Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық




Презентация қосу
Ер есімі- ел есінде
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Ұлы жеңісті дәріптеу, өз Отанын, Туған
жерін сүю, Туған жеріне деген
сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған
елін қорғай білуге тәрбиелеу.
2. Ұлы отан соғысында, Ауған соғысында
ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың
ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру,
үлгі-өнеге тұту.
Көрнекілік: Мәңгі алаудың макеті жасалып,
гүл шоқтары қойылған, оның тұсына әсем
безендірілген. Ерлік жайында түрлі-түсті
суреттер, мақал-мәтелдер ілінген.
«Ежелден ел тілегі-ер тілегі,
Адал ұл ер болып туса-ел тірегі» (Б.Момышұлы)

«Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса - жер ырысы».
«Ер - елдің ық жағының қаласы,
Жел жағының панасы»
«Құс ұясын қорғайды,
Адам отанын қорғайды» (Ә.Нұршайықов)
Адам тарих! Адам кешкен жолын ұқ.
Неше ұрпақ күтізбектен алындық.
Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық
Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық.
Сұрапылдан дауа таппай шерленген.
Әлем демін әрең алды шеңберден.
Ажыратып қанды қара шеңгелден.
Жарып шықты қарғыс пенен дозақты
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына
опасыздықпен шабуыл жасады. Бұл халық үшін ауыр кезең
болды. 1941 жылдың жазына дейін Германия бүкіл Батыс
Еуропаны жаулады. Жаулап алған барлық күшін Германия
өзіне қосып алды. Сондықтан фашистік әскер күші мен соғыс
техникасы барынша көбейді. Фашистік Германияның негізгі
мақсаты – Кеңес Одағын (КССРО) жаулап алу еді. Осы
мақсатын орындау үшін «Барбаросса» жоспарын жасады.
- Адамзатқа қасірет әкелген сұрапыл соғыс осылай басталып
еді.
Кеңес Одағының шекарасына Германия толық қаруланған әскерін
әкеліп, дайындық жасай бастады. Кеңестер еліне шабуылға жалпы саны
5,5 миллионға жуық жаяу әскер, 5 мыңдай әскери ұшақ , 4 мыңнан аса
танк, қару жарақ, оқ-миномент шығарылды.
Соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап-ақ жау ұшақтары кеңес
әскерлерінің маңызды орындарын жаппай бомбылады. Осы күннен
отанды қорғау соғысы басталды. Халық қолына қару алып, майданға
аттанды.
Волоколамск тас жолын қорғаған қазақстандық жауынгерлер мен
қолбасшы - офицерлер И.В.Панфилов, Б.Момышұлы, М.Ғабдулин, сияқты
ерлер бер екенін жақсы білеміз.
Суық хабар сол күні байтақ елімізге, Жер-жердегі ауылдарға тарады.
Ер-азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Қасиетті бейбіт жатқан жеріміз
құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері
қасықтай қаны, шыбықтай жаны қалғанша шайқасты.
Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 милионнан астам адамның өмірін
жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған апаттың жеңіспен
аяқталғанына 66 жыл болып отыр.
Ер есімі – ел есінде
1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы
басшыларының шағын тобы
Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов,
М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов, Н.А.Громыко
Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу
туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979
жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері
Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда
1989 жылдың ақпанына дейін соғыс
қимылдарын жүргізді. Қазақстан ауған
соғысына 22 000 адам қатысып,
олардың 761 адам қаза тапты, 21
адам хабарсыз кетті.
қ стан
Қаза
Әрқашан күн сөнбесін!
Оу, адамдар, даналар!
Соғысқа қарсы балалар.
Өркендей берсін қалалар,
Гүлдене берсін далалар.
Тыныштық керек ол үшін!

Өртенбесін туған жер,
Өркендесін туған ел
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

Ұқсас жұмыстар
Меншікті балқу жылуы формуласы
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек жайлы ақпарат
Қытай императоры
Мәдениет ұғымы
Инфрақызыл сәуле
Адамзаттың болашағы
Парасат майданы - жазушының адамзатқа бағытталған жанайқайы
Тері ішілік инъекция
Ежелгі Қытай Ежелгі Үнді Сократқа дейінгі кезең
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
Пәндер