АСАН ҚАЙҒЫ ЖӘНЕ ЖЕРҰЙЫҚ



Асан қайғы және “Жерұйық”
Жезқазған қаласының
№24 орта мектебінің оқушылары
Анепияева Меруерт
Бейноева Лейла
Рагулина Анастасия
Жоба жетекшілері:
№24 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
А. Қ. Бейсенбина
Н. С. Күлмағамбетова

Мазмұны:
I бөлім
Асан қайғының ғұмырнамалық баяны
II бөлім
Асан қайғының құтты қоныс іздеуі
III бөлім
Асан арманының жемісі

Деңгейлік тапсырмалар
арқылы оқыту.
Деңгейлік тапсырмалар
арқылы оқыту.
Ж о б а н ы ң
Мақсаты :
Міндеті:
Асан туралы аңыздардың тарихи негіздерін зерделеу; “Жерұйық” жайлы толғауына зерттеу жасау.
Қазақ фольклорындағы сан-қырлы мол мұралардың бірі болып табылатын Асан туралы аңыздарды зерттеу;
Асан қайғының “Жерұйық” туралы берген бағалары мен көзқарасының мәні мен маңызын анықтау.


I бөлім. Асан қайғының ғұмырнамалық баяны
«Дала данышпаны» ретінде танылған
Асан қайғының рухани мұралары
халық санасында сақталған. Асан
қайғы жөніндегі аңыз- әңгімелер мен
әр түрлі алуан деректерді біршама
қалыпқа түсіріп, құнды пікірлер
жазған академик жазушы М. Әуезов
болды. «Бұл тарихта болған адам.
Бірақ, тірлік еткен заманы Жәнібек
ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім
еді, қай ортадан шығып еді,
қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай
өмір шегіп өтіп еді. Бұл жайынан
ешқайсынан дәл дерек жоқ».

Асан қайғының саяси іс-әрекеттері төңірегінде қалам тартқан
академик Ә. Марғұлан болды. Ғалым, « Асан қайғы» деп
аталуы - халықтың қамын көп ойланған екендігін айтады.
Асан ХIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге
келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын,
елінің болашағын ойлап жүргендіктен, замандастары оны Асан
атаны «қайғы» деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. Асан
Қайғы (шын аты-жөні Хасан Сәбитұлы XIV ғ/ң 2-жартысында,
Еділ бойы -т. ө. ж. белгісіз) - қазақ жырауы. Алтын Орданың
ыдырауы дәуірінде өмір кешкен. Асан Қайғы ілкіде Сарайда,
біраз жылдардан кейін Қазандағы Ұлығ-Мұхаммед ханның
жанында болған. XV ғ/ң 50 жылдарында Дешті Қыпшаққа
қайта оралып, Керей, Жәнібек бастаған қазақ хандығының
ақылшы биі болды.

Ғалым М. Әуезов «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты еңбегінде Асан туралы ойды толғай отырып, ол туралы аңыздарды халық аңсаған арман-тілек бейнеленген кейіпкер екенін аңғартады
Асан Қайғы туралы аңыздарға арнайы тоқталған ғалым Б. Адамбаев «Тарихи аңыз-әңгімелер» атты еңбегінде Асанның жерге берген сындары арқылы оның жүрген жолын, бағытын бағдарлауға болады деген болжам түйеді. Асан Қайғыны Майқы бидің ісін жалғастырушы деп бағалайды.
Шоқан Уәлиханов Асан Қайғыны «Көшпенді қазақ, ноғай ұлысының философы» деп атаған
Ел аузындағы аңыздарда да Асан Қайғы халқының қамын ойлап күңіренген абыз-жырау ретінде танылады. Ол малы мен жаны кемтарлық көрмей «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жайлы қоныс іздейді. Елінің тыныш, бейбіт, бақытты болуын көксейді. Дүниедегі сондай «жерұйықты» іздеп, Асан Қайғы желден жүйрік желмаямен жердің жеті бұрышын кезеді. Болған, көрген мекендерінің бәріне де баға беріп, пайдалы және жағымсыз жағын саралап айтып отырады. «Жерұйықты» таба алмай, әбден қалжырап, Ұлытауға жеткенде дүние салады.

II бөлім. Асан қайғының құтты қоныс іздеуі
Асан қайғы туралы аңыздардағы
негізгі мазмұн «құтты қоныс»
іздеу сарыны. «Құтты қоныс»
әлем халықтарының дүниетаны-
мында орын алған рухани сана,
жақсы өмірді күткен арман-
аңсары. Асан қайғының
“Жерұйықты” іздеуі «қой үстінде
бозторғай жұмыртқалаған» заман
тудыру, мал-жанға жайлы, тыныш,
құтты мекен іздеу, өзі өмір сүріп
отырған қоғамды өзгерту.






Жерұйық іздеген Асанқайғы бабамыз Ұлытауға келіп «Таптым жердің ұйығын» деп демалып, осында көз жұмыпты дегенді көнекөз қариялар ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып кетті. Қазақ жерінің қай өңірі болса да қасиетті де, қадірлі екені рас. Әйтсе де, ұлт үшін Ұлытаудың орыны өте ерекше екені де даусыз. Елдің елдігі, ердің ерлігі сынға түскен небір қысылшаң шақта қазақтың игі жақсылары бас қосып, үш жүзі мәңгілік бірлікті қалайтынын білдіріп, тасты қашап, таңба салды. Тәуелсіздікке, бостандыққа қол созды. Басынған жауды тойтарды, ұлттың ұлттығы сақталды. Ұлытау - міне, осынысымен де құнды, осынысымен де тарих үшін бағалы. Қасиетті таудың ұлтымыз үшін қаншалықты қымбат екенін тұңғыш Президентіміз - Н. Ә. Назарбаев еліміз тәуелсіздік алған алғаш жылдары сөйлеген сөзінде «…Біздің Ордабасымыз бен Ұлытауымыз бар», - деп арқа төсіндегі ұлттың тауына үлкен баға берген еді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz