Қарахан (942-1212) және Қарақытай (1128-1213) мемлекеттерінің тарихы мен мәдени мұрасы


Slide 1

Гуманитарлық пәндер кафедрасы

Қарахан және Қарақытай мемлекеті

Орындағандар: Қабылжан Айнұр

Жүнісов Еділ

Асылбек Аслан

Ермаханов Нұрберген

Мамбетов Сәкен

Алматы - 2012 ж

Slide 2

Қарахан мемлекеті (942-1212) - батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, шығыста Жетісу мен Қашғарға дейінгі жерлерде билік құрған алғаш мұсылман түрік мемлекеті. Қарлұқ, шігіл, яғма және т. б. түрік тайпаларынан құралған. Қарахан сөзінің шығуын шығыстанушы тарихшылар бұл тайпалардың қара деген атақты көп қолдануынан келеді деген болжам айтуда. Қара - сол кездегі түрікшеде ұлылық, биіктік деген ұғымды білдірген.

Ұйғыр

Яғма

Қарлұқ

Жікіл

ҚАРАХАН

Slide 3

Қарахан мемлекеті ең жақсы дамыған кезі

Мұса хан

(Мұса ибн Абд әл-Кәрім)

(955-998 жж. )

Әбілхасан Әли ибн Мұса хан

(998- б-з жж. )

Ибрахим ибн Насыр

(б-з -1041 жж. )

Хасан Боғра хан әулеті

Сатұқ Боғра хан

(942-955 жж. )

Әли ибн Мұса хан әулеті

Slide 4

Қарахандық ақсүйектері арасындағы тақ таластардың нәтижесінде 1042 жылы мемлекет Батыс және Шығыс Қарахан мемлекеті болып екіге бөлінеді. ХІІ ғ. екінші жартысында Батыс қағандығының билігі қарақытайлар қолына көшеді. 1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңілуімен Қарахан мемлекетінің тарихы аяқталады.

Батыс хандығы. Орталығы - Бұхар қаласы

Шығыс хандығы. Орталығы - Баласағұн қаласы

Slide 5

Қарахан кесенесі - Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан (Сатұқ Боғра хан) қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишаны Сайд Бакханов қаржыландырған.

Slide 6

Жүсіп Баласағұни

Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сатұқ Қара Боғра ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген.

Қырғыстан сомындағы Баласағұн бейнесі

Slide 7

ХІ ғасырдың бас кезіндегі Орта Азиядағы мемлекеттердің орналасуы

Slide 8

Ляо империясы жан-жақтан қыспаққа алынды . . .

Slide 9

Қарақытай мемлекеті

(1128-1213 жж. )

Қарақытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б. з. 4 ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қоластына өтеді.

1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегі чжурчжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман - жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді.

Slide 10

Қарақытай сарбаздары жорыққа аттануда . . . 12 ғасырдың ортасы бойынша салынған

1) Монғол сарбазы, 2) Найман сарбазы және 3) Қарақытай (Қидан) сарбазы кездесіп тұр. 13 ғасырдың бас кезі бойынша салынған

Slide 11

Венн диаграммасы

Орталығы - Баласағұн қаласы;

Шаруашылығы

-Көшпелі; -Жартылай көшпелі;

Мемлекет ретінде тарихтан жойылуы тұспа-тұс.

Мемлекет басшысы - “Қаған”

Отырықшы шаруашылық болды.

Мемлекет басшысы - “Гурхан”

Отырықшы шаруашылық болмады.

Қарахан мемлекеті

(942-1212 жж. )

Қарақытай мемлекеті

(1128-1213 жж. )

Slide 12

Қарахан мемлекетінің тарихы қай уақыттан басталады?

Slide 13

Назар аударғандарыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Қарахан мемлекеті (942-1212): құрылуы, саяси құрылымы және шаруашылығы мен мәдениеті
Қарахан мемлекеті (942-1212): саяси жүйесі, қоғамдық құрылымы, мәдениеті мен шаруашылығы
Қарахан мемлекеті (942-1210): құрылуы, қоғамдық-саяси құрылымы және ыдырауы
Қарахан кесенесі мен Қарахан қағанаты: тарихы, аңызы және сәулет ерекшеліктері
Қарахан мемлекеті және көне түрік жазба-мәдени ескерткіштері
Көне түркі жазба-әдеби ескерткіштері және Қарахан мемлекетінің мәдени-саяси тарихы
Көне Тараз: Қарахан дәуіріндегі тарихи-мәдени даму мен археологиялық зерттеулер
Қазақстандағы кейінгі ортағасырлық мемлекеттер: Қараханат, Қарақытай, Найман, Керей, Жалайыр және Қыпшақ хандығы
Қарахан мемлекеті (840-1210 жж.): құрылуы, еншіліктерге бөлінуі, шаруашылығы мен ыдырауы
Ұлы Жібек жолының тарихы мен Қазақстандағы мәдени-тарихи мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz