PISA - оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы
Презентация қосу
PISA – оқушылардың
білімі мен біліктілігін
бағалаудың халықаралық
бағдарламасы
Мақсаты:
Әлемдік деңгейде
салыстырылатын әр
мемлекеттің оқыту
нәтижелері жөніндегі сенімді
мәліметтерді алу, саралау
Міндеті:
• Білім беру саласындағы әлемдік
басымдықтарды сипаттайтын зерттеу
құралдарының негізінде обьективті
өлшеулер арқылы алынған айқын
нәтижелерді талдау болып табылады.
Тарихи анықтама
• Қазақстанның PISA бағдарламасына қатысу қажеттігі мәселесі
алғаш рет 2001-2004 жылдары Сорос-Қазақстан Қоры бастамасымен жүзеге
асырылған «Өзгеріп келе жатқан әлемдегі жалпы орта білім берудің ұлттық
стандартын дамыту» жоба шеңберіндегі пікірталастың тақырыбы болды.
Жоба ҚР Білім және ғылым министрлігімен серіктестікте жүзеге асырылып,
Қазақстанға жалпы орта білім берудің ұлттық стандарттарын қайта құру
саласында халықаралық сарапшылық қолдау көрсетуді, сондай-ақ
қазақстандық мамандардың осы саладағы әлеуетін көтеруді көздеді. Жобаның
ең басты нәтижесі ретінде Қазақстанның «Outcome Based Education»
(Нәтижеге бағдарланған білім) тұжырымдамасын қабылдануын атап айтуға
болады. Оның негізгі мағынасы – білім алудың күтілетін нәтижелерін
жастардың саналы таңдау жасауына және қазіргі әлемде тиімді бағдар
табуына мүмкіндік беретін іргелі құзырлықтар жиынтығы ретінде мүлде
жаңа тұрғыдан түсіну. Білім беру саясатының осы бағыты «Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында» ресми түрде бекітіліп, мектепте білім берудің
12 жылдық үлгісіне көшу жағдайында Жалпы орта білім берудің ұлттық
стандартын әзірлеудің тұжырымдамалық шеңберін айқындады.
PISA жобасы: осы бағалауға
бастамашы болған кім?
• PISA жобасы ЭЫДҰ мүше елдерінің бірлескен күш-
қуатымен 1997 жылы 15 жасар оқушылардың білімі мен
машықтарын халықаралық деңгейде бағалау үшін әзірленген
болатын. Осы бағалауға негізінен жұмыс берушілер
бастамашы болды. PISA бағдарламасы міндетті білім алуды
аяқтаудың алдында тұрған оқушылардың қоғамның
толыққанды мүшесі болу үшін қажетті белгілі бір білім мен
машықтар жиынтығын қаншалықты жақсы меңгергенін
бағалауды көздейді. Басқаша айтқанда, оқушылардың ересек
өмірге араласуға дайындық дәрежесі бағаланады.
Елдердің осындай зерттеулерге қатысуы неліктен маңызды?
• Бүгінгі әлемде өзін ауқымды халықаралық контексте көрместен,
білім беру саясатын әзірлеу аса қиын. Оның үстіне бұл білім беру
реформаларын әзірлеушілерге жұмыс берушілердің, ата-аналардың,
оқушылардың, тұтастай қоғамның, яғни білім беру қызметтерін
пайдаланатын және салық төлейтін барлық адамдардың тарапынан
қойылатын міндетті шартқа айналып келеді. Осындай зерттеулердің
нәтижелері әдетте қоғамда кеңінен талқыланады және ел ішіндегі білім
беру саясатын қалыптастыруға тікелей ықпал етеді. Мысалы, атап
айтсақ, Ресей мен Қырғызстандағы мектеп оқушыларын тексеру
нәтижелері қоғам мен кәсіпқой ортада үлкен назарға ие болып, оқытудың
мазмұны мен әдістері туралы дәстүрлі түрде қалыптасқан түсініктерді
елеулі тұрғыдан қайта қарау қажеттігі туралы мәселені күн тәртібіне
шығарды. Осы елдердің халықаралық зерттеулерге қатысуының маңызды
нәтижелерінің бірі сондай-ақ білім беру сапасын бағалаудың озық
құралдарын әзірлеу мен қолдану саласындағы мамандарды кәсіптік
тұрғыдан дамытудың жаңа мүмкіндіктерінің ашылуы болды.
Математикалық
сауаттылық
Оқушылардың
білім
жетістіктерін
зерттеу негізгі
үш бағыт
бойынша
жүзеге асады
Оқу Жаратылыстан
сауаттылығы у сауаттылығы
Оқу
орнының
орналасқан
жері
Ата-
Оқу аналардың
орнының әлеуметтік-
типі экономикалық
Оқушылардың жағдайы
оқу жетістіктері
мен білім алу
үрдісіне әсер
ететін факторлар
Оқушылар- Иммигранттық
дың оқыту жағдай
үрдісіне Үйде сөйлесу
қатынасы тілі
Оқыту үрдісін
ұйымдастыруме
н байланысты
факторлар,
психологиялық
жағдай
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
www.bilimstat.edu.kz
www.edu.gov.kz.
www.bnews.kz
www.baq.kz.regional
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz