Қала мен ауылдағы көлік түрлері және көлікке міну мен түсу ережелері


Slide 1

Қала. Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері.

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларға мәтін мазмұнын таныстыра отырып қала мен ауылдағы көлік түрлері, көше тәртібі түсініктерін кеңейтіп, мағлұматтар беру, меңгерту.

Дамытушылығы: оқушыларға өз бетінше ойланып, қорытынды жасай білуге, ой-өрістерін дамыту, сөздік қорын молайту, танымдылық қабатын арттыру.

Тәрбиелігі: Әдептілікке, еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Көлікке мініп, түсу тәртібін білу.

Сабақтың түрі: Салыстыру

Әдісі: ой қозғау, қызығушылығын ояту, ой-толғаныс, ойын сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.

Көрнекілігі: көліктің суреті, бағдаршам макеті инт. тақта.

Пән аралық байланыс: ана тілі, жол ережесі

Slide 3

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру, зейінін аудару.

ә) Психологиялық дайындық.

Күй тартамыз, күмбірлі, күмбірлі

Ән айтамыз көңілді, көңілді

Би билейміз, ырғақты, ырғақты

Біз бастаймыз, сабақты, сабақты.

б) өткен сабақты еске түсіру, үй тапсырмасын сұрау.

Slide 4

Еске түсіру.

Ауыл мекемелері.

Тапсырмаға, сұрауға жауап беруге дайынсыз ба?

Алмас. Менің атамның ауылы Берген Исаханов деп аталады.

Неге олай аталған?

Ол кісі батыр. Ұлы отан соғысына қатысқан елін, жерін қорғаған батыр.

2. -Ол ауылда қандай мекемелер бар?

- Аурухана, әкімшілік, мектеп, почта, дүкендер, кітапхана.

- Ауылда мақта, пияз егеді.

3. Сенің мекен жайың қандай?

Шымкент қаласы. Тамерлан т/ж 43 14 пәтер. т. с. с.

(2-3 оқушыдан мекен жай сұрап пысықтау) яғни біз қалада тұрамыз.

Slide 5

Жаңа сабақ

а) Ой қозғау. Салыстыру.

ә) Мұғалімнің түсіндірмесі.

б) оқулықпен жұмыс.

Slide 6

Топтастыру.

Қала көліктері.

трамвай

автобус

троллейбус

велосипед

метро

такси

Slide 7

Ауыл көліктері

машина

Ат арба

ат

Есек арба

Қыста ат шана

велосипед

Slide 8

Сергіту сәті

Кәне қанат жазайық,

Қарлығаш болып ұшайық.

Ұшып, ұшып алайық

Орнымызға қонайық.

Slide 9

“Бағдаршам” ойыны

мұғ. Бағдаршамның қызыл түсін көрсетеді.

Оқушылар орнынан тік тұрады.

Тоқта!

мұғ. Бағдаршамның сары түсін көрсетіп оқушылар екі жағына қарап кезек-кезек дайындалады. Дайындал!

мұғ. Бағдаршамның жасыл түсін көрсетеді.

Жүр!

Slide 10

Пысықтау.

Жақсы: қаланың үйлері адам тұрмысына өте ыңғайлы бәрі ішінде, жуынатын бөлме, әжетхана, балкон бар, жоғарғы қабатқа лифтпен көтерлесің, от жақпайсың, паркке барасың.

Жаман: көшеде машина көп, байқамасаң қаңғырып кетеді, мекенжайын білмесең адасып қаласың, үйлерін іліп алып отырады, кең далаға шығып ойнай алмайсың.

Slide 11

Дәптермен жұмыс

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш

Әдемі етіп жазамыз

Күнде бестік аламыз

2) Дәптеріне аялдама, автобус, трамвай, троллейвус деген сөздерді жазу.

Оларға мініп түсу ережесін айту.

Slide 12

Қорытындылау

Бағалау

Үйге. Мәтінді оқу, мазмұнын айту.


Ұқсас жұмыстар
Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтенуіне ықпалы
Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үрдісіне ықпалы
Көлік жүргізу ережелері: маневрлер, сигналдар және басымдықтар тесті
Атмосфералық құбылыстар мен қауіп-қатерлер: ауыл шаруашылыққа, өндіріс пен көлікке әсері және агроклиматтық талдау
Постиндустриалдық қоғамдағы жаһандық қала феномені
Қала мен ауыл отбасыларының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үдерісіне әсері
Қазақстанның көлік инфрақұрылымы мен тасымалдау жүйесі: тарихы, құрылымы және қауіпсіздік мәселелері
Қала мен ауыл: дүниетану сабағының әдістемелік жоспары
Бағдаршам және жол белгілері: көлік түрлері мен жол қауіпсіздігі
Көлік кәсіпорындарының пайдасы мен рентабельділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz