар бар ма?

Неліктен сен бұл баланы таңдадың?

Дәлелің бар ма?

Slide 20

ІІ тарау

Білім танымдық мазмұны Билік шешуде қолданатын

сөздер сөздер

Қазіргі шешендіктің түрлері

Қоғамдық саяси Діни мазмұнды

сөздер сөздер

Күнделікті тұрмыста

қолданатын сөздер

Slide 21

1 . Білім танымды мазмұндағы сөздер

1. дәріс Бұл сипаттағы шешендіктің қай

2. ғылыми баяндама түрімен сөйлеседе шешенге

3. ғылыми жинақы, түйіндеп сөйлеуі

4. ғылыми шолу үшін «конспект» қажет

5. ғылыми көпшілдік

“Қалам-ең жақсы ұстаз және қызыл тілдің тәлімгері”

(Басты -басты ой -пікірлерді қағазға түсіріп отыруға үйрету)

Конспект - мәтінге тірек болып тұрған негізгі ойды жазу

Slide 22

2. Қоғамдық саяси мазмұнды шешендік сөздер

- жиналыста сөйлейтін сөздер

- саяси тақырыптағы баяндамалар

- әскери патриоттық сөздер, радио шолулар т. б

Отан қорғауға сарбаздардың рухын ояту үшін Б. Момышұлы сияқты қолбасшылардың сөзге тапқырлығы мен алғырлығы жауынгерлерді жігерлендіріп отырды

Бауыржан Момышұлы Жамбыл Жабаев

Slide 23

Ерлік туралы мақал-мәтелдер жинастыру

Ерлік көрсеткенге оқ та дарымас

Ер жігітке жарасар

Қолына алған найзасы

Би жігітке жарасар

Халқына тиген пайдасы

Slide 24

Құран Мақала Баяндама

сүрелері сөздер жазу

Бата Күнделікті тұрмыстық Құттықтау

шешендік сөздер сөздер

Діни Діни мерекелердегі Тілек

уағыздар құттықтау, тілек сөз

Slide 25

ІІІ тарау Шешендік өнер және сөз мәдениеті

Айқындық сөздің басты артықшылығы

(Аристотель)

Шешендік сөз - ақыл-парасатқа негізделіп, мазмұнды болды.

Мазмұнды сөз- адамдардың, білімдерін толықтырып ләззатқа бөлейді.

Әдеби тіліміз ғылыми терминдерге бай . Сөйлеу тілінде термин сөздердің мағынасын дұрыс түсініп қолданғанда ғана іскерлік-шешендіктің мазмұндылығы артады.

Slide 26

«Сөздің дәлдігі-ойдың айқындылығы» Сөз мағынасын жақсы білген адам сөзді орнымен жұмсай алады.

Табиғи мүмкіншіліктері

Тура Көп Қарсы Тұрақты Мақал -

мағыналы мағыналы мағыналы тіркестер мәтелдер

Мысалы: дүние деген сөздің қанша мағынасы бар болса, сонша рет

қолданысқа түседі

дүние-бүкіл-әлем, жер жүзі, өмір тіршілік, мал-мүлік, көңіл күй

одағайы т. б.

«Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда»

«Құм жиналып тас болмас, құл жиналып бас болмас» деген сияқты тұрақты тіркестерді

қалпын бұзбай орнымен қолдана білсе, ойды тап басып, дәл жеткізері

Slide 27

Тіл тазалығы

“Адам аласынан сөз аласы жаман,

от шаласынан сөз шаласы жаман”

“Таза сөйлеу дегеніміз” -сол тілдің жалпыға ортақ байлықтарын пайдаланып «бөгде» сөздерді араластырмай

сөйлеу-дейді ғалым М. Балақов

Сөзі шала кісінің ойы да күңгірт болады

Білімді тілдік норманы сақтайды

парасатты дөрекі сөздерді араластырмаймыз

адам өз ойын мәдениетті түрде жеткізу

Сөйлеу мәдениеті жоғары адам шешендікке қол жеткізе алады

Slide 28

Тіл көрнекілігі Көркем сөз-көрікті ойдың көрінісі

Сөздің таза, дұрыс анық, дәл айтылуының үстіне лебіз көркем болуы керек

Сөйлеу көркемдігінің тәсілдері

Метафора Эпитет Кейіптеу Теңеу Қайталау

(ауыстыру)

Slide 29

Метафора -ауыстыру, суреттеліп отырған затты өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау.

Мысалы: әйнегі-күй, шатыры-аспан, ашу деген-ағын су, ақыл деген-дария, әкең- асқар тау, анаң -аққан бұлақ т. б

Метономия- (грекше қайтадан атау) -алмастыру. Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын алмастырып, бірінің орнына бірін айту.

Мысалы: ауыл ұйқыда, (адамдар дегеннің орнына) қаламы жүйрік (қолы шапшаң), тілі ұзын (сөзшең) табақ тарту (ет тарту) Абайды оқу (кітабын оқу дегеннің орнына) т. б

Slide 30

ІҮ тарау Шешенге қойылатын талаптар Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық

толқиды

Сөйлер қорқады

алдында өзіне-өзі сенімсіздік білдіреді

Психологиялық дайындық керек

Кез келген сәттерде сөйлеп жаттығу керек

Өзінің көңіл күйін билеу керек

Материалды қаншалықты жақсы білсең, соншалықты аз толқисың

Slide 31

Білім көтеру Оқыған сайын өседі, Ғылымның сырын шешеді

Жаңа білім-ғылымға құштар болу, өзіне - өзі үнемі қанағаттанбау - шешендік табысқа жеткізетін құрал

Күнделікті дайындыққа

газет радио көркем ғылыми

журнал теледидар әдебиет кітаптар

Өз білімініңді көтеру жан-дүниеңді байытады

Slide 32

Шешендердің сөйлеу әрекетіне талдау жасай білу

Бұл шешендік өнерді меңгерудің бір жолы

Радио - теледидардан тыңдаған шешендердің сөйлеген сөздерінің мазмұнына ғана емес

- материалдың берілу тәртібіне

- тілдік шеберлігіне

- өзін өзі ұстауына назар аудару керек

Талдау жасау

1. Не ұнады, не ұнамады

2. Қандай әрекет тәсілдер сәтті шықты

3. Сәтсіздікке ұшыраған сөздер болды ма? т. б

Slide 33

Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің құрылымы

Ауызша және жазбаша сөйлеу - күнделікті дұрыс, түсінікті таза және көркем сөйлеуге, жаттығу дайындық жасау

1. Оқушылар достар арасында болатын мәселелерді талқылауға белсенді қатысып өз ойын еркін айтып отыру керек

2. Ауызша сабақтарға жиі- жиі сабаққа қатысып мазмұнды сөйлеуге үйрену қажет.

Жан жақты дамиды

Қажетті сөйлеу Жеке тұлға Сөйлеу мәдениетін

дағдысы қалыптасады көтереді

Slide 34

Ауызша сөйлеудің құрылымы 3 бөліктен тұрады

1. Кіріспе Сөйлейтін тақырыптың тарихы қысқаша

баяндалады

2. Негізгі бөлім Материал мазмұны түсіндіріледі

Айтылған ой жүйелі, бірізділікті сақтау керек

3. Қорытынды Кіріспеде айтылған әңгімені байланыстырып,

айтылған ойлардан түйін шығарады

Slide 35

Сөйлеудің түрлері

пікір талас

Ауызша сөйлеу

айтыс т. б

Пікір талас - адам өз ойын түсіндіріп, дәлелдей алуы және өз пікірінің

дұрыстығына көз жеткізуі

Айтыс - екі адамның, екі топтың арасында суырыпсалма

өлеңмен кезектесе айтылатын сөз жарысы, өнер айтысы

Айтыс - қос өнер, мұнда ақындардың тапқырлы,

сазгерлік, әншілік шеберлігі ескеріледі

Мақсаты: елдің қамын ойлап, кемшіліктерді орынды сынау, ескерту жасау

өзгенің пікірін сыйлау,

Сөйлеу мәдениеті құрметпен қарау

сабырлықпен тыңдай білу

Slide 36

Сөйлеу шеберлігіне үйрену жолдары

Сөйлеу шеберлігі, сөздің күші, әсер ету мүмкіндігінде

Сөйлеу шеберлігіне үйрету жолдары:

Қажетті ақпаратты алып іріктей алу.

Өңдеп қолдану

Бейнелі сөзді қолдану

Нақты тақырып бойынша жоспар жасай білу

Мәтін құрау, мәтін мазмұнын өз сөзімен баяндау

Мәтіндегі сөздерді ауыстырып қолдану

Шешендік мәтінді талдау т. б

Slide 37

Сөйлеуді жоспарлау сатылары

Сөйлеуді жоспарлау- тақырыпқа тақырыптық мақсаты - міндетіне, өзіндік ерекшелігіне т. б тікелей байланысты

1. Тақырып анықтау -қысқа, нақты, қызықты болу қажет. Тақырыпты, сөзбен өрнектелуіне мән беру керек.

2. Материал таңдау - сөйлейтін сөз мазмұнды болу үшін бірнеше еңбекті пайдалану.

3. Іріктелген материалды оқып білу - шешен кітап оқу арқылы сөйлеуде қажетті және қызықты мәліметтерді жазып алады.

4. Оқығанды ұғыну - оның мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі. Мазмұнын айту шешен үшін өзінше жаттығу

Сөздік қоры байиды, сөйлеу шеберлігі қалыптасады нақты сөйлеуге үйренеді

Slide 38

Пәннің әдістемелік жинағы Жаттығулар мен тапсырмалар 1 - жаттығу

1. Мәнұлы Майқы бидің толғауларындағы шешендікке талдау жасау

2. мағыналас және қарама - қарсы ұғымдарды табу

3. қайталанған сөздердің солданысына мән беру

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Би екеу болса, дау төртеу болады

Дауыл болмай жауын болмас,


Ұқсас жұмыстар
Шешендік сөздің сазы
Шешенге қойылатын талаптар
Шешендік сөз
АРИСТОТЕЛЬДІҢ РИТОРИКАСЫ
Шешендік өнерді насихаттау жолдары
Публицистикалық стильдің жанрлық типтері
Ескендір поэмасы
Шешендік сөздердің құндылығы
Мәтіннен тірек сөздерді анықтау
Шешендік өнер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz