Ұлттық ою-өрнектер: түрлері, мағыналары және қолданылуы


Slide 1

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою - өрнектермен танысу. Сабақтың мақсаты: Ою-өрнектер туралы түсінік беру, жұмыстың орындалу тәсілін, жапсырмалау тәсілін үйрету. Оқушыларға теориялық білім бере отырып, өнерге деген құштарлығын, шығармашылық қабілетін, көркемдік шеберлігін, дүниетанымын дамыту, ұқыптылыққа, іскерлікке, үнемділікке, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Slide 2

Өлең тыңдау

Slide 3

Өлең не жайында?

1. Оюдың қандай түрлерін білесіңдер?

2. Ою қандай бұйымдарға салынады?

Slide 4

Ою-өрнектердің түрлері

Slide 5

Сыңар мүйіз - кең тараған ою - өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім-кешектердің жиегіне істетіледі.

Қошқар мүйіз - қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, клем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.

Түйе табан - түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады.

Жан-жануарлар тектес ою-өрнек

Қос қанатты - құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.

Slide 6

Гүл (жауқазын) - барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек.

Көбелек - қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Шай дорбаға, аяққаптарға істетіледі.

Өсімдік тектес ою-өрнек

Slide 7

Ғарыштық ою - өрнектер

Жұлдыз - аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.

Slide 8

Геометриялық ою - өрнектер

Ботакөз - сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек

Қарға тұяқ - қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек. Алаша, кілем тоқуда пайдаланылады

Тұмарша - үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек. Бұйымдардың жиектерін, ортасын көмкеруде кездеседі.

Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.

Slide 9

Галереяға саяхат

Slide 10 Slide 11

Қыздардың тақиялары

Ер кісілердің тақиялары.

Slide 12 Slide 13

Қауіпсіздік ережесі

Қайшы, ине, үтікпен жұмыс істеу кезінде:

Қайшыны біреуге бергенде сап жағын қаратып беру керек.

Инені арнайы жастықшаларға немесе қорапшада сақтау керек.

Инені ауызға салмау керек.

Үтікпен жұмыс істегенде оның білік бауының қызған табанға тимеуін қадағалау керек.

Ыстық үтікті саусақпен тексеруге болмайды.

Slide 14

Практикалық жұмыс

Slide 15

Үй тапсырмасы

Орыс, қырғыз, қазақ 3 ұлт өкілдерінің ұлттық киімдеріне салынған ою-өрнектерін салыстыру. Қандай ұқсастығы, қандай айырмашылықтары бар және көбінесе қандай ою-өрнек түрлерін пайдаланады?.


Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері: бұйымдарды өрнектеу және ою-өрнектің түрлері мен мағыналары
Жұмсақ бұйымдардағы ою-өрнектер: тарихи-мәдени негіздері, типологиясы және қолдану аясы
Бұйымды ұлттық ою-өрнектермен өңдеу: жапсырма, кестелеу және әшекейлеу әдістері
Қазақ ою-өрнектерінің түрлері, элементтері және бояу дәстүрі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: бейнелік мағыналары, авторлары және қолданылуы
Сырмақтың жасау әдістері, материалдары және ою-өрнектері
Жапсырмалау өнері және қазақ ою-өрнектерінің технологиясы
XPath негіздері, өрнектер мен функциялар: торап түрлері және XSLT-та қолданылуы
Оқу сапасы және студенттердің білімін бағалау: мағыналары, бақылау түрлері және алты қағида
Аяққап дайындау: негізі, ою-өрнек және тігіс әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz