Сөз мағына




«Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тілі»
А. Байтұрсынов
Жобаның авторы және жетекшісі:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мухамбеталиева Шолпан
Базаргалиевна
Компьютерлік құрастырушы-безендірушісі:
Серікқали Айнагүл
Серікқалиқызы

«Тіл біліміне кіріспе»
оқу-әдістемелік кешені

Бағдарламаның мақсаты:
ана тілінің қоғамдық- әлеуметтік мәнін түсінген, әдеби тіл нормаларын жетік қолдана білетін, сөйлесім әрекеті қалыптасқан, тілдің қызметін жүйелі меңгерген дара тұлға қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасау.
оқушыларды ҰБТ-ға даярлау, сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету, тілдің қызметін жүйелі меңгерген коммуникативтік біліктігі дамыған тұлға даярлау.
ғылым жолына бағыттау, ой- өрісін кеңейту арқылы оқушының қызығушылығы мен қабілетін әрі қарай дамытып, кәсіптік бағдар беру.

Күтілетін нәтиже: Балалардың қосымша алған білімдері шығармашылық қабілетінің дамуы, Қ. Р. Білім министірлігінің бекіткен қазақ тілі пәні бойынша мемлекеттік стандартқа сай алуға тиісті білім негіздерін тыңғылықты меңгеруге көмегін тигізеді. Жинақта келтірілген өзіндік жұмыстарды өз еркімен орындап, мұғалімнің көмегінсіз өздерінің жұмыстарына, алған білімдеріне риза болу сезімдері қалыптасады.

Қолданылған әдебиеттер
Қазақ тілі энциклопедиясы.
Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасы. Алматы. 2003 ж.
Қ. Ақанов. «Қазақ тілі оқулығына арналған нұсқаулық» Алматы. 1975 ж.
С. Рахметов. «Қазақ тілін оқыту методикасы» Алматы. 1991 ж.
Р. Әмірова. «Қоғам реформасына сай қазақ тілін оқыту концепциясы»
Ғылыми-Республикалық басылым «Қазақ тілі мен әдебиеті» №4. 1997, № 8. 2010 ж. №2. 2012 х.
Ә. Ишмұхамедов «Қызықты грамматика» Алматы «Рауан» 1995 ж.
Қазақ тілі . Дидактикалық материал. 7- сынып. Алматы «Атамұра» 2003 ж.
Қазақ тілі оқулығы 6-7 сыныптар. Алматы «Атамұра» 2011 ж.
К. Арыстанбекова. Б. Кәтенбаева. Қ. Қалмұқанбетова. «Қазақ тілі» бойынша үлестірме жаттығулар. Алматы. 1993 ж.
М. Сабыр. «Қазақ тілі» тест үлгісіне негізделген оқу құралы. Алматы. 2002 ж.
Қазақ тілі жұмыс дәптері. Орал. 2009 ж.

Мазмұны:
Әдеби тіл және мәтін бойынша:
Ана тілінің қызметін білу, мәтіннің құрылысын, абзац, сөйлемді ажырату; мәтіндердің тақырыбын түсіну, өзі тақырып қоя алу.
Лексика тарауы бойынша: сөздердің тура және ауыспалы мағынасының айырмашылығын білу; Лексикалық терминдерді дұрыс ажыратып, қолдана алу; сөздерді мағыналық топтарына қарай жіктеп, сөйлеу тілінде дұрыс пайдалану, қазақ тілінің ішкі салаларын ажырата білу, сөздіктермен жұмыс істей алу.
Фонетика тарауы бойынша: фонетикалық терминдерді дұрыс ажырата білу, орынды қолдану; дыбыс пен әріптің айырмашылығы мен бірлігін ажырата білу, Сөз құрамындағы дыбыстардың дауысты, дауыссыз түрлерін ажырата алу.
Сингорманизм, ілгерінді, кейінді ықпал туралы білімін сөйлеу тілінде дұрыс қолдану; сөздерді орфоэпиялық, орфографиялық нормаларға сай жазып, айта білу;
Морфология тарауы бойынша: сөздерді тұлғасына қарай айыра білу; сөз таптарының мағыналық топтарын білу, мәтіннен таба алу, қолданылу орындарын анықтау; сөз таптарының өзіндік белгілерін тану, сұрақтарын, мағыналық түрлерін анықтай білу;
Синтаксис тарауы бойынша: синтаксистік ұғымдарды бір- бірінен дұрыс ажырата білу, сөздерді мағынасы мен логикалық байланысына қарай тіркестіре білу, оларды талғампаздықпен жұмсай алу, сөз тіркестерінің байланысу түрлерін ажырата білу;
Өзектілігі: Курстың әр сабағын өткен сайын оқушылардың пәндік олимпиадаларға, ҰБТ-ге дайындық деңгейін жетілдіруге жағдай жасалады. Тілдік қызметтің барлық түрін өзара байланыста оқыту, қоғамдық қажеттіліктерді, ұстанымдарды басшылыққа алу, оқытудың, жүйелі білім берудің өзегіне сөз мәдениеті деңгейін көтере отырып оқушының жеке тұлғалық мәдениеті қалыптасады.
Мамандыққа бағдарлау: филолог, журналист.
Ұйымдастыру түрі:
Жыл бойына факультатив сабағы түрінде аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат өткізіледі.

Міндеті
Бағдарлама жалпы білім беретін мектептердегі 5-8 сыныптың қазақ тілі курсы бойынша және «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту әдістемесіне» негізделе отырып құрастырылды.
Жинақты құрастыруда жалпы білім беретін мектептің 5-8 сыныптарына арналған оқулығу және қоғамдық- гуманитарлық, жаратылыстану- математика бағытындағы оқу бағдарламасы (Астана, 2010 жыл) басшылыққа алынды. Жыл бойы өтетін тарауларға сәйкестендіріліп жүйеленген.
Жалпыға міндетті орта білім берудің мемлекеттік стандарттар талабына сай оқушылардың ауызша және жазбаша сауатын дамытып, қазақ тілі мен әдебиетінің бай тілдік қазынасын игеріп, оны өмірде пайдалана білуге қызмет етеді. Оқушының лексикалық қорын байытады, сөз мағыналарын танытады, тіл дыбыстарының жасалу жолдары мен қызметін білдіреді, сөздерді топтастырудың белгілерін меңгертеді, сөзжасам тәсілдерін игертеді, сөздерді байланыстырудың тәсілдері мен түрлерін білгізеді.



Лексика - тіл білімінің ерекше бір саласы (1 сағат)
Қазақ тілінің сөздік қоры лексикология тұрғысынан бірнеше салаға бөлінетіндігі.
Ереже
Тест

Фонетика. Тіл дыбыстары. (1 сағат)
Тіл дыбыстары мен фонеманың бірлігі мен айырмашылығының сөз мәдениетіне қатыстығы туралы.
Ереже
Тест

Сөзжасам - тіл білімінің жаңа саласы (1 сағат)
Ереже
Тест

Морфология - тіл білімінің бір саласы (1 сағат)
Атауыш сөздердің тарихи арналары.
Ереже
Тест

Кіріспе (1 сағат)
Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Ұлттық тіл, мемлекеттік тілдің қызметі туралы.
Әдеби тіл, оның нормалары (1 сағат)
Әдеби тілдің нормасы жазба тіл арқылы қалыптасып, шыңдалды.

1-сабақ. Кіріспе. Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Ана тіліміз, яғни қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Ол өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қағамдық саяси өмірдің барлық саласын қамтитын лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және сараланған стильдік нормаларымен аса тартымды тіл ретінде танылып келеді. Дегенмен, тіл қазынасының тереңіне сүңгіп, інжу- маржанын әлі де итере түсуді, кеңінен игеруді қажет ететін қыр- сыры да баршылық.
Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл- халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін- келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін -ана тілі мен ата дәстүрі. Өйткені, халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге бағытталған.
Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңында» -«Тіл- ұлттың аса ұлы игілігі әрі онығ өзіне тін ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы - тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңейуіне тығыз байланысты », - делінген.
Қазақ тілі- ұрпақтан- қрпаққа, атадан балаға жеткен ұлы құбылыс. Сондықтан да қазақ тілі халқымыздын қайраткерлерінің марапатына, ұлы ақындары мен жыршыларының жыр арқауына айналған.
Ұлы Абай:
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас,
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас, -
деп жырласа, С. Торайғыров:
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім;
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнің
деп жырлады.
Ал Ә. Тәжібаев:
Туған тілім -тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өссемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!-
деп тебіренген болатын.
Ойтолғау. «Өнер алды қызыл тіл»

2- сабақ. Әдеби тіл және мәтін ойдың берілу формалары.
Сөйлем құрау жүйесі.
Міндеттері:
1-Тапсырма. Тілдің қоғамдық қызметі . . .
2-Тапсырма. Әдеби тілдің нормолары:
3-Тапсырма. Әдеби тілдің нормаларына мысал келтір.
4-Тапсырма. Тіл туралы жазылған бір мәтінге орфографиялық, орфоэпиялық нормалар бойынша талдау жасау.
5-Тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
Түрлі тақырыпта мәтін құрау. Бір-бірінің мәтіндерін талдау.
Тақырыбы:
Мәтіннің түрі:
Құрылымы:
Тірек сөздер:
Негізгі ой:

3- сабақ. Лексика - тіл білімнің ерекше саласы.
1. Мазмұндық жоспар: 1. Қазақ тіл біліміндегі лексиканың орны мен рөлі, маңызы.
2. Мағына-ұғым-түсініктердің өзара бірлігі, айырмашылығы.
3. Лексиканың зерттеу нысаналары:
а) сөз мағнасы: ә) тіл байлығы екендігі.
2. Мына сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің қайсылары қандай мағынада қолданылған? Тура мағынада ма, ауыспалы мағынада ма?
Ыстық күн. Ыстық сезім бойын биледі. Терең көл. Оқушылар терең білім алды. Қуаныш күлкісі мөлдірейді. Екі көзі қарақаттай мөлдірейді.
Бақытқа батып белшеден,
Ырысқа қандым, кенелдім. (Ж а м б ы л. )
Жер мен аспан қосыла билейді. Дариған кең қырман. (Ғ. М ү с і р е п о в. )
Оспанқұ л-тілді жігіт . . . Ала көлеңкеде маңдайы жарылып келе жатқан баран атты жас аңшыны да таң қалдырды. (М. Әуезов)
3. Төмендегі сөздерді оқып, оларды мағыналарына қарай топ топқа бөліп жаз.
Ауру. Келбет. Жауынгер. Аялдама. Спорт. Табиғаттану. Мұхит. Ғарыш. Бағдарлама. Ар-дагер. Дихан. Нарық. Экология. Қондырма. Демуші. Балгер. Біліктілік. Емші. Күнтізбе. Жеңімпаз. Генерал. Полигон. Емхана. Комиссар. Үйлестіру. майдангер. Алттын отта, адам істе танылар. Сұлтан. Тайпа. Қорқақты батыр санама. Жаманды жақынға санама. Қауға. Көнек. Моса. Тік ағаш үйге тіреу, Тура жігіт елге тіреу. Мұртын балта кеспеу. Ит басына іркіт төгілу.
4. Ойтолғау: Сөз мағынасын дұрыс айыра білудің мәнін қалай түсінеміз?
Неологизм, термин сөздер
Кәсіби сөздер
Көнерген сөздер
Идиомалар
Мақал- мәтелдер

Лексика- белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.
Сөздер заттар мен құбылыстардың аты, саны мен сапасы, қимыл- әрекеті сияқты алуан түрлі мағыналарды білдіреді. Дыбысталу- сөздің сыртқы қабығы,
Мағына- сөздің ішкі мазмұны. Бірақ тілде мағынасын жоғалтқан сөздер де кездеседі.
Лексика- (грек сөзі «сөздік қор») мына тақырыптарды зерттейді:
жалпы қолданыстағы сөздер.
Қолданылу аясы шектеулі сөздер.
Көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер.
Сөздің лексикалық мағыналары.
1
Жалпы қолданыстағы сөздер
Күнделікті өмірде қолданылатын сөздер: бар, кел, етік, туысқан. . .
2
Қолданылу аясы шектеулі сөздер
Архаизм, историзм, неологизм, диалект сөздер мен термин, кәсіби, табу, кірме, эвфемизм мен дисфемизм сөздер.
3
Қанатты сөздер
Тұрақты тіркестер, идеомалық тіркес, мақал- мәтел, афризм (нақыл сөздер)
4
Сөздің лексикалық мағыналары
Тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздер мен омоним, синоним, антоним сөздер

ТЕСТ
ТЕСТ
1. Көнерген сөз деген не?
А. Заман талабына сай жаңа сөздер.
В. Белгілі бір аймақта айтылатын сөздер.
С. Қолданыстан шығып қалған сөзер.
D Қолданылмайтын жаңа сөздер.
Е. Кірме сөздер.
2. «Архаизм» сөзі қай тілден шыққан?
А. Орыс. D. Араб.
В. Қазақ. Е. Латын.
С. Грек.
3. Неологизм (жаңа сөздерді) табыңыз
А. Таңертең D. Шөміш
В. Домбыра Е. Ермексаз
С. Оттық
4. Өсімдікке қатысты жаңа сөзді табыңыз
А. Қызанақ, орамжапырақ; D. Құжат, жеделхат;
В. Өскін, жасуша; Е. Ағза, кеден;
С. Жылыжай, саяжай;
5. Неологизмге айналған көнерген сөзді табыңыз
А. Үнтаспа; D. Байрақ;
В. Жеделхат ; Е. Жолсерік;
С. Үнқағаз;
6. Сәйкестендіру
А. Көнерген сөзі бар сөйлемді тап. 1. Азан
В. Қаржы саласына қатысты неологизм сөз. 2. Құран
С. Архаизмнен болған тіркесті тап. 3. Салық
D. Неологизмге айналған көнерген сөз. 4. Қараша үйден ханша шығады.
Е. Діни термин сөзді тап. 5. Космос кораблі

4- сабақ. Сөз және оның мағынасы.
1- Тапсырма. Қалай деп ойлайды? \ ойын\
Жұмысқа илікпейтін, еш нәрсеге икемі жоқ қаңқайып қалған адамды ( оқтау жұтқан)
Отбасынсыз жалғыз басты адамды (салт басты, сабау қамшылы)
Біреуді екінші біреумен салыстырып кеміте айтқанда (астар болмайды)
Жөнімен істейтін істі бүлдіріп, қырып- жойып келетін адамды (шаш ал десе, бас алады)
Ешқандай орындалмайтын ойды, болмайтын істі (түйенің құйрығы жеоге, ешкінің құйрығы кқкке жеткенде)
Қауіп- қатер ойлап сақтандыруда (сақтықта қорлық жоқ, жаман айтпай, жақсы жоқ)
Қалай істесе де ешбір жөні, қисыны келмей тұрған іс туралы (былай тартса өгіз өледі, былай тартса арба сынады) .
Көрген-білгенінің бәрін жоққа сайып, бар да болса, жоқ деп тұратын адамдар туралы (аузын қу шөппен сүрту) .
Молшылыққа кездесіп, мол олжаға ие болуды (шаш етектен бату) .
Көре түра бірдемеден айырылып қалу жағдайы (сақалды қолдан беру) .
Бірдемені амалсыздан әзер істеу (қолының ұшымен ғана)
Мейлінше билеп-төстеп алу, қалғанынша қожалық ету туралы (айдап өргізіп, иіріп жусату) .
Біреуді-біреудің өзіне тәуелді етіп алуы туралы (ашса алақанында, жұмса жұмырығында) .
Мандымсыз іс, болмаса тіршілік туралы (құрыққа сырық жалғап) .
Біреудің жаман іс, мінезін әшкерелеуді (бет пердесін жұлып алу) .
Біреудін кемшілігін бетіне айтып, қатты сынау туралы (бетің бар, жүзің бар демей) .
Біреудің мінін бетіне айта алмау, сыртынан жіңуді (хан артынан жұдырық) .
Болымсыз бірдемені сылтаулап, істі істегісі келмеу, бүлдіру туралы (бүйректен сирақ шығару) .
Біреудің, бірдеменің із-түзсіз жоғалып кету жайлы (үшті-күйлі жоғалып; жер жұтып кеткендей)
Екі бірдей қайғы-қасіретті басынан кешіру жөнінде (екі оттын ортасында күю) .
2- тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар. Мысал келтіріп жаз.
Сөз тіркесі
Күрделі сөздер
Тұрақты тіркестер
Алтын сәуле
Сары ала
Ит арқасы қиянда

Сөз мағынамен тығыз байланысты. Сөз дегеніміз- заттың, түрлі құбылыстың, қимыл- әрекеттердің атауы.
Сөз мағынасы лексикалық мағына және грамматикалық мағына болып екіге бөлінеді. Лексикалық мағына- сөздің жеке тұрғанда немесе сөйлемде білдіретін негізгі ұғым.
Осы сөздерді сөз тұлғасы, сөз таптары, сөйлемдегі қызметі тұрғысынан қарастырсақ, олардың білдіретін мағыналары грамматикалық мағыналар болады.
Дыбысталу- сөздің сыртқы қабығы, мағына - сөздің ішкі мазмұны. Бірақ тілде мағынасын жоғалтқан сөздер де кездеседі. Мысалы: үшін, дейін, таман т. б. Мұндай сөздер басқа мағыналы сөздермен тіркесіп қана қолданылады.
Ал осған кеісінше, сөздің ішкі мағынасы сақталып, дыбысталу түрі өзгеретін де жағдай кездесежді. Мысалы: елу- сөзі, елліг-еліг- елу;
Сөздердің мағынасы бірде өзгеріп, бірде жоғалып, бірде жаңарып отырады. Мысалы: малай (татар тілінде- бала), қыз- қырқын (қырқын- күңнен туған қыз), көкпар (көк бөрі- мықты, азулы, нағыз көк жал қасқыр)

Сөз мағынамен тығыз байланысты. Сөз дегеніміз - заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы.
Сөз мағынасы лексикалық мағына және грамматикалық мағына болып екіге бөлінеді. Лексикалық мағына - сөздің жеке тұрғанда немесе сөйлемде білдіретін негізгі ұғым.
Осы сөздерді сөз тұлғасы, сөз таптары, сөйлемдегі қызметі тұрғысынан қарастырсақ, олардың білдіретін мағыналары грамматикалық мағыналар болады.
Дыбысталу- сөздің сыртқы қабығы, мағына - сөздің ішкі мазмұны. Бірақ тілде мағынасын жоғалтқан сөздер де кездеседі. Мысалы: үшін, дейін, таман т. б. Мұндай сөздер басқа мағыналы сөздермен тіркесіп қана қолданылады.
Ал осған кеісінше, сөздің ішкі мағынасы сақталып, дыбысталу түрі өзгеретін де жағдай кездесежді. Мысалы: елу - сөзі, елліг-еліг- елу;
Сөздердің мағынасы бірде өзгеріп, бірде жоғалып, бірде жаңарып отырады.
Мысалы: малай (татар тілінде- бала), қыз- қырқын (қырқын-
күңнен туған қыз), көкпар (көк бөрі- мықты, азулы, нағыз көк жал
қасқыр)
ТЕСТ
Лексикалық мағынасы бар сөзді табыңыз.
А. Хан D. Гөрі
В. Үйшік D. Және
С. Үшін
2. Тасымалдауға келетін сөздітап.
А. даңқ D. Реңк
В. Оңай Е. Баға
С. Саңқ
3. Лексикалық мағынасы жағынан дұрыс тіркесті тап.
А. Қимас мінез D. Кең талғам
В. Шебер өңір Е. Кең дала
С. Адал тер
4. Семасиология, әтимология, омоним, антоним, синоним сөздері тіл білімінің қай тарауына жатады?
А. Лексикология D. Орфография
В. Фонетика Е. Грамматика
С. Морфология
5. Грамматикалық мағына дегеніміз не?
А. Сөздің түбір күйінде берген ұғымы
В. Сөздің лексикалық мағынасына қосымша беретін мағынасы
С. Тура мағына
D. Келтірінді мағына
Е. Ауыспалы мағына

5-сабақ. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Көп мағыналық.
Мақсаты: Тура және ауыспалы мағынадағы сөздердің қолданылатын орындары. Көп мағыналы сөздердің ауыспалы мағынада, сөздерден айырмашылығы, қолданылу орындары, тіл мәдениетіне қатыстылығы туралы түсінік.
Әдістемелік нұсқау: Сөздің тура мағыналары толық мағыналы дербес сөздердің бәріне де қатыстылығы. Көп мағыналы сөздердің бір негізден шығатындығы, бір сөз табына қатыстылығы.
Түрі: Мәтінмен жұмыс. Талдау.
1-Тапсырма. Сөйлемді оқып, мағыналарын анықтап, қарамен жазылған сөздерлің тура мағынасы мен ауыспалы мағыналарын түсіндір.
Үй іші толған дүние. Ішің ауырса, тамағыңды тый. Қалада оқып жатқан қарындасыма көз бола жүр. Көзің ауырса, қолыңды тый. Қолыңнан келетін жұмысқа ғана ұмтыл. Басың ауырса дәрігерге көрін.
2- тапсырма. Топтық жұмыс. Кестені толтыр.
3- тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар.
4-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
«Сыйлы оқушы деген кім?» ойтолғау.
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Тура мағыналы сөздер
Ауыспалы мағыналы сөздер
Көп мағыналы сөздер
І деңгей.
ІІ деңгей
ІІІ деңгей
Қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтап, түсіндір.
1) Жапырақ кетті, жаз кетті.
Күз болған соң кетті күй.
(Абай-Крылов)
2) Біздің ауылда бақ көп,
«Жалыны қайтар дененің,
Үнемі тұрмас осы шақ,
Талайғы кәрі дүниенің
Бір тетігін ұстап бақ»
(Абай)
Үзіндіден ауыспалы мағынадағы сөздерді тап.
1. Жем байла, жауырын жаз, жаныңды ашып,
Қоңырдың қолтық, қойнын толтыр етке.
(І. Жансүгіров)
2. Жанардың әжесі алмадан қақ жасады.
Қарамен жазылған сөздер қандай мағынада жұмсалған?
1. Қап, мынаның баласы!. . .
Орта қап қара қи да, кәрі қойдың етімен Ерболды жөнелтпек болып отырған сараң үйдің иесі де айтыла кетті.
(М. Әуезов)
Мақалдың жалғасын тап, сөз мағынасын түсіндір.
1. Құс қанатымен танылар, . . .
2. Жан қиналмай, . . .
Қақ, жаз, күй сөздеріне әртүрлі мағынада сөйлем құра.
Мақалды толықтыр.
Қанатты жерге . . . тұрар,
Қайратты ерге . . . тұрар.

Сөз мағынасы өзгеріп, дамып, кеңейіп отыратын өте күрделі құбылыс. Осыған байланысты сөздің тура және ауыспалы мағынасы болады.
Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады. Тура мағына әр заттың өзіне ғана тән жеке мағынасы болып табылады.
Мысалы: ал, ана, бер, айт, арыстан т. б.
Сөздер әрқашан тура мағынада айтыла бермейді. Сөздің тура мағынасы негізінде туып, өрбіген, жалпы көпшілікке түсінікті ауыспалы мағыналары да болады.
Лексикалық мағынаның бұл түрін туынды мағына деп атайды.
Мысалы: Арыстан еді- ай, Исатай.
Сөзді ауыспалы мағынада қолдану - ойды көркем етіп айтып, берудің құралы.
Тіліміздегі ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйтқы (негіз) болады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналығы дейміз. Көп мағыналаы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады. Мысалы: жердің беті, судың беті, қыздың беті т. б.

Тест.
1. «Ұя» сөзінің тура мағынасын тап.
А. Алтын ұям- мектебім. D. Қызын ұясынан ұшырғалы тұр.
В. Әркім өз ұясын аңсайды. Е. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырды
С. Бүркіт ұясын шыңға салады.
2. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз. Бұлақтың көзін ашу- игі іс.
А. Бұлақтың D. Игі
В. Көзін Е. Іс.
С. Ашу
3. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз
А. Қарындашын ұштау. D. Таяқты ұштау.
В. Найзаны ұштау. Е. Қайланы ұштау.
С. Шеберлікті ұштау.
4. Сәйкестендір.
А. Тура мағына 1. Жаудан тіл әкелді.
В. Ауыспалы мағына 2. Биік тау
С. Көп мағына 3. Биік сезім
D. Тура мағына 4. пышақтың жүзі
Е. Ауыспалы мағына 5. Суық жел
5. сәйкестендір.
А. Заттың, түрлі құбылыстың, қимыл- әрекеттің атауы. 1. Лексикалық мағына.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz