Сабильянов кім


Slide 1 Slide 2

Сабақтың мақсаты:

Ата-баба тарихы-қазақ елінің болашағы, тағдыры үшін болған күрес. Оны қастерлеу ұрпақ борышы екенін ұғындыру. Ел сеніміне, өз сезімімен жауап беретін, үндестіре жалғайтын тұлғаның дамуы. Өзіне тірек, айбын болатын тілін, салт-дәстүрін құрметтеу.

Slide 3

Ой қозғау:

Нұртай

Сабильянов

кім?

Slide 4

НҰртай Сабильянов

-табысты адам

Slide 5

Қазақстан

Республикасың

Парламент Мәжілісінің депутаты

Slide 6

Сөздікпен жұмыс:

Үлес-вклад

Даңқты-прославленный

Қаржы мекемесі-финансовое учреждение

Құрам-состав

Шығармашылық жұмыс-творческая деятельность

Айналысты-занимался

Атақ-звание

Slide 7

Табысты адамның өрлеу сатысы

Slide 8

Галереяны шарлау

Slide 9

«Егемен Қазақстан»

23. 11. 2013 ж.

Сайлаушы сөзі

ОҚУШЫЛАР ҚУАНЫШЫНДА ШЕК БОЛМАДЫ

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының бюро мүшесі Нұртай Сабильяновтың атқарып келе жатқан істері маған жақсы таныс. Каникулға шығысымен ел-елді аралап, халықтың мұң-мұқтажын құлағымен естіп, көзімен көреді. Көріп қана қоймай, шешілмей келе жатқандарын Үкіметке депутаттық сауал ретінде жолдайды. Сөйтіп, шешімін табуына көмектеседі. Шығыс өңірінде бармаған ауылы жоқ десем қателеспеспін.

Халық қалаулысымен өткен қыста бір кездескенімде: «Шығыс Қазақстанда бармаған жеріңіз жоқ. 40 жылғы тынымсыз жарылыстан көз ашпаған Абыралы аймағының тыныс-тіршілігін көріп, бір барып қайтпайсыз ба?», деп наз айтқан едім. «Өзімнің де көптен ойымда жүрген шаруа еді. Биыл міндетті түрде барамын», деген болатын ол.

Мәтінмен жұмыс

Slide 10

Н. Сабильянов туралы жазылған кітаптар:

«Намыс найзағайы» (1996 ж. )

«Нұртай» (2001 ж. ),

«Шапағат» (2004 ж. )

«Парыз» (2008 ж. )

«Ел аманаты» (2008 ж. )

Slide 11

I- топ

Тест

1. Нұртай Салихұлы Сабиляьнов қай жылы дүниеге келген.

А) 1963 жылы 2 шілде

Ә) 1959 жылы 7 қыркүйек

Б) 1962 жылы 1 маусым

2. Нұртай Сабильянов еңбек жолын нешінші жылы, қай айда бастады.

А) 1979 жылы шілде

Ә) 1980 жылы тамыз

Б) 1981 жылы маусым

3. Нұртай Сабильянов Кеңес Армиясының қатарында қай жылы қызмет етті.

А) 1979-1982ж. ж

Ә) 1981-1982ж. ж

Б) 1980-1982ж. ж

4. Нұртай Сабильянов Алматы электротехникалық зауытында экономист болып қай жылдары қызмет атқарды.

А) 1988-1990 ж. ж

Ә) 1982-1983 ж. ж

Б) 1987-1989 ж. ж

5. Бесінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» партиялық тізімі бойынша сайланды.

А) 2012 жылы қаңтар

Ә) 2011 жылы қараша

Б) 2010 жылы қазан

Slide 12

II-топ

Сұрақ - жауап:

1. Еңбек жолын қай ауылда бастады?

2. Жұбайының есімі кім?

3. Нұртай Сабильянов туралы жазылған кітаптарды атаңдар?

4. Сабильянов кім?

5. Әкесінің есімі кім?

6. Қай облыста дүниеге келген?

Slide 13

Диалог құрастыру

Slide 14 Slide 15

Ыстық орындық

Slide 16

Егер мен табыскер адам болсам . . .

Slide 17

Үйге тапсырма:

«Ұлтының мақтанышы» ой-толғау.

Slide 18

Нұртай Салихұлы Сабильянов 1962 жылы 1 маусымда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Аягөз ауданы Шыңқожа ауылында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын және Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірді. Еңбек жолын 1979 жылғы шілде айында Аягөз ауданының «Нарын» кеңшарындағы «Орбита» комсомол-жастар бригадасында бастады. 1980 жылғы қарашадан бастап 1982 жылғы желтоқсан аралығында Кеңес Армиясы қатарында қызметін өтеді. 1983 жылғы қаңтар-қараша аралығында «Нарын» кеңшарында құрылыс учаскесінің жұмысшысы болды. 1988-1990 жылдары Алматы электротехникалық зауытында экономист болып жұмыс істеді. 1990 жылдан бастап 2004 жылғы қараша аралығында «Сарыарқа» акционерлік қоғамында («Сарыарқа-Алуан» ЖШС) бас бухгалтер, ал 1996 жылдан бастап қаржы жөніндегі вице президент-бас бухгалтер, басқарма мүшесі болды. 2004 жылғы 3 қарашадан бастап 2007 жылғы 20 маусым аралығында - үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ШҚО (Аягөз, Жарма, Үржар аудандары) № 25 сайлау округі бойынша сайланды. 2007 жылғы 27 тамыздан бастап 2011 жылғы 15 қараша аралығында - төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиялық тізімі бойынша сайланды. 2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» -партиялық тізімі бойынша сайланды. «Шапағат» медалімен, «Құрмет» орденімен және ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Содружество» орденімен марапатталған.


Ұқсас жұмыстар
Әлібек Қаңтарбаев шығармашылығына зерттеу
Қазақ тілді мектептер проблемасы
Комбинаторика мен Ньютон биномы және олардың ықтималдықта қолданылуы
Алғашқы функция және интеграл
Қазақ тілі пәнінен сұрақ
Ескендір поэмасын оқу
Қозғалмайтын электр зарядтарының электр өрісі
Кім жүйірік
Қой атасы кім
Ұлы суретші Ә.Қастеев
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz