Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы мен мұражайы: шығармашылық мұра және ұлттық құндылықтар


Slide 1

Мұқағали - мәңгілік жыр

Slide 2

Мұқағали поэзия сарайының

есігін өзі ашып еркін төрледі,

жыл асқан сайын өрледі . . .

Мұзафар Әлімбаев

Slide 3

Өскенде сәби анадан таусап қорегін,

Далада тәй-тәй саусағын жаяр көк егін.

Жерді - Анама,

Анамды Жерге теңедім.

Екеуінен де егіз ұқсастық көремін,

Slide 4

Мұқағали жастарды жақсы көрді,

жастарға сенді. Және ол үміті ақталды.

Slide 5

Мұқағали Қарасазда

ауыл мұғалімі

Мұқағали бала құрбыларымен бірге

Аға мен іні сырласқан сол бір сәттер- ай! . . .

Slide 6

Мұқағали,

Лашын және Тоқаш

Қосылған қос өзен секілденіп . . .

Slide 7

Мұқағалидің ұстазы

Мұхамеджан Абдрахманов

Slide 8

Мұқағалидің мұражайы

Slide 9

«Жалғыз үй жарбиятын жар басында» деген жыр жолдарына арқау болған

Мұқағалидың үйінің макеті

Slide 10

Мұқағали музейде емес, әрбір жүректе «өмір сүруі» керек!

Slide 11

Мұқағали мұражайының

жәдігерлері

Slide 12 Slide 13

Мұқағалидің отбасы

Slide 14

Баласы Жұлдыз

Келіні

Қарындасы

Slide 15

Келіншек - жастык, кереметсің ау, керемет!

Өлеңді жазған: Мұқағали Мақатаев

Келіншек - жастык, кереметсің ау, керемет!

Керексе, пәлі керемет кімді елемек,

Ерекше гүлде нәр алып жүрген көбелек,

Керексе болды, үй де талқан не керек.

Қызғлдақ - қыздар қауызын ашқан көктемде.

Қырандай қарап, қыздарға жанап өткенде,

Талайда - талай бозарып алма беттер де,

Талайда - талай қызарған бозай беттер де.

Қымыздық самал құйып тұрса қырлардан,

Теңселуші еді қиылып гүлдер бүр жарған,

Талықсып кетіп тамылжып тұрған нұрлардан,

Талықсып барып толастап еді бұл жалған.

Жайғасып алып, жазира жазық мақпалда,

Келіншек - жастық базарлап барып жапқанда,

Абдырар еді алыстан қарап ақ таулар,

Бар тірлік тегіс мас болып жатқан шақтарда.

Slide 16

ҮШ БАҚЫТЫМ

Өлеңді жазған: Мұқағали Мақатаев

Ең бірінші бақытым - Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей - кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

. . . Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай - ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер.

Жадыңда ұста :

Жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

Slide 17

Қайтер едік өмірге келмегенде,

Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде.

Төземіз ғой, қайтеміз төзбегенде,

Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенде . . .

Мұқағалидің өлеңдері шөлдеген жүректің сусынын қандырады. Қиялдарға қанат бітіреді, сананы сергітеді.

Slide 18 Slide 19

Зор ақындық дауыспен

сөйлей бастаған Мұқағалиға

жалт бұрылғанбыз

Slide 20

Мұқағали поэзия

сарайының есігін

өзі ашып

еркін төрледі, жыл

асқан сайын өрледі . . . Мұзафар Әлімбаев

Қазақ халқының

бір ғана Абайы болса,

Мұқағалиы да жалғыз.


Ұқсас жұмыстар
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы: поэзия, ұлттық құндылықтар және бейбітшілік
Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы: негізгі идеялар мен оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен поэзиялық мұрасы
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мұқағали Мақатаевтың Мен таулықпын және Қайырлы түн өлеңдеріндегі табиғат бейнелері мен ұлттық сана
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен әдеби мұрасы: 85 жылдық мерейтой
Мұқағали Мақатаевтың сөз мәдениеті мен Аққулар ұйықтағанда поэмасындағы экологиялық тақырып
8-сынып қазақ әдебиеті: Мұқағали Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасын талдау және дебат сабағы
Мұқағали Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасын талдауға арналған аралас сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен поэзиясы: шығармашылық және тәрбиелік аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz