Масса және күш



ІV. ТАРАУ. Масса және күш
§ 30. Денелердің өзара әрекеттесуі.
§ 31. Дененің массасы

Табиғаттағы барлық денелер бір-бірімен әрекеттеседі. Әрекеттеспейтін денелер болмайды. Денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесу болып табылады. Мысалы: Мұз айдынында коньки теуіп жүрген екі баланың әрекеті. Екпіндеп жүгіріп келе жатқан бала мен ақырын жүгірген баланың қақтығысуы.

Мысалы: Мұз айдынында коньки теуіп жүрген екі баланың әрекеті. Екпіндеп жүгіріп келе жатқан бала мен ақырын жүгірген баланың қақтығысуы.

Бұтақта отырған құстың ұшып шығуы. Адам ауыр шкафты қозғалтуы.

Бұл келтірілген мысалдар денелердің бір-біріне ықпалы әрдайым өзара әрекеттік сипат алатынын көрсетеді. Денелердің өзара әрекеттесуін бақылай отырып, әрекеттесу кезінде бір денелер жылдамдығын көбірек, ал екінші біреулері тым аз өзгертеді. Мысалы: роликті коньки киіп тұрған кішірек және ересектеу екі бала әрекеттесуін қарастырамыз.


Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық шама масса деп аталады. Масса - латынның “massa” - кесек, үймек, шөкім деген сөзінен алынған. Өзара әрекет кезінде денелер өз жылдамдықтарын әр түрлі өзгертеді. Денелердің мұндай қасиетін инерттілік деп атайды.

Дененің массасы - бір дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық шама. Масса физикалық шама m әрпімен белгіленеді. ХБ жүйесінде (СИ) массаның бірлігіне килограмм (1кг) қабылданған. Өлшейтін құралы таразы. Тәжірибеде массаның басқада бірліктері пайдаланады:
1т (тонна) = 1000 кг
1ц = 100 кг
1кг =1000 г
1кг = 1 000 000 мг
1г = 0, 001 кг
1мг = 0, 001 г
1кг = 0, 01 ц
1 кг= 0, 001т


Бұл-платина мен иридийдің қоспасынан құйылып жасалған цилиндр түріндегі эталондық (үлгі) кірдің массасы. Килограмның халықаралық үлгісі Париж қаласының жанындағы Севр қаласындағы эталондар мұражайында сақтаулы.


Тест тапсырмалары
І нұсқа
1. Дененің массасы қандай әріппен
белгіленеді?
а) v ә) S б) m в) t
2. Денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі
жылдамдықтың өзгеру дәрежесін
анықтайтын физикалық шама қалай
аталады ?
а) жылдамдық ә) масса
б) жол в) орынауыстыру
3. 1кг неше граммға сәйкес келеді ?
а) 0, 001 ә) 1 б) 1000 в) 0, 01
4. Дененің массасын анықтауға арналған
құрал.
а) термометр ә) спидометр б) сызғыш
в) таразы
5. Қозғалмай тұрған массасы 30 кг үрмелі
қайықтан массасы 45 кг бала жағаға секірді.
Қайық 1, 5 м/с жылдамдыққа ие болды.
Баланың жылдамдығы қандай?
а) 2 м/с ә) 4 м/с б) 1м/с в) 3 м/с
ІІ нұсқа
1. Масса деп ….
а) Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын
физикалық шама
ә) Денелердің Жерге тартылу күші
б) Дененің тірекке немесе аспаға әсер ететін күші
в) Денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі
жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін
анықтайтын физикалық шама.
2. Халықаралық бірліктер жүйесінде массаның
өлшем бірлігі.
а) кг ә) г б) м в) т
3. 1, 45т берілген мәнді килограммен өрнекте
а) 1450 кг ә) 145кг б) 0, 145кг в) 145000кг
4. Килограммның Халық аралық үлгісі қай
қалада сақтаулы ?
а) Париж ә) Лондон б) Севр в) дұрыс жауап жоқ.
5. Өзара әсерлесу кезінде арбашалардың
жылдамдықтары v1 =20 м/с, v2 =60 м/с болып
өзгерді. Үлкен арбашаның массасы 0, 6 кг. Кіші
арбашаның массасы неге тең?
а) 0, 4 кг ә) 0, 2 кг б) 0, 06кг в) 0, 02 кг
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz