ЮРИЙ АЛЕКСЕЕВИЧ ГАГАРИН - ТҰҢҒЫШ


Slide 1

ҚАЛАЙ АДАМДАР ҒАРЫШТЫ ЗЕРТТЕДІ

Slide 2

КЛАВДИЙ ПТОЛЕМЕЙ (ІІ ғ б. д. д)

Белгілі математик, астроном және географ. “Он үш кітаптардағы астрономияның ұлы математикалық құрылысы” (“Великое математическое построение астрономии в тринадцати книгах”) энциклопедиясының авторы. Птолемейдің зертеулері бойынша әлемнің құрылымы геоценрикалық жүйесі болып табылған

Slide 3

НИКОЛАЙ КОПЕРНИК (1473 - 1543) .

Птолемей мен Аристотельдің әлемнің құрылысының геоцентрикалық жүйесінің орнына Күнге басты роль бөлінетін гелеоцентрикалық жүйені ұсынды.

Slide 4

ДЖОРДАНО БРУНО (1548 - 1600) .

Коперниктің ізбасары бола отырып, әлемдегі көпшіліктің ой - пікірін және ғалам шардың шексіздігін насихаттауда ол өзінің өмірін қиды.

Slide 5

ГАЛИЛЕО ГАЛИЛЕЙ (1564 - 1642) .

Ең алғаш ғарыш кеңістігін зерттеп, Құс жолының шексіздік жұлдыздардан тұратынына кө з жеткізді.

Ол Шолпанның фазасын және Юпитердің төрт серігін ашты.

Slide 6

Қазіргі заманға дейін жеткен Галилейдің ең сүйікті телескопы. Оның ұзындығы 125см, линзасының диаметрі 2, 5 см және үлкейту мөлшері 30 есе арттады.

Slide 7

ЮРИЙ АЛЕКСЕЕВИЧ ГАГАРИН - ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕР

Ғарышты зерттудің жаңа дәуірі 1961 жылы 12 сәуірде басталды. Адамзаттың асқақ арманы орындалып, қазақ жерінен ұшқан алғашқы ғарышкер Ю. Гагарин есімі дүниені дүр сілкіндірді

Slide 8

ПРОГРЕСС ҒАРЫШ КЕМЕСІ

Орбитадағы Халықаралық ғарыштық станциясының жұмысы үшін және ғарышкерлерге қажетті жүкті тасымалдайды

Slide 9

БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ.

Әйгілі Бәйдібек бидің Сары бәйбішеден 8ұлы, Қоңыр атты жалғыз қызы болған. Қоңырдың еншісіне берілген жылқы мыңғыра өсіп, Сыр бойына сыймай, қырға шығып жайылады екен. Үйір - үйір жылқының иесін сұраған адамға “Қоңырдың жылқысы” деп, ақыры сол өңір Қоңыр ананың құрметіне “Байқоңыр” аталып кеткен.

Slide 10

БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕР Ю. А. ГАГАРИНГЕ ЕСКЕРТКІШІ.

Байқоңыр ғаламдық маңызы бар орасан зор ғарыш айлағы, ғылыми - техникалық орталық. Ол Қызылорда облысындағы Төретам станциясынан 20шақырым жерде орналасқан. Кеңес үкіметі кезінде аса құпия аймақ саналған Байқоңыр кешенімен бірге 1955ж Байқоңыр қаласының да (бұл Ленинск) іргесі қаланды. Космодромға қызмет еткен Ленинск картада да белгіленбеген, жабық қала болды.

Slide 11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н. Ә. НАЗАРБАЕВ ҒАРЫШКЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ РЕСЕЙ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАЛПЫ ҒАРЫШТЫҚ ДАЙЫНДЫҚТЫ АЯҚТАҒАН, ҒАРЫШКЕРЛЕР ҮМІТКЕРЛЕРІ: МҰХТАР АЙМАХАНОВ(СОЛ ЖАҚТА) ЖӘНЕ АЙДЫН АИМБЕТОВПЕН(ОҢ ЖАҚТА)

Slide 12

ӘУБӘКІРОВ ТОҚТАР ОҢҒАРБАЙЕВИЧ-ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ ҒАРЫШКЕРІ, ДАҢҚЫ СЫНАҚШЫ - ҰШҚЫШ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ, КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ, ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ

1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы Бірінші май ауылында дүниеге келді.

1994 жылдың 2 - қазанында кең даламызды дүбірлетіп, сүйіндірген оқиға болды . Байқоңырдан қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа көтерілді.

Slide 13

МҰСАБАЕВ ТАЛҒАТ АМАНГЕЛЬДИЕВИЧ

Ұшқыш - ғарышкер, Қазақстанның халық батыры, Ресей батыры, “Бәйтерек” АҚ директоры. “Бәйтерек” зымыран -ғарыш кешені құрылысының алғашқы тасын қалау рәсімін жасап, ғарыш айлағын тиімді пайдалану, аймақ экологиясы жөніндегі келісімге Қазақстан және Ресей Елбасылары қол қойды.

Slide 14

1991 жылдың 31- тамызында Байқоңыр Қазақстанның меншігі болып жарияланды. Ал, 1994 жылдың наурызында кешен Ресейге 20 жылға жалға берілді. 2005 жылдың 1-қаңтарында Байқоңырдың Ресейге жалға берілу мерзімі 2050- жылға дейін ұзартылды.

Slide 15

ҰШҚЫШ БОЛУДЫ АРМАНДАЙТЫН БАЛАЛАРҒА ҒАРЫШТЫ ТАНИТЫН ТАНЫМ - БІЛІМ, ЕЛДІ СҮЙЕТІН ЖҮРЕК ТІЛЕЙМІН Тоқтар Әубәкіров


Ұқсас жұмыстар
Юрий Гагарин
12-СӘУІР-ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ
Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш - ғарышкері
Тұңғыш ғарышқа көтерілген кім
Ғарыш кемесі
Ғарыш туралы түсінік, 4 сынып
Лайка - ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі
Халық Қаһарманы атағы
Қазақстанның ғарышкер - ұшқышы атағы
АСПАН ӘЛЕМІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz