Мұғалжар тауы



Қазақстанның 9 физгеографиялық аймақтары


Орал тауының физгеографиялық аймағы.

Сабақтың мақсаты
Орал физикалық-географиялық аймақтың негізгі ерекшелігі мен оған кіретін негізгі таулар мен бастау алатын өзендерді анықтау. Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, қызмет көрсету саласына үйрету және пәнге деген қызығушылығын арттыру, тапсырмалар беріп, оқушылардың даму қабілетін дамыту.

І. Орал тауына физгеографиялық сипаттама
1. 1. Географиялық орны
Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі - Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м) . Тау Орал тауының жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерімен мүжіліп, аласарған таулардың қатарына жатады.

Орал тау жүйесі
1. 2. Жер бедері мен геологиялық құрылысы
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр. Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке.
Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы саналады. Таудың бұл бөлігі порфирит, кварцит, девонның кристалды тақтатасы, әктас, карбон мен пермнің құмтастары сияқты жыныстардан түзілген.

Пайдалы қазбалары
никель
хромит
кобальт
мыс


1. 4. Климаты
Климаты құрғақ, континенталды, өзімен іргелес Жазықтарға ұқсайды. Дегенмен аласа болғанымен тау жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын 1°-2°С-ка болса да салқындатып тұрады. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм. Жазы ыстық, кейде 38°С -қа дейін көтеріледі. Қысы боранды, аязды, кейде -40°С-қа дейін төмендейді. Мұғалжар тауынан соғатын суық жел бар, кейде ол дауылға ұласады.

1. 6. Өсімдіктері мен жануарлары
Мұғалжардың батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі.

Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан түрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі

Орал тауының бөліктері

Орал алды(Жем) үстірті
Орал алды үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының аралығын қамтиды. Үстірттің абсолюттік орташа биіктігі 100 м-ден 300 м-ге жуық. Жем, Қайнар, Сағыз, Ойыл, Елек, Ор, Сарықобда, Үлкенқобда, Бұлдырты, Өлеңті өзендері басын осы жерден алады.

Мұғалжар тауы
Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтөбе облысы аумағында Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері - Үлкен Боқтыбай тауы (657 м) .

Ақтолағай қырқасы
Орал алды үстіртінің оңтүстік-батысындағы қырқалы тау сілемі. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінде орналасқан. Сағыз бен Жем өзендері аралығында солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай 90 км-ге созылып жатыр, ені 5 - 10 км, ең биік жері - Қияқты тауы (217 м) . Каспий маңы ойпатымен жапсарласып, Жем өзенінің оң жағалауында жатыр.


Жайық өзені -
Оңтүстік Орал тауы және Каспий ойпаты, Ресей Федерациясының және Батыс Қазақстан, Атырау облыстары жерінен ағып, Атырау қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км2, Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км.

Жем(Ембі)
Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе және Атырау облыстары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 712 км, су жиналатын алабы 40 мың км²-ге жуық. Жем Мұғалжар тауының 365 метрлік оңтүстік-батыс беткейінен басталады. Каспий ойпатының шығысын бойлай ағады. Каспий теңізіне жетпей тартылып қалады. Негізінен қар суымен толығады

Қайнар
Жем алабындағы өзен. Атырау обл-ның Жылыой ауд. жерімен ағып өтеді. Ошан тауының солт. етегіндегі бұлақтан бастау алады. Ұз. 144 км, су жиналатын алабы 3160 км2. Арнасы тік жарлы.
Негізінен еріген қар және жер асты суларымен толығады. Өзенге ұз. 10 км-ден аспайтын бірнеше кішігірім салалары қосылады. Көктемде ағыны 7 - 10 күндей үзіліссіз болады. Суы ащы. Кей жылдары өзен суы тартылып қалады.

Ойыл
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz