Қысқы киімдер




Презентация қосу
№ 51 орта мектебі

АШЫҚ САБАҚ
Адам тұлғасының
өлшемін алу
7 сынып

Орындаған: Туғанбаева Г.

Шымкент қаласы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам денесінің өлшемдерін
алуды үйрету.

Білімділік мақсаты: Оқушылардың өзіндік ізденісін
қалыптастыру, әсемдік пен сұлулықты көріп бағалай білуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: оқушының қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушының ой-өрісін дамыту.

Сабақтың түрі- Сарамандық.

Сабақтың әдісі- Аралас.

Көрнектілігі- буклеттер, схемалар, суреттер.

Пән аралық байланыс- бейнелеу, тарих
Киім ұғымы адамның жаңалыққа, өзгеріске шынайы
талпынысынан тұрады. Киімді әркім өз бетінше
таңдайды, ал таңдау барысында адам жеке талғамымен
мода ағымына сүйенеді. Мода сөзінің түп тамыры
итальян, француз тілдерінен шыққан «сән» деген
ұғымды білдіреді. Бұл іс алғаш рет ХVІІІ ғасырда
францияда пайда болды да, қоғамда киім-кешек
ұғымында қозғаушы күшті негізіне айналды. Адаммен
киімді бір-бірінен бөле жара қарауға болмайды. Адамзат
қоғамы дамыған сайын, мода да үнемі жаңарып
отырады.
Киімдер қолданылуына қарай тұрмыстық,
күнделікті, салтанатты болып бөлінеді. Киім стиліне
қарай классикалық, спорттық, фантазиялық,
фольклорлық болып түрлеріне бөлінеді.
Кешкі сәнді көйлектер
Қысқы киімдер
Классикалық сәнді киімдер
Спорттық киімдер
Киімнің өлшемін алу үшін кісінің бойы, содан кейін тігілер киімнің
фасоны ескеріледі. Өлшем алғанда сантиметрлік лентаны
пайдаланады (өлшеген кезде лентаны бос ұстауға немесе қатты
тартуға болмайды. Өлшем алардың алдында белдің ауқымын
анықтап алу керек, ол үшін шыжым жіп немесе белдік
қолданылады.Сантиметрмен өлшегенде размерді толық жазады.

Мысалы: алжапқыштың өлшем бірліктері.

Кұ - кеуденің ұзындығы. Бел сызығынан жоғары қажетті
ұзындыққа дейін.

Тбұ- төменгі бөлшек ұзындығы- бел сызығынан төмен қарай
қажетті ұзындыққа дейін.

Жба- жартылай бел айналымы.

Жбөк жартылай бөксе айналымы.
Сарамандық жұмыс
1.Қажетті жабдықтар- сантиметр, таспа, жіп, қағаз.
Орындалу реті:
Көйлек сызбасын жасау үшін өлшемдер алу

р/с Шартты белгілер Өлшем аты Өлшеу тәсілдері
1 Мой ЖО Мойынның жартылай орамы Мойын тұғыры бойынша жетінші
мойын омыртқасы және алдыңғы
күретамыр ойдымы арқылы
2 КЖоІ Кеуденің жартылай ормаы Артқы жағынан –жауырын бойынша
(бірінші) көлденеңінен қолтық ойдымы
бұрыштары деңгейінде, алдыңғы
жағынан кеуде безінен жоғары
3 КЖоІІ Белдің жартылай орамы Артқы жақтан КЖоІ сияқты, алдыңғы
(екінші) жақтан –кеуде бездерінің шығыңқы
нүктелері арқылы
4 БЖо Белдің жартылай орамы Бел сызығындағы резіңке бойынша
көлдеңінен
5 МЖо Мықын жарты орамы Көлденеңінен мықынның шығыңқы
нүктелері деңгейінде алдыңғы жағынан
(іштің шығыңқылығын ескеріп)
6 Кбж Кеуде биіктігінің жартысы Қолтық ойдымы кеуде безінің үстімен
алдыңғы бұрыштары аралығы
7 Кб Кеуде биіктігі Мойын тұғырынан иық ылдиының
ортаңғы сызығы-нан кеуденің жоғарғы
нүктесіне дейін
р/с Шартты Өлшем аты Өлшеу тәсілдері
белгілер
8 АБұ Алдыңғы бойдың Мойын тұғырынан кеуденің жоғарғы
ұзындығы, бел сызығына нүктесі арқылы бел сызығына дейін
дейін
9 АрБұ Артқы бойдың ұзындығы, Артқы бойдағы мойын тұғырынан
бел сызығына дейін бел сызығына дейін
10 ИҚб Иықтың қиғаш биіктігі Иық сүйегінен артқы бойдағы бел
сызығының ортасына дейін
11 АБЕж Артқы бой енінің жартысы Қолтық ойдымдарының артқы
бұрыштары арасындағы
жауырындар бойынша
12 Иұ Иық ұзындығы Мойын тұғырынан иық ортасымен
иық сүйегіне дейін
13 Бұ Бұйым ұзындығы Мойын тұғыры жанындағы
жобаланған иық тігісінен бұйымның
қажетті ұзындығына дейін
Өлшемдер алу:

1- Мой ЖО; 5- МЖо; 9-АрБұ;
2-КЖоІ; 6-Кбж; 10- ИҚб;
3-КЖоІІ; 7-Кб; 11-АбЕж;
4-БЖо; 8-АБұ; 12-Иұ
13-Бұ
Тест тапсырмалары
1.Дененің жіңішке тұсын көлденіңнен айналдыра өлшеу.
а) мықын өлшемі
ә) белдің өлшемі
б) киімнің ұзындығы
2.Өлшемді адамның қай жағынан алады ?
а) сол жағынан
ә) оң жағынан
б) жанынан
3.Толық жазылатын өлшемдер
а) айналым өлшемдері
ә) ен өлшемдері
б) ұзындық өлшемдері
4.Ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер стилі
а) фолклорлық
ә) спорттық
б) классикалық
5.Мода сөзі қай елдің сөзінен шыққан ?
а) грек
ә) латын
б) француз
Мақал-мәтелдің жалғасын табу Сөзжұмбақ «Киім»

Сұрақтары:
1.Ер дәулетті .................. 1.Ашылып жабылады,
Әр үйден табылады.
2.Еңбексіз тапқан мал........ 2.Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне
Киім тігіп береді ол өзіне.
3.Еңбектің наны ....... 3.Қызып кетсе табаны
Көзін қысып қалады
Жалқаудың жаны ...... 4.Белі бүкір, алысқа түкір.
4.Еріншектің ісі.......................
К 1

И 2
І 3
4 М
Топтық жұмыс
Қыздың суретін салып, үстіне матадан киім киіндіру
4.Жаңа сабақты қорыту.
Оқушыларға сұрақтар беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау.
5.Үйге тапсырма.Киім киіндіру

Ұқсас жұмыстар
ӨНДІРІСТЕ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ АРНАУЛЫ КИІМ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ҚОРҒАНУ ЗАТТАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Аяқ-киімге арналған былғары
Мех өндірісінде өңделетін тері шикізаты
Қазақ ұлттық киімдері
Жеке қорғаныс құралдарының материалына қойылатын талаптар
Киім классификациясы
Мата түрлері
Қоймалық технологиялар
ҮСТІНЕН КИЕТІН КИІМ АТАУЛАРЫ
Спорттық стиль
Пәндер