2 санына кестелік көбейту және бөлу: үй салу тақырыбындағы алгоритмдік қайталау сабақ жоспары (2-сынып)


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

№75 мектеп-гимназиясы

2-ге көбейту және бөлу

ШЫМКЕНТ

Бастауыш сынып мұғалімі: Орынбаева З

Slide 2

Сабақтың мақсаты:Білімділігі: оқушыларды 2 санына кестелік көбейту және бөлу білімдері мен біліктерін тиянақтау.

Дамутышылығы: оқушылардың математикалық білімі арқылы интеллектісін дамыту:есептеу машықтарын жетілдіру; өздіктерінен жұмыс істеу, жеке топтық жұмыста шапшандылық танытуға машықтандыру.

Тәрбиелігі: өзін-өзі басқаруға, ұжымдалыққа, белсенділікке тәрбиелеу. Жауапкершілікті сезіне білуге үйрету.

Slide 3

Түрі: қайталау.

Әдісі: басқара отырып түсіндіру.

Көрнекіліктері: алгоритм құруға арналған кестелер, бағалау карточкалары, көңіл күй корсеткіштер, «үй» суреті.

Сабақтың барысы: 1. Алғашқы кезең.

1. Балалар зейінін сабаққа аудару.

2. сабақ түрі мен оның мақсатымен таныстыру.

3. Дәптерлерін жұмысқа даярлау

Slide 4

2. Жаңа сабақ. 1. Алгоритм дегеніміз не? (Бір нәрсені орындау үшін құрылған программаны алгоритм дейді. )

2. Біз бүгін үй салу алгоритмін құрамыз. (Қазіргі кездегі үй салудың маңызы, қаламыздағы салынып жатқан үйлер, ипотека. ) Үйіміз дұрыс, әдемі болып салынуы үшін әрбір алгоритм бойынша тапсырмаларды орындауымыз керек.

Slide 5

1-алгоритм. Құрылыс материалдарын сатып алу.

Арифметикалық диктант:

2*2=4 10*2=20 90*1=90 8*0=0

1*2=2 100*2=200 7*1=7 0*800=0

Slide 6

2-алгоритм. Фундамент құю. Оқулықтағы №1 тапсырманы орындау. Есеп шығару өзіндік алгоритмі бар. Соны пайдаланып берілген есептерді шығарайық, шартын, жауабын, шешуін салыстырайық.

Есеп шығару алгоритмі: 1. Есеппен танысу.

2. Есептің не туралы екенін анықтау.

3. Белгілі, белгісізін анықтау.

4. Есептің шарты мен сұрағын ажырату.

5. Дәптерге шартын жазу.

6. Есепті шешу.

7. Жауабын жазу.

Дархан-16 ұпай. Дархан-16 ұпай

Дәурен-?2 есе кем Дәурен-?2<

16:2=8 Ж: 8 ұпай 16-2=14 Ж: 14 ұпай

Оқушылар есептерді шешіп болғаннан кейін салыстыру жұмысын жүргізеді.

Slide 7

3- алгоритм. Қабырғасын қалау. (Оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеру мақсатында орындалады. )

Әр топқа қарапайым алгоритм құрғызу;

Картопты пісіру алгоритмі

Ертеңгі іс-әрекеттің алгоритмі.

Сурет салу алгоритмі.

Slide 8

4-алгоритм. Шатырын көтеру. Оқулықтағы №4 тапсырма.

Алгоритм бойынша амалдарды орындау.

(37-30) *2=14 3*2(2+0) =6 (25-15) *2=20

8:(17-13) =2 (7-0) *2-14 (12+17) :1=19

Slide 9

5-алгоритм. Есік, терезелерін орнату. Өрнек құру. Балалар өз бетімен өрнек құрастырады. Құрылған өрнекті ауызша оқып тексерді. А) 0, 1, 2, 3, 4. А*2

Slide 10

Сабақты қорыту, бекіту.

Әрбір алгоритмге шолу жұмыстары жүргізіледі. Сурет бойынша салынған үйді тамшалау. Енді осы үйдің кілтін кімге береміз?

Slide 11

Үйге тапсырма.

Үйге берілген тапсырманы дұрыс, толық, әдемі орындап келген оқушыға осы үйдің кілті беріледі. Үйге : №5 47 бет.

Бағалау.

Әрбір дұрыс жауап, орындаған тапсырмасы үшін оқушыларға фишка үлестірілген. Солар бойынша оқушылар білімін бағалау.

Slide 12

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
2-б сынып қазақ тілі: Сан есімдерді қайталау сабақ жоспары
2-сынып қазақ тілі: Жұрнақ тақырыбы бойынша сабақ жоспары
2-сынып Қазақ тілі: Сан есім - сабақ жоспары мен жаттығулар
2-сынып әдебиеттік оқу сабақ жоспары: Жүсіпбек Аймауытов Құштарлық шығармасы
2-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: дауысты және дауыссыз дыбыстардың түрлері
2-сынып математика: 7 санын қосу және азайту - сабақ жоспары
2-сынып дүниетану пәні: Жануарлардың жем аулау тәсілдері сабақ жоспары
Су еріткіш: 2-сынып дүниетану пәні бойынша сарамандық сабақ жоспары
1-2 сынып математикасы: қосу-алу және логикалық тапсырмаларға арналған сабақ жоспары
2-сынып ана тілі: Ыбырай Алтынсариннің Салақтық әңгімесі бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz