Айран - ұйытылған сүт




Презентация қосу
р ы
ла
а р
у
Үй жануарлары ан
ж
Ү й

Мақсатым:

ҚР жалпыға бірдей мемелекеттік білім беру стандартына
сәйкес, 12-жылдық білім беруге көшуге сәйкес, балаларды
ерте жастан білімдерін қалыптастырып, тілін, ой – өрісін, тіл
байлығын дамыту. Балаларға үй жануарлары туралы
мағлұмат беру, төрт түліктің маңызы мен мазмұны, адам
өміріне тигізер пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.
Баланың танымдық ойлау қабілетін дамыту, дүниеге саналы
көзқарасын қалыптастыру тұрғысынан ұйымдастыру және
жаңа технологияны пайдалана білуге үйрету, өзін-өзі
дамытатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Жобаның барысы
Тәрбиеші – Балалар, қараңдаршы бүгін бізге ерекше күн, өйткені бізге
қонақтар келді.
Айасыл: Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Бәрі: Сәлеметсіздер ме.
Шаттық шеңбері: Қайырлы таң, көк аспан!
Қайырлы таң, жер ана!
Ұйымдастырушы - ізденуші
- Балалар жылдың неше мезгілі бар?
- Төрт мезгілі бар,
-Қандай мезгілдері бар екен?.
- Қыс,көктем,жаз,күз,
- Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем,
-Көктем мезгілінің неше айы бар?
-Үш айы:Наурыз,сәуір,мамыр,
-Көктемде ауа райында қандай өзгерістер болады?
Тәрбиеші:
- Ал енді жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін бізге жұмбақ шешу керек. Мұқият
тыңдап, жауап беріңдер.( Жұмбақтың жауаптары слайд арқылы көрсетіледі)

1. Төрт бұлағы – сүт, өзі күшті, мүйізі мықты,
Шайнаңдағаны сағыз,
(сиыр)
2. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.
(жылқы)
3 Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.
(қой)
4. Жарға шығып ойнайды, ойынға бір тоймайды,
Болса – дағы сақалы, секеңдеуді қоймайды.
(ешкі)
5. Кездесті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар
(түйе)
Балалар жауап берген сайын, жануарлардың суреті тақтаға ілінеді.
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар, бәрін таптыңдар.Бұларды бір сөзбен не деп атаймыз?
Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Үй жануарлары» екен. Қазір мен
сендерге осы үй жануарлары туралы әңгіме оқып беремін, ал сендер мұқият тыңдап
отырыңдар.
Шеберлер

Қағаз, картоннан Матадан үй
шаблондар жасау жануарларының
макетін жасау
Табиғи материалдан
үй жануарларын жасау
Наурызбаев Аянның жұмысы

Жәнебек Жұлдыз бен Қуанышқызы Махаббаттың жұмыстары
Ғалымдар

Ата-анасымен бірге төрт түлік
туралы ақпарат жинап,
мағлұматтарды дайындайды. Төрт
түлік туралы парақша дайындау.
(Слайд-презентациялар, альбомдар,
т.б. )
Үй хайуандары
М. Дулатов

«Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық адамның үйінің
маңайында тіршілік етеді. Сол үшін үй хайуандары деп аталады.
Үй хайуандары адамға көп пайда келтіреді. Жылқыға мінеді, оны
арба мен шанаға жегеді, сүтінен қымыз ашытады. Семіздерін
қысты күні соғымға сояды, терісін сатып, ақша қылады. Түйеге
жүк артады, жабағысы күпіге жақсы болады, сатса, жүні пұл
болады. Сиыр мен қой адамдарды етімен, сүтімен асырайды. Ит
қасқыр мен ұрыдан сақтап, қора күзетеді. Осылардың бәрі тегін
қызмет етпейді. Олардың қызметі үшін адам асырайды, бағады,
қысты күні аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды, ұры, бөріден
сақтау үшін бақташы қояды».
Еттен жасалатын
ұлттық тағамдар

Сүттен жасалатын
ұлттық тағамдар
Аспазшылар
Еттен жасалатын ұлттық тағамдар

Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ) алдан ала дайындалған етті жуып-шайып тазалап,
қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты
жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап,
шамалап тұз, 1 бас пияз салып отын басады да, 1-1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып
қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған
табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш,
дөңгелектеп тұралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып
болған соң тұздықты еттің үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға
малдың басын, (қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып
береді.Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады.
Қазы – жылқы етінің кәделі
мүшелердің бірі. Ол жылқының
қабырғалары мен белдемелерінің Қарта – жылқы етінің ең кәделі
етегіне жиналатын аса шұрайлы, майлы мүшелерінің бірі.
ет.
Жал - жылқы етінің ең кәделі
мүшелерінің бірі. Ол жылқының Жая – жылқы етінің аса кәделі
шоқтығы мен ауыз омыртқасының мүшелерінің бірі. Жылқының терісін
арасында, мойын омыртқаны ұстап сыпырып алғаннан кейін жаяның етін
тұратын желкемен жымдаса бітеді. тұтастай бөлек сылып алады.
Сүттен жасалатын
ұлттық тағамдар

Айран – ұйытылған сүт. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады.
Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2 сағат
аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды.
Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.

Қатық –сиырдың, қойдың, ешкінің қаймағы алынбаған сүтінен ұйытып әзірленеді. Қатық піскен сүттен
де ұйытылады. Қатық ұйыту үшін жылы сүтке ұйытқы құйып, ыдыстың бетін жауып, күн түспейтін
жылы жерге 2-3 сағаттай қояды. Піскен сүттен ұйытылған қаттықты сол күйінде ішеді не болмаса кенеп
қапқа құйып сүзіп, сары суын шығарып сүзбе жасайды. Сүзбені тұздап «Сүзбе құрт» жасауға да, немесе
қарынға салып сүзбе күйінде пайдалануға да болады. Қатықты ұйытылған күйінде де, сүзбе жасағаннан
кейін де сорпаға, көжеге қосса астың дәмін келтіреді.

Қойыртпақ – қатық, айран т.б. сусындарға сүт қосып ішетін тоқ сусын. Оны жолаушылар торсыққа
құйып, қанжығаларына байлап жүрген. Қанжығадағы қойыртпақ көп шайқалады. Соған орай қанша
ашыса да ашуы білінбейді.

Шалап – көбіне жаз айларында шөл басатын бірден-бір пайдалы сусын. Шалап дайындау үшін алдымен
айран немесе шұбатты үлкен ыдысқа құйып алады да үстіне су қосады.
Шұбат – түйе сүтінен ашытылады. Бұл әрі сусын, әрі тағам. Өйткені бие сүтіне
қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. Оның емдік қасиеті де бар.

Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын.
Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан
дәмінің бірі. Сары қымыз дертке шипа, денеге күш.
Құрт – малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Саба
ға сүтті жинап, сүт ашығаннан кейін піседі, сүт іркітке айланып, майы бетіне
қалқып шығады. Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да, іркітті қазанға
суы сарқылғанша қайнатады. Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін, ернеуін
қырып, әлсін-әлсін араластырып отырады. Құрт қайнап, әбден қойылған соң
қапқа құйып, керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады. Құрт
капта бір тәулік тұрған соң, суы әбден сарқылып, құрғайды. Бұдан кейін құртты
қаптан алып, сықпалап бөліп, шиге, тақтаға қолмен сықпалап өреге жайып
кептіреді.\
Ірімшік – сиырдың, қойдың, ешкінің
сүтінен қайнатып әзірленетін сүт
тағамы. Ірімшікті дайындау үшін
ыдысқа құйылған шикі сүттің үстіне
азырақ айран құйып, сүтті ірітеді. Одан
соң іріген сүтті отқа қойып қайнатады.
Ірімшіктің сары суы бөлінген кезде оны
шыптаға сүзеді. Ақ ірімшікке сары май,
қаймақ, кілегей сияқты майлы
тағамдарды қосса дәмді әрі құнарлы ас
болады.
Сүзбе – айраннан немесе қайнаған іркіттен дайындалады. С Ашыған айранды, қатықты
немесе қайнаған құртты кенеп дорбаға құяды да іліп қойып сорғытады. Содан ол өзінен-өзі
сүзіліп, сұйығы ағып кетеді де, сүзбе түбінде қалады. Сүзбені тұздап, малдың қарнына
салып, кептіреді. Оны жылдың кез келген маусымда езіп сорпаға, көжеге қосуға, сондай-ақ
сүт, су қосып шалап етіп, сусын ретінде ішуге болады.

Уыз- жаңа төлдеген малдың желініне жиналатын қою сүт. Уыз «сары уыз», «ақ уыз» деп
екіге бөлінеді. Сары уыз әрі қою, әрі желім сияқты жабысқақ болады. Ақ уыздың өңі сары
уызға қарағанда ақшыл, әрі сұйықтау келеді. Сары уызды төлдің өзіне емізіп, ақ уызды
сауып алып пайдаланады. Інген мен биенің уызын бота мен құлынға емізеді. Ал сиырдың,
қойдың, ешкінің ақ уыздарынан әртүрлі тағамдар пісіреді.
Пісіріленген уыз – уызға сүт қосып сұйылтып пісіреді. Уыз іріп кетпеу үшін оны ожаумен
сапырып отыру керек. Уызға тары салып пісіруге болады.

Іркіт – құрт қайнату сабаға, күбіге жинап ашытқан айран – қатық, шикі сүт. Іркітті
сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен дайындайды. Піскен сүттен ұйытылған айранды немесе
шикі сүттен ұйытылған қатықты сабаға не күбіге жинайды да пісіп, оның майын қалқып
алғаннан кейін, ыдыстың ішінде іркіт қалады.
Сүзбе – айраннан немесе қайнаған іркіттен дайындалады. Сондықтан да ол қатық сүзбе деп екіге
бөлінеді. Ашыған айранды, қатықты немесе қайнаған құртты кенеп дорбаға құяды да іліп қойып
сорғытады. Содан ол өзінен-өзі сүзіліп, сұйығы ағып кетеді де, сүзбе түбінде қалады. Сүзбені тұздап,
малдың қарнына салып, кептіреді. Оны жылдың кез келген маусымда езіп сорпаға, көжеге қосуға,
сондай-ақ сүт, су қосып шалап етіп, сусын ретінде ішуге болады.

Уыз- жаңа төлдеген малдың желініне жиналатын қою сүт. Уыз «сары уыз», «ақ уыз» деп екіге бөлінеді.
Сары уыз әрі қою, әрі желім сияқты жабысқақ болады. Ақ уыздың өңі сары уызға қарағанда ақшыл, әрі
сұйықтау келеді. Сары уызды төлдің өзіне емізіп, ақ уызды сауып алып пайдаланады. Інген мен биенің
уызын бота мен құлынға емізеді. Ал сиырдың, қойдың, ешкінің ақ уыздарынан әртүрлі тағамдар
пісіреді.
Қатырған уыз – уызды бүйенге, ащы ішекке немесе металл ыдысқа кұйып, қайнап жатқан судың ішіне
салып пісіреді. Бір бұрқ етіп қайнағанда ыдысқа құйылған уыз шеміршектеніп қата бастайды. Одан соң
оны ыдысымен бірге ыстық судан алып, салқын суға салады. Сонда уыз қайнап піскен жұмыртқадай
болып шығады. Қатырған уызды сүр еттің үстіне турап салады. Төлбасы (алғашқы төл) туған күні
соғымның етінен, шұжық асып, уыз қатырып, көрші-қолаңды шақыратын дәстүр болған.
Пісіріленген уыз – уызға сүт қосып сұйылтып пісіреді. Уыз іріп кетпеу үшін оны ожаумен сапырып
отыру керек. Уызға тары салып пісіруге болады.
Іркіт – құрт қайнату сабаға, күбіге жинап ашытқан айран – қатық, шикі сүт. Іркітті сиырдың, қойдың,
ешкінің сүтінен дайындайды. Піскен сүттен ұйытылған айранды немесе шикі сүттен ұйытылған
қатықты сабаға не күбіге жинайды да пісіп, оның майын қалқып алғаннан кейін, ыдыстың ішінде іркіт
қалады. Іркіттің ащы не тұщы болуы оның дайындалған сүтіне ғана емес, дайындау тәсіліне де
байланысты. Іркіт құйылған ыдыс күннің көзінде тұрса іркіт божып ащиды да дәмі қышқылданып
кетеді. Іркіт құйған ыдыс көлеңкеде тұрса, іркіттің дәмі бұзылмай тұщы болады.
Әдебиетшілер

Мақал - мәтел Жұмбақтар Ырымдар

Ел көркі — мал, өзен көркі— тал.
*** 1.Кішкене ғана бойы бар, Малды басынан ұрма.
Бір түлікке бай болғанша, Айналдырып киген тоны бар. (Қой) Ақты төкпе.
Әр түлікке сай бол. 2.Екі айнасы бар, Түнде мал санама.
*** Екі найзасы бар. (Сиыр) Малдың жусауын, өрісін бұзба.
Түлік — төлден өседі. 3. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, Жылқыны қазыққа байлама.
Малы бардың назы бар. Міңсең қанат, сүті дәрі, еті- тамақ.(Жылқы) Мал қора ішіне дәретке отырма.
*** 4.Иір-иір денесі, Сауар алдында малға зекіме.
Семіздің аяғы сегіз. Сахараның кемесі. Ауылға атпен шауып келме.
*** Ащы шөптер-тамағы, Қойдың мүйізін,жүнін отқа жақпа.
Малдың жайын баққан білер, Шөлге шыдап бағады. (Түйе) Малдың сүйегін далаға тастама.
Оттың жайын жаққан білер.
Мақал - мәтелдер
Қой егіз тапса, Малды бақсаң қойды бақ,
Шөптің басы айыртуады Май кетпейді шарадан.
Ит асырасаң сырттаннан
Қойың саны мыңға жетсе, Қой бермейді қорадан.
Керегенің басынан бас кетпейді.
Қойдың сүті — қорғасын.
Ісі оңына басарда
Тоқты туып, шыбыш лақтар. Қойшы көп болса,
Қой арам өледі.
Қойлы бай — қорлы бай,
Сиырлы бай — сарымай.
Екі қошқардың басы
Бір қазанға сыймас.
Жетім қозы сүтке тоймас.
Ісек қойдың басы үлкен,
Қойдан қалған қозы Саулық қойдың жасы үлкен.
Қасқырға тап болады.
Ала қойды бөле қырыққан
Қой семізі — қойшыдан. Жүнге жарымайды.

Кәрі қойдың басы піскенше, Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
Тоқты қойдың басының
Арса-арсасы шығады. Ақсақ қой жатып семірер.
Қой өлсе, қозы қалады, Семіздікті қой көтерер.
Келер жылы өзі болады.
Семіздің аяғы сегіз.
Аз қойда айран барда, өре жоқ.

Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
Жұмбақтар
Апан-апан, Кезікті бір жануар,
Ескі шапан. Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз. (Түйе) Екі ошаққа бір көсеу. (Сиырдың танауы мен тілі)
Қисық ағашқа қар жұқпас. (Сиырдың мүйізі)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой) Ел жатса да енекем жатпайды. (Сиырдың мүйізі)
Төсек астында төрт бауырсақ. (Сиырдың емшегі)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар. (Сиыр) Жаралғанда
Жабысқан (Ат)
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Міңсең қанат, сүті дәрі, еті- тамақ.(Жылқы) Тастан-тасқа секiредi,
Қалқиып қос құлағы,
Иір-иір денесі, Ойын болып көкiрегi,
Сахараның кемесі. Аула оның тұрағы. (Лақ)
Ащы шөптер-тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (Түйе)
Ырымдар
Малды басынан ұрма. Ұсақ мал сойғанда төс шеміршегін кесіп алып,
жарға не босағаға лақтырғанда жабысып қалса – ол
Ақты төкпе. үйдің аты жүйрік болады.

Түнде мал санама.
Киіз үйге құмырсқа көбейіп кетсе, жылқының екі
тезегін байлап, уыққа іліп қояды.
Малдың жусауын, өрісін бұзба.

Жылқыны қазыққа байлама. Мысық тіреу, не босаға тырнаса ауа райы бұзылады.

Мал қора ішіне дәретке отырма. Аққуды атпайды, киесі ұрады.

Сауар алдында малға зекіме. Ақты (сүтті, айранды) төксе малдың желіні кетеді.

Ауылға атпен шауып келме.
Ат жолға шығарда тезек тастаса жол болады.

Қойдың мүйізін,жүнін отқа жақпа.
Жақын адамға ит, пышақ сыламайды. Сыйлаған
Малдың сүйегін далаға тастама. күнде ырымын алады.

Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, сол үйдің Мал сатқанда оны ноқтасымен не бас жібімен
малы пышаққа ілінеді. бермейді, малдың басы кемиді.

Ат жер тарпыса жолға шығады. Түнде сүттің бетіне ай сәулесін түсірмей жауып
қояды, өйтпесе сауын мал ауруға ұшырайды.
Ат сүрінсе олжаға жолығады.
Маған айтсаң – ұмытамын,
көрсетсең- еске сақтаймын,
өзімді қатыстырсаң-үйренемін.
Қытай ғибраты
Жобалау технологиясы
дарындылыққа ,
ұйымшылдыққа ,
шығармашылыққа,
еңбекқорлыққа
тәрбиелейді .
Сәттілік тілеймін!

Ұқсас жұмыстар
АЛЬБУМИНДІ СҮТКЕ БИЕ МЕН ЕСЕКТІҢ СҮТІ
Үй жануарлары
Қазақ халқының ұлттық тағамдары
Түйе сүті
Ұлттық сүт өнімдерінің биохимиясы
Мал өсірсең, қой өсір
АЙРАНДЫ ӨНДІРУ ҮШІН МЫНАДАЙ ШИКІЗАТТАР
Қазақ халқы
Сүт және сүт өнімдері
Семіру
Пәндер