МЕНІҢ АТА - АНАМНЫҢ МАМАНДЫҒЫ
Презентация қосу
МЕНІҢ АТА-АНАМНЫҢ
МАМАНДЫҒЫ
9-11 СЫНЫПТАР
Заман табына сай
маман иесі болу
Қай істің де алға өрлеуі мамандардың біліктілігіне байланысты. Қазіргі
заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс жоғары.
Қазіргі күні жаңа мамандық бойынша жұмыс істегісі келетін әр адамның
оқуға мүмкіндігі бар. Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру
жүйесі өз деңгейінде дамуда.
Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жастарға айтарлықтай қамқорлық жасалынып
жатыр. Еліміздің болашағы – жастарды қолдау, оларға кәсіптік білім беру, еліміздің
дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосатыны даусыз. Индустриалды жобалар
кадрларымен қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды міндеттер 2010-2014 жылдарға
арналған Үдемелі Инновациялық Индустрияландыруды дамытудың Мемлекеттік
Бағдарламасында қойылған. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму ел өмірінің
дағдарыстан кейінгі кезеңіндегі басты мазмұны екендігіне тоқталған Елбасы орта
буын мамандарды дайындаудың маңыздылығын атап өткен болатын. Бұл
міндеттерді шешудің басты факторы – техникалық және кәсіптік білімнің еңбек
нарығымен тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ
КӨРІНІСТЕРІ
Бірінші көрініс
Мен дос қызыммен мамандық таңдау туралы біраз пікірлестім. Анау
анадай, мынау мынадай дегендей...
Мен кім болмайтынымды дәл айта аламын: мұғалім болмаймын, себебі
жүйкемді тоздырады, химия өндірісіне бармаймын, себебі онда улы
заттар болады, денсаулығыма зиян келеді, фабрикаға бармаймын, себебі
бірсарынды жұмыстан роботқа айналып кетемін. Менің таңдаған
мамандығымда денсаулығыма зиян келтірмейтін және қызық болу керек.
Мамандығым жан жануарлармен байланысты, жолда көп жүретін болса
екен деп ойлаймын.
Онда сен циркте істеуің керек, - деді дос қызым, ал маған қандай жұмыс
болса да бәрібір, тек ақысы көп болса болды.
Мен ойланып қалдым. Циркте істей алатын талантым бар ма? Дос
қызым дұрыс айтқан шығар, қабілетің болмаса, айлықты ойлап қойған
жөн шығар.
Қыздардың
мамандық
таңдаудағы дәлел-
себебі қандай?
Екінші көрініс
Мектеп бітірушілермен кездесуде өзара пікірталас туды. Айна- кішкентай
ғана қағілез қыз. Ол- дәрігер. Оның өз мамандығы туралы айқан әңгімесіне
сүйсінесің: Балаларға дәріні байқап беру керек. Сәл қателессең, баланы
уландырып аласың. Өзім де бір рет уланып қала жаздадым. Дәрінің
аттарын атап сайрай жөнелді.
- Сенімен сөйлесу қиын екен. Кілең латынша айтасың.
- Ол менің жұмысым ғой, - деп жымиды.
Бітірушілердің ішінде тағы бір келешек дәрігер бар еді.
Алия, сен неге тіс дәрігерлігін қаладың?
- Сәуле соны қалағасын, мен де бара салдым.
- Ұнай ма?
- Жай, біршама. Керек емес пәндерді көп оқытады екен? Айтыңызшы, тіс
дәрігеріне ағылшын тілінің қажеті қанша? Мен енді тіс техникумына
ауыспақшымын. Техник болғым келеді?
- Университеттен техникумға неге ауыспақсың?
- Көп оқығым келмейді. Емханада, практикада болған кезде техник
дәрігерден гөрі көп ақша табады екен.
ҚАЗІРГІ ЗАМАН
МАМАНДЫҚТАРЫ
Супервайзер
(Supervisor – “бақылаушы”)
Бірнеше сауда орны өкілдерін
(промоутерлер) басқарады.
Сервейер (Surveyor)
Қозғалмайтын мүліктерді
басқарушы және сараптаушы
маман.
Провизор (Pharmacist) –
Дәрі- дәрмектерді шығару, сақтау
және сату саласында жұмыс
жасайтын фармацевтика маманы.
Мерчендайзер (Merchandiser) –
Тауарды жекелеп сатуды жүзеге
асыратын маман.
Менеджер (Manager) –
Кәсіби білімі бар өнімді өндіру,
өндірісті басқару, сату және т б
жағынан кәсіби білімі бар басқарушы.
Копирайтер (Copywriter) –
Мақала, хабарлама (объявление)
жазатын маман.
Веб-дизайнер –
Веб- беттерді құратын және оларды
сайттарға біріктіретін интернет-
технологиялары мен дизайн
саласының маманы.
Андеррайтер (Underwriter) –
Сақтандыру маманы. Андрерайтер
сараптама жүргізіп, сақтандыру
портфелін ойластырады.
Reception/Receptionist
(reception – “қабылдау”) –
Хатшы, хатшы- ресепшенист, ресепшен.
Келушілерді және телефон хабарламаларын
қабылдайтын қызметкер.
Ивент-менеджер (Event Manager) –
Корпоративті шараларды ұйымдастыратын
қызметкер;
Мерекелік шараларды және шағын акцияларды
ұйымдастыратын менеджер.
Мамандыққа
бейімділікті
анықтау
Қандай кәсіп иесі
болғанда
елге пайдам тиеді?
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz