Қазақ тілі оқушы саны




Презентация қосу
Аудандық семинарда оқытылған

баяндама
« Қазақ тілі сабақтарында тиімді әдістерді қолдану арқылы МАБ және ҰБТ дайындықтарын
арттыру »

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұгалімі : Мырзабекқызы жанар
2009-2010 оқу жылы
Оқушылардың қазақ тілі сабағына деген
қызығушылықтарын арттыру арқылы МАБ және
ҰБТ дайындықтарына тиімді әдістерді қолдану

Қазақстан Республикасы егемендікке ие болып, өзін тәуелсіз мемлекет
ретінде бүкіл әлемге танытып отырған тұста, ХХІ ғасырдың жаңа бітім-болмысы
мен талабына сай келетін жан-жақты жетілген жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуге
күш-жігерлерін жұмылдыру әрбір ұстаздың, және тұлғаның, бүкіл қоғамның өзекті
міндетіне айналуы тиіс. Ал мұны жүзеге асыратын бірден-бір ұлағатты орта –
мектеп десек, онда осы оқу орындарын жан-жақты кемелдеген, бойларына
парасаттылық пен білімдарлықты дарытқан ұстаздар.
Қазақстан Республикасының «Тілдерді дамытудың 2001-2011 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдармаларының негізгі талабы- мемлекеттік тілді
оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек».
Орыс мектептерінде өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты- оқушылардың
сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты
жазуға үйрету, сөйлем құрлысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз
ішінен ажырата білуге үйрету.
Қазіргі заманда, мемлекеттік тілге деген талап өсті. 9-шы сынып оқушылары
МАБ тапсырады.
Осы МАБ-да жоғары көрсеткіштер алу үшін, оқушылардың білім деңгейін көрсету
үшін сабақта тиімді әдістер қолдану керек.барысында көрнекіліктер дұрыс
пайдаланылса, оқушылар сабаққа саналы және белсенді түрде қатысады, алған
білім де берік болады. Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта
жаңа технологияларды қолдана білу керек.
«Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен
шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір- бірімен тығыз байланысты.
Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістері-мен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық
әдістеріде жиі қолданылады.
Мысалы: қалыптасқан әдістер:
а) сұрақ-жауап;
б) суретті немесе көрнекілікті пайдалану;
в) аударма
г) сөйлем және сөзді толықтыру;
д) мәтін бойынша әңгімелесу;
е) тест сауалдарымен жұмыс;
ж) мақал- мәтелдер жарысы;
з) өлең, тақпақтар жарысы т.б.
Жаңама жаңғыртып оқыту әдісі
а) пікірсайыс (дебат) әдісі
б) коммуникативтік әдісі
в) драматизация әдісі
г) іскерлік әдіс
д) видео (бейне) арқылы сабақ беру әдісі
е) жобалы сабақ өту әдісі
ж) саралап оқыту әдісі т.б.
Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану- бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да біздің мектептің
мұғалімдері үнемі ізденіс үстінде. Олар заман талабына сай, оқушылардың білімін тереңдету үшін, тілге деген
қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуде, әр сабақта олар тест сауалдарымен жұмыс істейді. Себебі, МАБ-ы кезінде
жоғары көрсеткіштер беру үшін, әрі оқушыларды жақсы дайындау үшін бұл әдістің пайдасы зор. Сонымен қатар өткен
лексикалық және грамматикалық тақырыптарды бекіту үшін де тиімді. Жоғарыда айтылғандай әр технология мұғалімдердің
шығармашылықпен жұмыс істеп, жаңалықтарды дер кезінде қабылдап, өңдеп, оны өз ісінде тиімді қолдана білуін айырықша
талап етеді.
Қазақ тілі сабағында жаңа технологияның
элементтерін қолдану

«Инновация » деген сөз- латынның «novus» жаналық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан ,
ал оның қазақша аудармасы «жанару, жаналық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
Т. И. Шамова, П. И. Третьяковалардың енбегінде «Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды
ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз- тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни
инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды,
ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын
құбылысты түсінеміз» делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі
анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі.
Зерттеулер бойынша , «инновация» - педагогикалық категорияға жатады және мектептегі
құбылысқа тың жаңалық : жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын әдіс- тәсілдерді оқу және тәрбие
жұмыстарына енгізу болып табылады.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру
мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Техникалық прогресс пен ғылыми
ақпарат көлемнің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие
орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау, мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен
тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың
сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін
инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Білім берудегі инновациялар – қоғамның тұрақты өзгеріп отыратын
мұқтаждықтарына сәйкес оның дамуының қажетті және табиғи шарты. Бір
жағынан құндылықтардың сақталуына ықпал етсе, екінші жағынан, олар
барлық екі нәрседен бас тартып, әлеуметтік қайта жасалымдардың негізін
өздері алады. Осыдан келіп, оқу үрдісін қазіргі деңгейде жүргізуге
талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды.
Инновациялық іс-әрекет – дәстүрлі іс-әрекеттен түбірлі түрде ерекшеленіп
тұратын индивид қызметінің негізгі түрлерінің бірі. Ол барлық уақытта қарама-
қайшылықтар болған жағдайда іске асырылады.
Білім берудегі инновациялар арнайы жобаланған, әзірленген немесе
педагогикалық бастама ретінде кездейсоқ ашылған жаңалықтар болып
табылады.
Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру
мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып
отыр. Технология мен әдіс-тәсілдің ара-жігін ажырату да қарапайым мұғалім
үшін кейде қиын болып жатады.
Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М.Махановтың Дьяченконың оқытудың
ұжымдық тәсілі, сондай-ақ , профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына
негізделгенжаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы мектептерде қолданып отыр. Егер осы
жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясыноқу- тәрбие үрдісіне оқытудың
жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетінболсақ , онда білімді демократияландыруға және
ізгілендіруге оқыту сапасын арттыруға; басқару сапасын жетілдіруге; оқушылардың дамуына бақылау
жасауға; соған сәйкес бағалауға болатыны ғылыми негізде дәлелденіп отырғаны ақиқат.Мектептерде
жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік жатқан қазіргі тәжірибелік – сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша
оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В. Занков, Д. Б.
Элконин, В.В Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір- бірімен тығыз байланыстыәрі
мынадай ұстанымдардан құралады.
1. Жоғары деңгейдегі қиындықты оқыту.
2. Теориялық білімнің жетекші ролі.
3. Оқу материалын жетелдете оқыту.
4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
Л.В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін- еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің
дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың
іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін
ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Оқушылардың өзіндік іздену іс- әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің
күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «оқыту
әдістемесі» деп отырғанымыз: «оқушы- мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек, мұнда
бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Бұл жерде алға
қойылатын басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен
қадір- қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету
енгізуде ғана пайдаланылады.
Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары
оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі
оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына
аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек – ақ.
Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория – Л. С. Выйготскийдің
«оқыту үрдісінде оқушының ақыл- ойының дамуы «актуальды даму аймағынан «жақын арадағы даму»
аймағына ауысуы» туралы теориясы. Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін
оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының
талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу
құралдары қажет.
Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» Заңы талаптарына сай міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады.
ҰБТ қорытындысындағы қазақ тілі пәні бойынша
Мырзабекқызы Жанардың 2009-2010 оқу жылындағы
орта балл көрсеткіштерінің
диаграммасы

Қазақ тілі
22.8
22.6
22.4
22.2
21.8
21.6 Орташа балл
21.4
21.2
ан ан ан ан қ л
ы л
оқс оқс оқс оқс лд ба
Іт ІІ
т
ІІ І
т
ІV
т
ж
ы
ды
н
ты
ры
қо
МАБ қорытындысындағы қазақ тілі пәні бойынша
МАБ қорытындысындағы қазақ тілі пәні бойынша
Мырзабекқызы Жанардың 2010-2011 оқу
Мырзабекқызы Жанардың 2010-2011 оқу
жылындағы орта балл көрсеткіштерінің
жылындағы орта балл көрсеткіштерінің
диаграммасы
диаграммасы

Қазақ тілі

оқушы саны

0
24 балл 25 балл 26 балл 27 балл 28 балл 29 балл
Мұхамбетжано Кушербаева.
в.А. А.

Диярова.А. Есенкулова.
А.
Еңсепова.Б. Бектұрғанова.
Г.

Исламов.А. Есжанов.Н.

Ұқсас жұмыстар
Күн тәртібінде
Оқушыларды қазақ тілінен басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде пайдалануға үйрету
Ықшамсабақ жаттығуын жоспарлау
ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДАУ ЖҮЙЕСІ
Халық ауыз әдебиетін оқыта отырып, оқушыларды шығармашылық өнерге баулу
Бастауыш білім тілі
Деңгейлеп оқу тапсырмаларының оқыту
Пәнге көзқарас
Білім беру мазмұнының компоненттері
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕ
Пәндер