Абай еліндегі ескерткіштер



«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы»
Мәдени мұра күні
ШҚО, Абай ауданы, Архат ауылы
C. Бекбосынов атындағы орта мектебі

Рухани және білім беру саласын дамыту
Елдің мәдени мұрасының сақталуы
Тарихи мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту
мақсаты:

Абай еліндегі ескерткіштер

Жидебайда Абайдың 150 жылдығына Абай күмбезі,
Шәкәрім күмбезі 1995 жылы салынып бітті.
Абай, Гете, Лермонтов достық аллеясы - Қарауылда.
Абайдың 125 жылдығына арналған ескерткіш және
Абай мүсіні - Қарауыл ауылында.
Шәкәрім қыстауы - Қарауылдың батысында 20 шақырым
жерде.
Шошаласы - оңтүстігінде 80 шақырым.
Көкбай зираты - медресесі - Қарауылдың оңтүстігінде 20 шақырым жерде.
Ақтамберді кесенесі - Құндызды ауылының шетінде.
Кеңгірбай кесенесі - Қарауылдың солтүстігінде 25 шақырым жерде.
Тоқтамыс батыр кесенесі - Қарауылдың солтүстігінде 9 шақырым жерде.
Мамай батыр кесенесі - Қарауылдан 36 шақырым солтүстігінде Орда елді
мекенінде.
Ұлы Отан соғысында (1941-1945 ж) қаза болғандарға арналған ескерткіш -
Қарауылда, Архатта, Құндыздыда және Қасқабұлақта.
Кеңес Одағының батыры Зәкәрия Белібаев зираты - Архат ауылында.
Ералының кесенесі - Қасқабұлақ ауылынан 15 шақырым солтүстігінде.
«Қоңыр - Әулие» қасиетті үңгірі - Тоқтамыс ауылынан 25 шақырым
солтүстігінде т. б.

Бұрын “Қазақ әдебиетінің меккесі” атанған Шыңғыстың жері, енді екі бірдей құрлыққа тыныс тіршілігіне шапағат нұрын шашып жатқандай,
яғни,
Еуразияның кең байтақ кеңістігін,
Кеудесіне жиып ап тегіс бүгін.
Жидебай -ұлылықтың ұлы анасы,
Өзгелерге береді өз ыстығын-
деп абайлық ақын Төлеген Жанғалиев дәл тауып айтқан.
Демек, Абайдай хакімді, Шәкерімдей шежірені, Мұхтардай мұхитты, Көкбай, Шәкердей көк қыранындай ақиық ақындарды тудырған Шыңғыстау жерінің қалың ел арнайы ат сабылтып келіп жататын туристік өлкеге айналуы заңды құбылыс.

“Бүгінгі күннен бастап, Абайдың ата-қонысындағы осынау қасиетті орын халықтар өмірінің тыныштық пен теңқұқықтылық, татулық жағдайында өтуі идеясын қолдайтын әрбір адам үшін рухани Меккеге айналады. ”
Ашылу салтанатында:

Ғарыштан түсіріліп, айқындалып, ЮНЕСКО шешімімен
Еуразия кіндігі Жидебайға бірнеше (қазақ, орыс, ағылшын)
тілде жазылған жазбасы бар тас белгі
Жидебай -Еуразия кіндігі.

1995 жылғы ғасыр құрылысы атанған
Абай- Шәкәрім кесене- кешенінің қазақ
тарихында алатын орыны ерекше.
Абай мен Шәкәрім кесенесі
Қарауылдан 25, Семейден 184
шақырым жердегі Жидебайда

Ұлы ақын атындағы ауданның орталығы Қарауылдан 25, Семейден 184 шақырым жердегі Жидебайда Абайдың мұражайы мен 1995 жылы ақынның 150 жылдығына орай салынған Абай, Шәкәрімнің кесенесі бар.
Ұзындығы 200, көлденеңі 100 метрлік,
биіктігі 5 метрлік тұғыр платформа үстіне
орнатылған 6 қырлы Абай мұнарасының
биіктігі 35 метр, ал 8 қырлы Шәкәрім
Мұнарасының биіктігі 31, 5 метр, тұғыры
қызыл граниттен, мұнарасы ақ мәрмәрден
Қашалып жасалынған.

Өз заманындағы исі Тобықтының көсемі, кейінгі ұрпақтарының көсемі,
сиынатын аруағы болған Би ата
(Кеңгірбай)
Ел Түркістаннан ауып келе жатқанда
Алашхан, Жошы ханның зираты тұрған Кеңгір өзенінің бойында
1735 жылы туып, 1825 жылы Шыңғыстауда қайтыс болған.
Баба кесенесін ақ тастан қашап тұрғызды.
Биіктігі 8 метрлік Кеңгірбай кесенесі
Қараулдың солтүстігінде шақырым жерде орналасқан.

Тобықты Мамай батыр Жұмағұлұлы
1702 жылы Сыр бойында дүниеге келіп, 1799 жылы қараша айының бірінші жұлдызы күні 97 жасында Хан Шыңғыстың күн шығысындағы Орда тауының бөктерінде дүниеден өткен. Батырдың жүрегі мен ішкі құрылысы осындажерленіп, асыл денесін Түркістанда Қожа Ахмет Яссауидің зәулім кесенесінің ішіндегі Ақ сарайға, Абылай мен Қаз дауысты Қазбек бидің қатарына арулап жерлеген. Мамай батыр “Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама” деп аталатын 1723 жылғы қырғын шапқыншылықта елін қорғап, ержүректігімен көзге түскені үшін Абылайдың ақ туына ие болған адам.
Баба мазарын Маңғыстаудан әкелінген
ақ тастан салу жоспарланды. Биіктігі 5 метрден астам, ені 4 метрге жуық келісті кесене Қарауылдың 36 шақырым солтүстігінде.
Орда тауының бөктеріндегі
Мамай батыр кесенесі

Архат ауылындағы Кеңес Одағының Батыры
Зәкәрия Белібаевқа арналған саябақ

Тоқтамыс Лақаұлы
Дулығалы Тоқтамыс батыр кесенесі
Қазақ қалмақ соғысының бас қаһармандарының бірі, толарсақтан қан кешкен, туған жерін ақ найзаның ұшы, білектің күшімен қорғаған даңқты шөгеліміз
1993 жылы бұрын “Қызылту” совхозы болған, қазір Тоқтамыс ауылында биіктігі 5 метр зәулім кесене Маңғыстаудың ақ тасынан орнатылды.

Айпара ана кесенесі
Жәнібек батырдың жалғыз қызы Айпара Тобықты Әнет бабаның
Ауылына ұзатылады. Айпараны Олжай батырдың баласы Айдос
алды. Одан Ырғызбай туады. Сол Ырғызбайдан Өскенбай, одан
Құнанбай, одан ұлы Абай туғанын керейлер мақтан тұтады екен.
Тарихта аты мәлім аналарымыздың бүгінгі ұрпаққа берер
ұлағаты мен танымдық шежіресі мол

Аты аңызға айналған Ақтамберді жыраудың
Құндызды өзені бойындағы төрт құлақты зираты
Ақтамберді жырау
1675 жылы Оңтүстік Қазақстанда Қаратау бойында туып, 1768 жылы Шыңғыстау баурайында қайтыс болады.
“Күлдір күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз?
Күдерінен бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екенбіз? . . .

Көкбай кесенесі
Шәкәрім ауылында 1994 жылы биіктігі 5 метрлік зәулім кесене орнатылды. Көкбай Жанатайұлы 1861 жылы Абай ауданының бұрынғы Мұқыр болысының «Тақыр» ауылында дүниеге келген.
Суырып салма ақын, ағартушы сазгер 1925 жылы ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды.

Әлмағанбет ескерткіші
Әлмағанбет Қабдысіләмұлы 1870 жылы туып, 1932 жылы осы Қарауыл ауылында дүние саған.
Ол -ғұмырының соңына дейін ұлы Абайдың әншісі, оның шығармаларын халық арасында насихаттаушы.
“Абайдың әнін мен сияқты салатын әнші жоқ, мен Әлекеңнің өзінен үйрендім ғой”, -деп мақтанады екен Қазақстанның халық әртісі Жүсіпбек Елебеков.
“ Мен Абайдың барлық әнін нақышына келтіре орындауды ұлы ұстазым Жүсіпбек Елебековтен үйрендім, -деп отырады екен Жәнібек Кәрменов.
Абайдың үш төл шәкірті:
ертегішісі -Баймағамбет,
дойбышысы -Ермағанбет,
әншісі -Әлмағамбет

Әйткеш кесенесі
Ырғызбай әулетінен 1938 жылдан бастап,
1992 жылға дейін 54 жыл бойы аяусыз қамалған адамның бірі- Әйткеш Толғанбаев.
Ол -“Қазақтың Поганиниі” атанған Еуропаны
өрісті өнерімен таң қалдырған ғажайып
скипкашы. 70 жыл ғұмырының 50 жылын
айдау мен байлауда өткізген

Ол -қазақ даласында сирек кездесетін табиғат ескерткіші. Үңгірдің ауызы тар, ішінің биіктігі 25, ұзындығы 100 метрге жуық, түбі мөлдір суға тіріледі. Кіреберісте бетін мүк басқан қалың тас
қорым жатыр
Қоңыр әулие үңгірі

Еңлік- Кебек үңгірі
Бір бірін сүйгені үшін қуғынға ұшыраған Еңлік пен Кебекті жасырған,
олардың азғана қызығының куәсі болған Үйтас. Екеуін осы тас түбінде
қолға түсіріп, Ералы бойында атпен сүйреп өлтірген.
“Бұл ұлға бұғау, қызға тұсау болған тар заманда өмір кешіп, тасбауыр, қатал билер үкімімен өлтірілген Еңлік -Кебек мекен еткен үйтас” -деп жазылған.

Ералы жазығындағы
Еңлік пен Кебекке орнатылған
ескерткіш

Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ол -әрі ақын, әрі прозаик, әрі шебер аудармашы, философ, тарихшы,
терең ойшыл тұлға
Шәкәрімнің Жидебайдағы бейіті

Шәкәрім қажының “Саят қорасы”
Барлық өмірі өткен Қарашоқы бөктері. Оның көптеген шығармалары осы таудың
бөктеріндегі қыстауда жазылған

Ауданымыздың ел ағасы болған Орал Арғынбеков бастатқан аудан халқы ақын бабаның жазықсыз
қаны төгілген Құр құдық басына мәңгілік ескерткіш қойылды. Баба мүсінін қара гавра тасына қашап салып, айналасын ақ мәрмәр таспен қоршалды.

Әкесі Әбен Меккеге барған қажы адам. Алдағыны болжайтын көріпкелдігі де бар. Шәкер туғанда “А, құдай осыны бергеніңе шүкір” дей отырып, атын Мұхаметшүкір (Шәкер) қояды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz