Абайдың қызығы



М. Әуезов атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сағындықова Гүлшат Саламатқызы

Әдебиет сабағында оқушылардың шығармашылығын дамыту.
Тақырыбы:

Жоспар.
І. Кіріспе
Ел ертеңі - жеке тұлғаның қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру.
ІІ. Негізгі бөлім
Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушы шығармашылығын дамыту.
Қазақ әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технология элементтерін
қолданудың тиімділігі.
ІІІ. Қортынды бөлім
Шығармашылық жұмыстарды пайдаланудағы нәтижем

“Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол - келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі”.
Әл - Фараби

Оқушыларға қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері:
Оқушыларды сауаттылыққа баулу.
Теориялық білімді практикалық жұмыспен ұштастыра білуге меңгерту.
Талдау жұмыстарын меңгерту.
Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Өз бетінше жұмыс істеу қабілетін жетілдіру.
Оқушыларды ұлттық үрдісте тәрбиелеу.
Баланың білім деңгейін саралап, шығармашылық жұмысқа тарту.
Оқушыны білімге ынталандыру.
Мұғалім мен оқушының қарым - қатынасы, өзара сенім туғызу.
Оқушының жұмысына бақылау жасау, баға беру.
Әр оқушыға жеке әдіс пен амал қолдану.

Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек».
Сабақтың мақсаты: «Көксерек» оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлап талқылауға үйрету. Осы мақсатқа жету үшін пайдаланылатын стратегиялар бізді маңызды істерге бастайды:
Бір-бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қамтамасыз ету:
Оқушыларға анық та нақты мақсат қоюға мүмкіндік беру:
Повесті талқылауға белсенділікпен қатысуға үйрету:
Шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету:
Көркем шығарманың авторына деген құрмет сезімін нығайту;
Өздерінің айтқан, жазған жауаптарына толғанып ойлануын қамтамасыз ету;
Оқушыларды сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту арқылы өз ойын тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету.
Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, жануартану, экология, логика.
Көрнекіліктер: М. Әуезовке арналған буклет, портреті, сабаққа қажетті плакаттар, қасқыр туралы мақал-мәтелдер, жұмбақтар, сюжеттік суреттер.

Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды екі топқа бөлу, дауыс беруге арналған жетондарын тарату.
1. Ой шақыру (1 мин. ) .
- Балалар! Біз М. Әуезовтің көркем де ғажайып «Көксерек» повесімен оқып таныстық. Тағы бір мезет осы повесть туралы ойланып, көз алдымыздан өткізейікші. Қане, ми қыртыстарын іске қосамыз.
2. Топтастыру. (5 мин. ) .
Топтастыру - оқушыларды еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағытталған оқыту стратегиясы. Бұл - жаңа идеяларды жинақтап бір-бірімен сабақтастыру үшін қажетті құралым. Топтастыру қызықтыруды ояту үшін, повеске байланысты ой тудыруды күшейту үшін қолданылып отыр.
а) Екі топқа «Адам» және «Қасқыр» деген плакат беріледі.
ә) Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза бересіз (топтық жұмыс) .
б) Орфографиялық ережелерге мән беріңіз.
в) Берілген уақыт біткенше жаза беріңіз.
г) Топ мүшелері ойын қорытып болған соң, уақыт біткенін ескертемін.
ғ) Екі қатар да жазғанын тақтаға іледі.
д) Топ атынан шыққан оқушы өз ойларын білдіреді.

қасқыр
Бөрі
Көжал
Түнгі жортуыл
Дала санитары
Дала тағысы
Ақ
Қомағай
Ит-құс
Жыртқыш

Кубизм. (10 мин. ) .
Ол тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік беретін оқыту стратегиясы.
Кубиктің 6 жағы бар, иіреді, қай жағы түссе, сол жағының сұрағына жауап береді.
а) Суреттеп беріңіз.
ә) Салыстырыңыз.
б) Зерттеңіз.
в) Қолданыңыз.
г) Бұл туралы ойлағанда көз алдыңызға не елестейді?
ғ) Талдаңыз, қолданыңыз.
а) Көксеректің портреті.
ә) Дала қасқыры мен Көксерек.
б) Қасқыр туралы не білеміз?
в) Көксерек туралы ел адамдары не деді?
г) Құрмаштың ең соңғы ойы не болды екен?
ғ) Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадың?

КӨКСЕРЕК
Көкшіл сұр суық
шолақ құйрық көкжал
бойы тайдай
Ортақ
Арлан
Ызақор
Долы
Қасқыр
күлдіреуіштей ашқарақ
Аққасқа
Ақ сұр ақ
шаңғыл қасқыр
өте қабаған
қып-қызыл көз
бойы қасқырдан
кіші емес, алдыңғы
жағы арыстандарға
келеді
4. Венн диаграммасы.
Венн диаграммасы қабысып жатқан 3 дөңгелектен тұрады. Әуелі жеке қасиеттерін жазады да, ортаға екеуіне ортақ қасиеттерді жазады.

Еркін жауап (6-7 мин. ) .
Болжаңыз.
а) Қасқырды қолға үйретуге бола ма?
ә) Оқиғаны сіз қалай аяқтаған болар едіңіз?
б) Құрмаш өліміне кім себепті?
в) Қасқырды түгел құртып тастауға бола ма?
6. Тілдік талдау (2 мин. ) . Жұмбақ жасыру
І топқа ІІ топқа
Күш десең, күші бар, Белестен шыққан бесті ат,
Тісі десең, тісі бар. Бүкір келген желісті ат.
Торуылдап ауылды, Бейғам елді іздейді,
Түнде жортар ісі бар. Малдан күдер үзбейді.

7. Мақалмен қорыту (3 мин. ) .
Екі топ өзара қасқыр туралы мақал айтып жарысады.
Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар.
Иттің ұлығанын бөрі естімес, бөрінің ұлығанын таң естімес.
Ауыл иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді.
Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
Қасқырды сұрлығы үшін емес, ұрлығы үшін ұрамыз.
8. Бекіту сұрақтары.
1. М. Әуезовтің тұңғыш шығармасы.
2. М. Әуезовтің туған жері.
3. «Көксерек» повесінің жазылу тарихы.
4. «Көксерек» повесі нешінші жылы жазылған?
5. Повестің тақырыбы.
6. Қара ала төбеттің иесі кім?
7. Аққасқаның иесі кім?
8. Қандай шөп, өсімдік атауларын кездестірдік?
9. Жер - су атауларын ата?
10. Көксерек тұңғыш рет қашан ұлыды?
9. Үкім.
Балалар өздерінің жетондарын тиісті жәшіктерге салып, өз дауыстарын береді.
Бала Құрмаштың өліміне кім айыпты?
а) Құрмаштың өзі.
ә) Қасқыр.
б) Адамдар.

Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Әжемнің әңгімесі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: М. Әуезовтің өмірбаянымен, шығармашылығымен танысу. Оқушыларға шығарманың идеялық мазмұнын таныту.
Тәрбиелік: Шығарма арқылы адагершіліктің асыл тұтқасы - асыл әжені, сөз өнерінің құдіретін ұғындыра білген ардақты ананы сыйлап қадірлей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың әдеби сөйлеу тілін, шғырамашылық ізденісін дамыту.
Көрнекі құралдар: М. Әуезов, А. Құнанбаевтың портреті. «Абай әжесімен», «Жас Абай» суреттері, кітап «Абай елі», бейнефильм.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақ
Оқушыларға алдын ала берілген тапсырма бойынша жазушы М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық туралы оқушылар өз ізденістерін ортаға салады.

Мұхтар Әуезов
1897-1961
Мұхтар Әуезов өмірбаянына тірек сызба жасаймыз.
М. Әуезов шығармаларының ең биік шыңы - «Абай жолы» романы. Бүгін осы романның үзіндісімен танысамыз.
Сендер Абай туралы не білесіңдер?
Оған жас кезінен өлең - жыр әңгімені кім айтқан?
Абай кімнің тәрбиесінде болған?

1. Оқулықпен жұмыс.
2. Жоспар құру
Абайдың бейнесі
Екі дос
Абайдың қызығы
Екі қонақ

Осы жоспар арқылы 3 деңгейлі тапсырмалар беріледі.
Тапсырмалар
І
Әдебиет сөздігінен портретке анықтама беру. Жас Абайдың кескін- келбетін жазушы қалай суреттеген? Мұқият қараңдар, оның портретінде қандай өзгеріс болған, ол ненің әсері?
Әңгімеден Абайдың кескін - келбетін тауып, өз бетінше оқып, түсіну керек.
74- беттен мәтінді оқы. Сұраққа жауап бер:
Биыл Абай неше жасқа толды?
Денесі, бойы қандай?
Беті, шашы қандай еді?

ІІ
Абайдың ендігі ермегі нелер, досы кімдер? Абайдың қарт әжесі Зере өз анасы Ұлжан қандай абзал қасиеттерімен көрінеді? Суретке қарап, суретші қарт әже Зеренің мейірімділігін, жас Абайдың ынта- ықыласын, көрсете білді ме?
74-75 беттен оқып, мазмұнын айту. Әңгіме? Әңгімеші деген кім?
74-75 б. Оқу Сұраққа жауап бер:
«Басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты. . » Олар кімдер?
Абай биыл нені бағалады?
Әжесі қандай әңгімеші еді?
Абай ауырғанда, әжесінен не сұраған?

ІІІ
Шеше - ана туралы мақалдарды еске алыңдар? Қазақ ертегілерін, әңгімелерін, жырларын қисса- дастандарын Абайға кім айтқан?
Мәтін бойынша жұмыс (75-76 б. ) Абай әжесінен ертегі айтып беруді қалай өтінді? (оқы) Ертегілердің атын дәптерге жазып ал.
Сұраққа жауап бер:
Абай әжесінен қандай ертегілерді тыңдады?
IV
Барлас ақынның портретін тауып, оқу (77-б) . Барлас ақынның алғаш жырлағаны қай жыр, оны Абай қандай сезіммен қабылдады?
76-77 б. Барлас ақын қандай жырды жырлады «Жыр», «Жыршы» деген сөзді түсіндіру.
Сұраққа жауап бер:
Абай ауылына кімдер келді?
Қонақтарды Ұлжан қалай қарсы алды?
Ақын деген кім?
V
Ертеде ақындарды қалай қарсы алған?
Абайдың қарт әжесі Зере, анасы Ұлжан қандай рухани азық берді және нелерді білуіне жәрдем өтті?
Әңгіменің тақырыбы, иедясы неде?
Сұраққа жауап бер:
Ұлжан қонақтарды неге жібергісі келмеді?
Абай шешесіне ризалыңын қалай көрсетті?

Бала Абайлдың кескін - келбетін жазу
Бала Абайдың рухани байлығы
Қорытынды жасалады. Тірек сызба толықтыру крек. Абайдың портреті

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz