Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форум


Slide 1

ЕҚЫҰ және Қазақстан

Ақтөбе облысы Шалқар қалалық №8 жалпы орта білім беретін мектептің 6 “Ә” сыныбының ашық тәрбие сағаты

Сынып жетекшісі Калдыбаева Алмажан Тлеубаевна

Slide 2

ҚАЗАҚСТАН- туған өлкем Жер көп пе сендей көркем Көрсін деп күллі әлемге, Көк туымды желбіретем

ҚАЗАҚСТАН - туған өлкем

Отанды жас-кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де,

Туып, өмір сүреміз.

Slide 3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛТАҢБАСЫ

Құт береке -шаңырақ

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген

Ел таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Мұнда да бар ерлігің,

Мұнда да бар жер үнің.

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй,

Қалықтаған жас тұлпар,

Шарықтаған таза күй.

Slide 4

Көк аспандай көкпеңбек ҚАЗАҚСТАН жалауы. Көк емес ол тектен-тек Елдің ашық қабағы. Бұлт баспасын күнімді, Тарылмасын өрісім. Биік ұстау туымды- Қасиетті борышым!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУЫ

Slide 5

Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН

Туған жердің жайқалған алқабы егін,

Биік сенің мәртебең, дарқан елім.

Пейіліндей қазақтың байтақ далам,

Сен не деген кең едің, шалқар едің.

Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,

Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.

Анасындай туған ел қамқор болып,

Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын

Әсем сазы басталған таза ағыстан,

Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.

Қадамы нық ӘЛЕМДЕ, аты айқын

Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.

Slide 6

Тәуелсіз ел - ҚАЗАҚСТАН

Slide 7

ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК және ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ - қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын және Солтүстік Американың, Еуропа мен Орталық Азияның 56 елін бріктіретін аса ірі өңірлік құрылым

Slide 8

Құрметті қазақстандықтар! ЕҚЫҰ төрағалық болу шешімі біздің бағыт-бағдарымыз бен ұстанған жолымыздың дұрыс екенін тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Мәртебелі ұйымның Саммитін өткізу - баршамызға абыройлы міндет пен ерекше жауапкершілік жүктейді және ЕҚЫҰ ХХІ ғасырдағы әлемнің көпқырлылығын танитын құрылым болуы үшін бәрін де жасайтын боламыз. Ендеше, осы жолда баршаңызға мол табыс тілеймін! Н. Ә. Назарбаев /Қазақстан халқына Жолдауынан/

Slide 9

ЕҚЫҰ негізгі міндеттері мен мақсаттары:

Қаруланудың таралуын бақылау;

Жанжалдардың алдын алу жөніндегі дипломатиялық күш- жігер

Сенімді қарым- қатынас құру және қауіпсіздік жөніндегі шаралар;

Экономикалық және экологиялық қауіпсіздік;

Адам құқығын қорғау;

Демократиялық институттарды дамыту;

Сайлаулар мониторингі;

Slide 10

ЕҚЫҰ-ның негізгі органдары: * Саммит- қатысушы елдер мемлекет және үкімет басшыларының мерзім сайын өткізілетін кездесуі *Сыртқы істер министрлерінің кеңесі *Тұрақты кеңес - жыл бойы төраға жетекшілігімен саяси кеңес өткізіліп, шешім қабылданады *Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форум *Ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы комиссар *ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институт- тар және адам құқығы жөніндегі бюросы *ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясы *БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкіл

Slide 11

ЕҚЫҰ БАСШЫЛЫҒЫ Төраға- ағымдағы қызметті басқарады, ЕҚЫҰ жұмысын үйлестіреді, ұйымнан өкілдік етеді, әр мәселені бақылайды, шешуге ықпал етеді Бас хатшы-хатшылыққа жетекшілік етеді. Министрлер кеңесімен 3 жыл мерзімге тағайындалады.

ЕҚЫҰ-ның ресми тілдері:

Ағылшын, неміс,

испан, француз,

итальян, орыс

Slide 12

Барлық қатысушы мемелекеттер теңдей мәртебеге ие. Шешімдер консенсустық негізде қабылданады. Ұйым штаты басшылық органдарда жұмыс жасайтын 370-тей адамнан, 3500 далалық миссионерлерден тұрады.

Slide 13

ЕҚЫҰ саммиттері: 1975- Хельсинки 1977-78 Белград 1980-83 Стокгольм 1986- Вена 1990- Париж 1992-Хельсинки 1994- Будапешт 1996- Лиссабон 1999- Стамбул

2010- Астана

Slide 14

Тарих сахнасына қадам басқан 2010 жылдың алғашқы парақтары ашылды. Еліміз үшін бұл жылдың жауапкершілік салмағы зор . Ең алдымен, Қазақстан бұл жылы халықаралық беделді ұйым - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық ету қызметін бастады. Өткен жылғы желтоқсанның 1-2- сі күндері Афиныда өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің 17-ші отырысында осы ұйымға төрағалық етіп келген грек тарапы Қазақстанға ЕҚЫҰ төрағалығын ресми түрде тапсырды.

Slide 15

ҚАЗАҚСТАН ЕҚЫҰ төрағалығына ТМД елдерінен және мұсылман жұртының арасынан алғаш рет Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы, сарабдал басшылығының арқасында қол жеткізді

Slide 16

Сенім- бір-бірімізге деген аса қажетті сенімді білдіреді.

Дәстүр- ЕҚЫҰ-ның негізгі қағидаттары мен

құндылықтарынан тұрады

Транспаренттік- барынша ашықтықпен қауіп-қатерлерді

еңсеруде ынтымақтастыққа ұмтылу

Төзімділік- әлемде барған сайын маңызы артып

отырған мәдениеттер мен өркениеттер

арасындағы үнқатысуды нығайту жөніндегі

жаһандық трендтің көрініс табуы.

Slide 17

Қазақстан Астанасына ЕҚЫҰ- ға мүше 56 мемлекет 12 серіктес елдің басшылар мен үкімет жетекшілері, 69 халықаралық ұйым жетекшілері, 500 -ге тарта үкіметтік емес ұйым өкілдері 1000- нан аса журналистер келді.

Slide 18

Тарихи шешім -ҚАЗАҚСТАНДЫҚ табыстардың абыройлы айғағы


Ұқсас жұмыстар
Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық ұйымы
ЕҚЫҰ құрылымы жөніндегі ассамблеясы
ЕҚЫҰ БАСШЫЛЫҒЫ
Еуропадағы қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан
Қазақстанның ЕҚЫҰ - дағы төрағалығы
Қатысушы аймақтар
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы
Халықаралық қатынастар мазмұны
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы дипломатиялық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz