Сүт майы


Slide 1

Катонқарағай ауданы Аршаты ауылы

Ат-

ер қанаты

Нығметолдинов

Бекнұр

Әділжанұлы

3-сынып оқушысы

Жетекшісі: мектеп психологі

Буленханова Жанар Рахимбаевна

КММ“Аршаты орта мектебі” 2012-2013 оқу жылы

Жылқы -

жеті қазынаның бірі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Slide 2

Мақсаты:

Қазақ халқының өміріндегі

жылқының қасиеті мен

пайдасын ашу

Slide 3

Бекнұр туралы білгіңіз келсе…

Бекнұр бір жасынан бастап ат десе желпілдеп, атқа қарай еш қорқуды білмей тәй-тәй басып жүгірді. Ал екі жасынан бастап бұзаудың үстіне міне алды.

Үйдегі бұзаудың барлығы Бекнұрға әбден үйренгені соншалық, үстіне ер салған кезде қозғалмай тып- тыныш тұра қалады.

Slide 4

Атасы Нығметдолда немересінің атқұмарлығына, малсақтығы мен еңбекқорлығына аса қатты сүйсінеді. Бекнұрдың әңгімесіне мұқият құлақ салып, өз тәжірибесінен ақыл-кеңестер айтудан еш жалықпайды.

Атаңнан бата ал балам

Арғымақ атқа мін, балам

Ақ сақалым желбіреп,

Артыңнан қарап, мен қалам.

Slide 5

Әкесі баласының қызығушылығын ескерусіз қалдырмай, қолдан жүген түйіп, қамшы өріп берді. Ал судай жаңа ерді сатып берген кездегі Бекнұрдың қуанышында шек болмай, таныстарының барлығынан сүйінші сұрап шықты. “Өмірімдегі ең бақытты күн әкемнің маған Көк қасқа жорғаны сатып берген күн” дейді. Ендігі әңгімесі “Менің көк қасқа жорғам”деп басталатын болды.

Slide 6

Мектептегі әңгімесі, мысалдары тек ат туралы. Үйіне келген кішкентай балаларға ата-анасының рұқсатынсыз-ақ «Мен саған құлын берем» деп жомарттығын көрсетіп жатады.

“Енді менде Ерсұлтан деген бауырым бар, мен оған атқа мінуді үйретем. Екеуімізде де жорға аттарымыз болады” деп жаңа ғана дүниеге келген Телжан ағасының ұлының болашағын аса сүйіспеншілікпен армандап, елестетіп қояды.

Slide 7

Бекнұр бала сияқты көп

ұйықтау дегенді білмейді.

Жаз айларында ауылдың

малын өріске шығарысып,

нағашысы мен көршілерінің

қозы-лақтарын емізісіп,

қағып алуға көмектесуді жаны сүйеді. Аршаты ауылының үлкен-кішісі Бекнұрмен малдың жайы туралы әңгімелеседі. Кімде қандай ат, кімнің биесі құлындап, қандай құлын тапқанын, тіпті кімнің жылқылырының қай үйірде жүргеніне дейін біліп жүреді. Мектепалды даярлық тобында оқып жүргенде “Мектепке атпен ғана барамын” деп үйге үнемі ат ұстады. Аттың жайын өте жақсы түсінеді. Суарып, шөп-жемін уақытымен беріп отырады.

Slide 8

Апайы Балнұр бауырының атқұмарлығына әбден үйреніп алған, ”Құлап қала ма?” деген қорқынышы болмайды.

Өте жақсы оқитын Балнұр Бекнұрдың кітап оқып үйде отырғанын қалағанымен,

атқұмарлығына лажсыз көнуге тура келді.

Slide 9

Ат құлағында ойнайтын байсалды, мейірімді, әңгімешіл, туысшыл да бауырмал бала- Бекнұр қазір үшінші сыныптың оқушысы. Сынып жетекшісі Венера Тоқтағанқызы. Сыныптастары өте тату.

Шынымды айтайын ба?

-Маған осылай қыздармен билегеннен гөрі

бұзауға мі-ні-і-п жүрген кө-ө-п ұнайды.

Slide 10

Бекнұр Әділжанұлының шығармашылық жұмысы

Slide 11

Нығметолдинов

Бекнұр

Әділжанұлы

2012-2013 оқу жылы

3-сынып оқушысы

Slide 12

Қазақ халқы үшін жылқы малы қасиетті екенін бәріміз де мойындаймыз. Ерекше көлік, таптырмас тағам, шипалы дәріні осы жылқыдан табамыз. Ендеше әрбір қазақ баласы ата-бабамыздың дәстүрін жалғастырып, жылқы малының ерекшеліктерімен толықтай танысып, оқып-білулері керек. Әсіресе ер азаматтардың «Ер-қанаты -ат» екенін естен шығармай, оны сүйіп, қадірлегеніміз жөн. Білгенімізді ортаға салып, түйгенімізді жариялай білейік ағайын.

Slide 13

Ат-ер қанаты

Асауды осылай үйретеміз

Slide 14

Жеті қазына

Жүйрік ат

Ер жігіт

Сұлу

әйел

Берен

мылтық

Жүйрік тазы

Ақыл-білім

Қыран

бүркіт

Slide 15

Бие сүтінің құрамында:

Уыздың құрамында белок пен дәрумендер 2-3 еседей көп

Май мен сүт қанты 1, 5еседей кем

Биенің алғашқы уызында2, 9-3, 4% сүт қанты табылады

Бие сүтінің құрамы мен сапасы тұрақты болмайды

Бие сүтінің құрамында су-89, 5%, құрғақ заттар 10, 5%, соның ішінде сүт майы-1, 7%, қанты-6, 5%, белоктар-2, 0, минералды заттар 0, 3%

Slide 16

Зертхана нәтижелері

Сүт белогі

Жылқы сүтіндегі ең бағалы зат-белок.

Бие сүтінде ол 18-22%

Белок-казеин, альбумин және глобулин сияқты негізгі үш түрге бөлінеді.

Сүт майы

Бие сүтінде шамамен 1, 0-2, 5% май бар, бұл сиыр сүтіндегіден екі еседен астам кем. Әдетте сүт майы- май түйіршіктерінен құралады.

Бие сүтінің тағы бір тамаша қасиеті бар. Зерттеуші П. Ю. Берлиннің деректері бойынша, сиыр сүтінің майында туберкулез бактериялары өсіп-өніп жатса, бие сүтінің майында олардың өсіп-өнуі тежеледі.

Slide 17

Сүт қанты

Тек қана сүтте кездесетін глюкоза мен галактозадан тұратын дисахарид. Сүт қанты едәуір дәмсіздеу болса да, организмдегі әртүрлі биохимиялық реакциялардың түзелуіне қажетті энергия қоры болып табылады. Бие сүтінде 6, 1-7, 4% лактоза бар.

Дәрумендер

Ағзаның тіршілік етуіне аса қажетті заттар екендігі белгілі. Бұлар зат алмасу процесіне қатысып, биохимиялық процестерде катализатор ролін атқарады.

Slide 18

А дәрумені зат алмасу және ағзаның өсіп-жетілуіне қатысады

Е-ағзада клетканың жаңарту процесіне қатысады. Сүтте басқа дәрумендермен салыстырғанда оның мөлшері өте аз болады да, кейіннен сүт өңдеуге түскенде азая түседі.

В-углевод зат алмасу процесіне және жүйке жүйесі қызметіне қатысы бар

В2-углеводтар мен белок алмасу процесіне қатысады. Бұл дәруменнің жетіспеуі көз жанарының нашарлауына әкеліп соғатыны белгілі.

РР никотин қышқылы-тотығы-тотықсыздандыру реакциясына қатысатын дәрумен.

С аскорбин қышқылы-тотығу-тотықсыздандыру реакциясына қатысатын дәрумен. Бұл дәруменнің жетіспеуі ағзаның жалпы әлсіреуіне, инфекциялық ауруларға қарсы тұру қасиетінің төмендеуіне алып келеді. Бие сүтінде адамның денсаулығына қажетті дәрумендердің барлығы бар. Әсіресе, бие сүті А мен С дәрумендеріне бай.

Slide 19

Қымызды бұзаулар мен құлындар диспепсия, қан бөлетін гастроэнтерит ауруларына шалдыққанда, балапандарға А және В дәрумендері жетіспегенде, сиырлар, биелер мен қойларда кездесетін іріңді вигинит, эндометрит, желінсау ауруына қолдануға болады.

Slide 20

Жылқы еті

Қан тамыры, жүрек қан тамыры ауруларына, бүйрек жұмысын жақсартуға, буындардың қатқылдануына ем бола алады. э

Жылқы еті жуылған суға шашты жуып тұрса, теміреткенің салдарынан болатын шаштың ағартуы тоқтайды.

Жылан шағудан сақтану үшін ерді жастанып, тоқымды төсеніп, айыл-тұрманды айналдыра қоршап қойса, жылан жоламайды.

Жылқының жүрегін қуырып жесе, ұмытшақтық бәсеңдейді.

Slide 21

Қанатты тұлпарлар елтаңбамызда

Шаңырақтың екі жағынан симметриялы орналасқан мифтік қанатты тұлпарлар бейнеленген.

Елтаңба-тұлпар тұлғасынан, мүйізі қанаты мен “тұлпар жалынан тұрады.

Тұлпардың бейнесі күштілік пен қайсарлықтың ұғымын берген.

Қанаты көпұлтты Қазақстан халқының мықты әрі жан-жақты көркейген мемлекетке айналуының бейнесі ретінде берілген.

Slide 22

Жылқы- еркіндік, бостандық символы

Тудың шығу тегі, пайда болуы жылқының құйрық қылымен байланысты.

Ертеде батырлар сәйгүліктерінің құйрығынан кесіп алып, туы мен найзасының шашағына таққан.

Бұл дерек фольклорда анық көрінеді:

Аттылы жасақ толған жер,

Ат құйрығын ту етіп,

Атойлап ұран салған жер.

---

Slide 23

Берел қорғанынан

жылқы мүрделері

табылды

Сақ көсемі мен әйелдің және ер тоқымымен жерленген 13 жылқының мүрдесі табылды. 25 ғасыр жер қойнауында жатқан аттардың терісі бүлінбей сақталған, тістердің арасына қыстырылған шөптердің қалдығы жануарлар жаңа өлтірілгендей әсер қалдырды.

Slide 24 Slide 25

Жылқы қазақтың әдеттік құқығында дау-дамайды-шешуші, шешілген дауды бекітуші құрал

Қазақтың бүкіл жер дауы, жесір дауы, қылмыстың көптеген түрлері жылқы арқылы шешілген. Дау-дамай басқа мал түрлерімен шешілсе де, айналып келгенде жылқыға бағаланған.

Мысалы:1түйе-4 жылқы,

1жылқы-5 қойға, 10ешкіге,

1бұзаулы сиырға тең.

Slide 26

Жылқы және әскери өнер

Халық ауыз әдебиетінде жылқы- тарихи кейіпкер ретінде көрінеді.

Алпамыстың Байшұбары; Қобыландының

Тайбурылы; Ер Тарғынның Тарланы;

Қамбардың Қарақасқасы, т. б

Slide 27

Бала күннен тартып мінсең ат жалын,

Онда сенің көкірегің от жалын

Төлеген Айбергенов

Ертеде 7-8 жастағы баланы жылқышылардың қасына апарып тастайды. Қоста, әке-шешесінен алыста, бала өз бетімен күнелтуге, қалың жылқыны қайырып-бағып, құрық салу, шалма тастау, асар ұстау сияқты шабандоздық өнердің

қыр-сырларын көріп,

шыңдалады.

Slide 28

Жылқы

неке, отбасы қатынасында

Күйеу баланың атын қайын -жұртына келіп-кетіп жүргенде балдыздары аямай мінетін болған. “ Күйеу атымен күл тасы” деген мақал содан қалса керек.

Қыз келін болып түскенде,

басына аттың жүгенін кигізіп,

төрді бір рет айландырады.

Бұл-келін жүгенсіз кетпесін,

инабатты болсын деген ырым.

Slide 29

Тарихи тұлғалардың тұлпарлары

Абылайдың алшаңбозы мен Құлашасы;

Қабанбайдың Қубасы;

Бөгенбайдың Нарқызылы;

Кенесарының Кертайлағы;

Наурызбайдың Ақауызы;

Исатайдың Ақтабаны;

Махамбеттің Тарланы

Slide 30

Жылқы

адам қайтыс болғанда, жерлеуде этномәдени қызмет атқарады

Марқұмды бейітке дейін апаратын табытты ағаш ат дейді.

Марқұмды жерлеп болған соң үстіне үйілген топырақты ат бесік деп атайды.

Slide 31

Қосымша деректер

Бүйі шаққанда уытты қайтару үшін жылқыны қатты терлетіп, ер -тоқымының астына сіңген терді суға жуып, шығарып алады да, денесі күйіп-жанып жатқан адамға бір кесесін ішкізеді. Осындай тәсілмен жасалған бірнеше кесе судан кейін дене қызуы қайтып, науқас адам тынышталады.

Кейбір емшілердің айтуынша, аттың терін жыланның аузына тамызса, ол тіл тартпай өледі екен.

Жылқы етін боршалап кептірген соң, отқа күйдіріп, қақтап жесе, іштің өтуі тоқтайды.

Жылқы сүйегін күйдіріп, талқандап,

сірке суына араластырып, тазға не

денедегі жараларға жақса, табылмайтын

ем болады.

Slide 32

Жылқы ән мен күйге ақау болған:

“Маңмаңгер”, “Ақ бақай”, “Сал торы”, “Қара жорға”сынды әндер;

“Құлжагер”, “Телқоңыр”, “Қос күрең”, “Көк дөнен”, сияқты күйлер бар.

Деректер бойынша жылқыға байланысты, жылқыға арналған 38ән, 89 күй, 4 би бар.

Slide 33

Жылқыға байланысты наным-сенімдер қазақтың рухани мәдениетінің үлкен бір қабаты.

Бесікке саларда жылқының құйрық-жалынан, кекілінен қыл жұлып бесіктің арқалығына іліп қояды. Бесікке салатын ұл болса: «Тақымыңнан тұлпар кетпесін, бәйге бермес шабандоз бол» деп ырымдайды.

Slide 34

Жылқы және рухани әлем

Жылқыға байланысты мерекелер мен ойындар


Ұқсас жұмыстар
Сары май түйіршіктерін жуу
Сары майдың органолептикалық көрсеткіштері
Тамақ өнеркәсібінің шикізатты пайдалануына қарай бөлінуі
Балық өндірісі
Балық майында
Сүтті тексеру
Кокос
Қантты заттар
Сүт консервілері
Жануарлар майы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz