Дулат өлеңдерінің ерекшілігі


Slide 1

Дулат Бабатайұлы

“Аягөз қайда барасың?”

Сабақтың тақырыбы:

Slide 2

1802 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сандықтас қонысы - 1874

Slide 3

Мақсаты:

Д. Бабатайұлының өмірі мен шығармаларын, «Аягөз, қайда барасың?» толғауының мазмұнын білу, түсіну. Топтаса отырып алған білімдерін талдап, жинақтау.

Оқып үйренудің нәтижесі :

Д. Бабатайұлының өмірі мен шығармаларын, «Аягөз, қайда барасың?» толғауының мазмұнын біледі, түсінеді. Топтаса отырып алған білімдерін талдайды, жинақтайды.

Slide 4

«Миға шабуыл» әдісі

“Шынайы шешен - жарқын тұлға” тақырыбында

“Орамал тастау” әдісі бойынша үй

тапсырмасын пысықтау

Slide 5

) .

«Тегімді менің сұрасаң, Қалың найман нуынан. Жырымды менің сұрасаң, Сары алтынның буынан. Сырымды менің сұрасаң, Тұманың тұнық суынан. Кеудеме қайғы толған соң, Тұнық жырмен жуынам. Сорғалаған нөсердей Жырын тыңда ДУЛАТТЫҢ . . . »

Сырымды менің сұрасаң, Тұманның суық суындай Кеудеме қайғы толған соң Тұнық жырмен жуынам. Сорғалаған нөсердей, Жырын тыңда Дулаттың, - деп толғанады

Slide 6

Топтастыру стратегия

Slide 7

Алаш-Орда

Общественная мысль и национальная идея

HomeWork. ucoz. kZ

Slide 8

Сары алтындай тұнық жырдың иесі - Дулат ақын

Slide 9

"Аягөз" атты өлеңінде ашып айтты. Тауды екіге жарасың, Арнаң қалды осылып. Тастың қашап арасын. Күркіреген үніңнен Кесіп өтіп кезеңді, Аңдар қашты шошынып. Аягөз қайда барасың?. . Қырға суың тарады, Тарбағатай тауынан Ойға суың барады Тоқсан сала қосылып, Тоғанменен тосылып. Тоғыз өзен түйісіп, Қырың-малдың кіндігі, Ақтың төмен жосылып. Ойың-өнім, егіс қой. Ағының тасты ағызып,

Дулат "шалқып шапқан жүйріктей" Аягөз өзені мен оның шүйгін де жемісті өңірін маржандай таза шұрайлы тілмен бедерлеген құлпырған суреттермен оқырмандарын (тыңдаушыларын) елітіп келеді де, кенет сөз арнасын кілт бұрып: Айтуға ауыз келе ме, Аягөз кімнің жері еді? - деп, Аягөздің бүгінгі күніне оралтады.

Slide 10

"Ақжайлау мен Сандықтас" атты өлеңінде де туып-өскен өңірін "атамның қонған қонысы" деп тебірене, оның келісті көріністерін перзенттік, тіпті сәбилік сүйіспеншілікпен елжірей суреттейді. Жерге қатысты ешкім айтпаған "қызғаныш" сөзін қолданып, ата қонысын: Атам қонған кең далам, Мендей сені қызғанар Бауырыңда өскен қай балаң? - деп, жас баладай жабыса сүйеді. Ақын бұл толғауында да көкірегіне байланған ескі шеріне қайта оралады: Өксігіңді ойласам, Ұйқы беріп, қайғы алам. Қилы-қилы заманды, Заманға сай адамды Салғастырып қарасам, Су мүйіз болған танадай Шыр көбелек айналам, - деп, елдің еркін, тәуелсіз заманын еске алып, теңселіп кеткендей болады.

Slide 11

Аягөз Шығыс Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Өзенге байланысты қаланың аты берілген. Қалада Шөлейт табиғат зонасы басым, Аягөз өзені ағады. Биіктігі теңіз деңгейінен 654 м. Тепловоздар мен паравоздар бар. Түркістан-Сібір темір жолының құрылуына байланысты 1939 жылы қала статусы мен Аягөз атауын алды. Ая- «әдемі» және гөз «көз» мағынаны білдіреді.

Slide 12

Дулат өлеңдерінің ерекшілігі

Дулат - жыраулық мектептен шығып, ақындық мектепті күшейткен суреткер. Бұл - жыраулықтың төмендігінен, әлсіздігінен емес, заман талабынан туған бетбұрыс. 19 ғасырдағы қазақ поэзиясы үшін енді өлең арқылы ақыл-насихат дидактикалық сипат пен заман, қоғам, адам туралы жалпы философиялық толғаныстар аздық етеді. Еңдігі жердегі поэзиядан нақтылыққа көшіп, заманға ілесіп отыру, жалпы насихаттан гөрі сынау, күйіну, сүйіну сияқты нақты суреттерге бару талап етіледі. Дулатты кейде, тіпті, жырау деп атағанымен және сырт қарағанда өлең-жырлары 7-8 буынды жыр өлшемімен келгенімен, ол жырау емес, ақын. Өйткені, құрылымдық және тақырыптық бітімі жағынан Дулаттың өлеңдері бұрынғы жырауларды былай қойғанда, тіпті кешегі Бұхар толғауларынан, одан қалды езімен тұстас ақындардың туындыларынан мүлде өзгеше құрылған дүниелер. Жазба поэзияның өлең әдісі ауызша дамыған өлең-жырлардан ерекшеленетін болса, сол өзгешеліктің бірі - шығарманың белгілі мақсатпен ажыратылатын ірі бөліктерге, ғылым тілімен айтқанда, шоғыр (тирада) дегендерге бөлінуі.

Slide 13

Оның шағын сюжетке құрылған «Еспембет» дастаны ілгерідегі ғалымдарымыздың зерттеуінде қазақ поэмасының алғашқы үлгісі ретінде дәлелденіп жүр. Өйткені, бұл эпикалық шығармада ой шұбалаңқылығы, артық тіркестер, сол кезеңдегі кейбір жауынгерлік, батырлық жырлардағыдай көпірген көпсөзділік жоқ. Оқиғаны қысқа әрі нақты түрде баяндайды. Формасы жағынан қазіргі поэма деп жүрген жанрға өте жақын келеді. Жетім баладан ел қамын жейтін дулығалы батырға айналғанға дейінгі Еспембеттің өмір жолын суреттеуге арналған поэманың бастан-аяқ айтылатын идеялық мазмұны соңғы түйінді екі жолға сыйғызылған.

Slide 14

Еспембеттей ер қайда, Ер күтетін ел қайда? - деген жолдар ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ең озық үлгілерінің бірі ретінде бағаланады. Өйткені, Дулат заманына дейін тұтас көлемді туындының идеясын екі жолға ғана сыйдырған шығарма туған жоқ болатын. «Еспембет» поэмасындағы шиеленіс пен тартыс, батырлардың ұрысы кезіндегі суреттеулер өте шебер сомдалып, бояуы қанық шешен тілмен кестеленген.

Сөзімізді түйіндесек: Жыршының аты жыршы ма, Әркімнен өлең жаттаса? Сөз - жібек жіп, жыр - кесте, Айшығы айқын көрінбес, Өрнексіз қылып баттаса, - деп өлеңге жоғары талап қоя білген, қазақ поэзиясының реформаторы Дулат Бабатайұлының жырлары қашанда келешек ұрпақтың рухани қажеттілігін өтей бермек.

Slide 15

Сөзжұмбақпен жұмыс

Slide 16

«5минуттық эссе жазу» әдісі

Slide 17 Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Дулат өлеңдерінің ерекшелігі
Міржақып Дулатұлы Бақытсыз Жамал роман
Ақжол газетінде
Дулат Бабатайұлы Айтқызбасымды айтқыздың өлеңінде
Дулат Бабатайұлының өлеңдерін қорытындылау
Дулат Бабатайұлы - халықтың зарын жырлаған ақын
МҰХАММЕД ХАЙДАР
Қайым зерттеулеріндегі әдебиет және тарих мәселелері
Кімнің сөзі
Дулат Исабеков 1942 жылы туған
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz