Шығармашылық жоба


Slide 1

“Естігенімді - ұмытамын,

көргенімді - есте сақтаймын,

өз істегенімді - меңгеремін“.

Конфуций

Slide 2

Баяндаманың тақырыбы:

Сабақ барысында жоба әрекетін қолдану арқылы оқушының білімін жетілдіру.

Slide 3

Мақсаты:

Оқушылардың алған білімдері негізінде өздігінен білімін жетілдіру, қолдануға жағдай жасау. Шығармашылық жұмыстың тақырыбын анықтау. Оқушылардың ақпарат көздерімен жұмысты ұйымдастыра алу қабілеттерін қалыптастыру.

Міндеттері:

өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру; ақпараттық

бағдарлау біліктілігін қалыптастыру;

сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушының болашақта әр

түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзін көрсете білуге

бейімдеу.

оқушының қызығушылық ынтасын дамыту;

Өзектілігі:

Баланы оқи білуге үйрету.

Баланы ойлауға үйрету.

Баланың өзін өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

Күтілетін нәтиже:

Оқушының ізденушілік, зерттеушілік және шығармашылық деңгейі бір

дәрежеде қалыптасады

Оқушы мұғалім әрекетінің әсерін толық сезінеді және бағыт-бағдарды

басшылыққа алып жүзеге асрады

Оқушылардың өз бетінше ізденуіне, зерттеуіне жол ашылады. алдына қойған

жұмыстан белгілі бір дәрежеде нәтиже шығара алады

Бір немесе бірнеше көзден ақпарат алу, алынған ақпаратқа сыни қорытнды

жасай білуі

Slide 4

ЖОБА

Ғимаратты, құрылысты салуға, кез-келген бұйымды

жасауға немесе қайта құрастыруға дайындаған

жоспар;

Қандай болмасын бір құжаттың үлгі, болжамдық

мәтіні;

Жоспар, түпкі ой;

Жоба - блашақтың затталған көрінісі;

Жобалау - болашақтың заттануы;

Жобалау - мөлшерлеу мен зерттеу;

Жобалау шектері;

Жобадағы жаңалықтар мен типтіліктер;

Жобалау және жобаны басқару;

Техникалық және әлеуметтік жобалау;

Латынша projektus - алға ұмтылған.

Slide 5

Жобалау-бағдарлау технологиясы- білімнің тиімділігі мен сапасын оқыту үрдісінде тиімді ұйымдастырумен бірге ақпараттық, зерттеулік, шығармашылық, тәжірибе-бағдарлық жобаларды сапалы түрде жасап, ақпараттық көздерді кеңінен қолдана білуден тұрады. Жалпы әлемдік педагогикада осы технология ешкімге жаңалық емес, барлық елде, әртүрлі салаларда жобалау технологиясын қолдану кең тараған.

Жобалау технологиясының негізін салушы американдық философ-педагог Джорж Дьюи. Жоба-«іс-әрекет жасау арқылы оқыту» деген ұғымды білдіреді. Жобалау-бағдарлау технологиясының негізінде оқыту моделі- бұл оқушы тұлғасына бағытталған, жоспарланған оқытудың түрі. Әрине бұл модель оқушы тұлғасының болашағына, өмірден алған тәжірибесі мен мәселелердің сабақтастығына бағытталған. Сондықтан болар осы технологияның «Барлығы өмірден және барлығы өмірге» деген ұраны интерактивтік, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы жобалау әдісімен таным үрдісінде зерттеулер жүргізіп, қоршаған ортаны зертхана ретінде қолданып, қорытынды шығаруға жетелейтін технология.

Slide 6

Мақсаты:

Оқушыларды өздігінен іздену-зерттеу тәжірибесіне жұмылдыру үшін қажетті жағдайларды жасау

Білім үрдісінің барлық қатысушыларын: оқушылар мен ата-аналарды, мұғалімдерді, әкімшілікті біріктіру

Жобалау әдісі бойынша оқытудың сипаттамалары

1. Өзектілік. Оқушылардың дамуын қамтамасыздандыру үшін өзектілік жинақтық жобаларға олардың белсенді түрде қатысуларына негізделеді

2. Тапсырмалар мен талаптар оқушыларды күрделі міндеттерді орындауға ынталандырады

3. Оқытудың қызықтыру сипаты. Білім беру барысында оқушылардың «оқимын» деген ішкі қалауы, маңызды жұмыс жасау қабілеті және жасалған жұмыстардың бағалануы

4. Оқытудың пәнаралық сипаты. Оқушылар өз жобаларында әртүрлі пәндермен өзара байланысқан тапсырмаларды орындауы

5. Шындығы мен растығы.

6. Өзара жұмыс жасауға ынталығы

7. Позитивтік ынта

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылардың тілге деген қызығушылығының, ынтасының артуы.

2. Жасампаз және өнерпаз тұлғаның қалыптасуы.

3. Тілдік қорының кеңеюі.

4. Еңбекті бағалай білетін тұлға.

Slide 7

Оқыту, зерттеу үрдісінде мұғалім мен оқушының рөлі неде?

Мұғалім:

мақсат, міндет қояды

оқушымен бірлесіп, мәселе қалыптастырады

идеялар ұсынады

берілген шаблон бойынша жобаны суреттейді

кеңес беруші, сарапшы, менеджер рөлін

атқарады, оқушылардың іс-әрекет жетістіктерін

және шығарған қорытындыларын бағалайды,

әртүрлі сайыстарға жобаларды ұсынады

Slide 8

Оқушы:

мәселені талқылайды

міндеттерді қалыптастырады

жоспарлайды

қажетті ақпаратты таңдап, жинайды

зерттеу әдістерін іздестіреді

өздігінен жинаған мәліметтерін талдайды

аралық қорытындыларды талқылайды

Мультимедиялық презентация, фильм,

шығармашылық есеп жасап қорғайды.

Slide 9

Жобалардың классификациясы:

оқушылар санына байланысты жоба жеке немесе

топтық болады

оқу пәні мен мазмұнына байланысты бір пәндік

немесе пәнаралық болады

қатысушылар құрамына байланысты әртүрлі

жастағы оқушылар, жалпымектептік,

мектепаралық, халықаралық болады

жоба қысқа, орта, ұзақ мерзімді болып бөлінеді

Қысқа мерзімді жобалар мерзімі- 1 апта

Орта мерзімді жобалар-1-4 апта

Ұзақ мерзімді жобалар-4 аптадан 1 жылға дейін

Технологиядағы жобаның түрлері:

Ғылыми жоба;

Шығармашылық жоба;

Ойын түріндегі жоба;

Ақпараттық жоба және т. б. түрлері бар.

Slide 10

Жоба жұмысының қорытындысы-жазбаша немесе ауызша есеп, мультимедиялық презентация, фильм, қойылым. Интернет жүйесіндегі бет, дайындалған макет, модель ретінде көрсетіледі.

Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін мәселені көре білу қажет. Мәселе деп күрделі сауалдарды, міндеттерді, зерттеу кезінде кездескен қиыншылықтардың өз шешімін табуын алуға болады.

Жобалар тақырыбы әртүрлі болады, ол мәселенің өзіндік түр-сипатын бейнелейді.

Мысалы, 2010-2011оқу жылы қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің онкүндік аясындағы өткен ашық сабақтарда оқушылар орта мерзімді жобаларды жасап, онда әр түрлі тақырыптар бойынша деректерді іздеп тауып, зерттеп, материалдарды сұрыптап, ақпарат көздерін кеңінен қолданып, шығармашылық, іскерлік, интеллектуалдық-танымдық, қарым-қатынастық бiлiктiлiгiн, әлеуметтенуге бейiмдiлiгiн, эстетикалық, рухани-адамгершiлiк құндылықтарын бойларына сіңдіріп, жоба жұмыстарының нәтижелерін мультимедиялық презентация түрінде көрсетті.

Slide 11

Сонымен, оқушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау - жобалау технологиясының негізі. Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдына әр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі іс-әрекеті, яғни сиқыршының көжекті цилинірдің астына салу үшін ұзақ мерзім көлемінде атқарған еңбегі тәріздес.

Конфуцийдің “Естігенімді - ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өзім істегенімді меңгеремін” дегені - бұл технологияның негізгі ұстанымы

Slide 12

Оқушының ізденісі арқылы

Өзін-өзі басқарады

Зерттейді

Салыстырады

Қосымша білім алады

Жан жақты білім алады

Мақсатты білім алуға ұмтылады

Талдайды

Ой түйеді

Бағалайды

Slide 13

Түзетуші

Ғылыми жетекші

Кеңесші

Жобалаушы

Бағыттаушы

Зерттеуші

Үйретуші

Бақылаушы

Мұғалім

Мұғалімнің рөлі:

Slide 14

Оқушының іс-әрекеті:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

-Оқушы-оқыту субъектісі.

-Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы.

-Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект.

-Бағыт-бағдар беруші, кеңесші.

-Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы.

-Оқушының жетістігін құптаушы.

-Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі.

-Ынталандырушы, мақсат қоюшы.

-Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға.

-Мақсаттарға жетелеуші.

Бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеттері түбегейлі өзгереді. Салыстырып көрелік:

Slide 15

Егер, оқушы жоба тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса- ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт - бағдар бере алады.

Жобалау технологиясының негізінде -оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.

Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет.

Slide 16

Жоба жұмысы кезендері

Жұмыстың мазмұны.

Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс-әрекеттері.

Оқушылардың іс-әрекеті.

1. Дайындық кезеңі

Жоба тақырыбын анықтау.

Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы әрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді.

Әр оқушы өмірлік өз тәжірбиесіне (егер ол болса), сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның түпкі мақсатын анықтайды.

2. Жоспарлау.

Топқа бөлу. Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау.

Оқушыларды өз бетімен ақпарат жинауға бағыттайды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Оқушылардың жоба бойынша күнделігін тексереді.

Топ арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап, бірінші нәтижеге жету уақытын белгілейді. «Қоғамдық» тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді.

3. Зерттеу жұмысы.

Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары: сұхбат, анкета бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау.

Оқушы күнделігін бақылап, әрбір жетекшісімен және топ мүшелерімен жеке-жеке сөйлесу, талдау, нәтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру.

Жеке және жұптық жұмыс, анкета сұрақтарын құрастыру. Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас қалыптастыру. Білімін әр пәндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашылық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады.

Slide 17

4. Нәтижені

талқылау.

Ақпаратты талдау, шешім шығару, тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау.


Ұқсас жұмыстар
Жобаның зерттеу міндеттерін кезең - кезеңмен орындау
ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР
БИОХИМИЯ ПӘНІНЕН ЖОБА ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Интернетте жоба бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыру
Нәтижені талдау Ақпаратты талдау
Бисерден гүл тоқу
Жобалау әдісі
Жобалап оқыту технологиясы
Ақпараттық жоба
Технологиялық жобалаудың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz