Тау жыныстары


Slide 1

№13 М. Мәметова атындағы орта мектеп

8“Б”- сынып

Slide 2

Сабақтың тақырыбы:

Жер бедерінің қалыптасуы мен дамуы

Slide 3

Мақсаты:

Білімділік - Қазақстан аумағы жер бедерінің ішкі және сыртқы күштер әсерінен дамуы мен қалыптасуын түсіндіру, тектоникалық қозғалыстар жайлы, сейсмология ғылымының зерттеу нысаны туралы білім беру

Дамытушылық - жер қыртысында болатын апатты құбылыстардың шығу тегі жайлы білімді дамыту

Тәрбиелік - табиғатты таза сақтауға әр адам жауапты екенін түсіндіру, отансүйгіштік сезімдерін одан әрі дамыту

Slide 4

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа білімді қалыптастыру

4. Жаңа білімді бекіту

5. Қорытындылау

6. Бағалау

7. Үйге тапсырма беру

Slide 5

2. Үй тапсырмасын тексеру:

Физикалық карта мен тектоникалық картаны салыстыра отырып, жер бедері мен тектоникалық құрылысы арасындағы байланысты анықтау

ҮЛЕСТІРМЕЛІ КАРТОЧКАҒА ЖАУАП БЕРУ

Slide 6

Тау жыныстары

Магмалық тау жыныстары, атқылаған тау жыныстары - магма немесе жанартаулық атқылаулардан жер бетіне төгілген лаваның суынуынан және кристалдануынан (түйіршіктенуінен) пайда болған тау жыныстары. Олар негізгі екі түрге бөлінеді: эффузивтік (жанартаулық, төгілмелі), жанартау атқылауы кезінде магманың лава түрінде шығып жер бетінде қатайған және интрузивтік (тереңдік), басқа тау жыныстары арасында қатып қалған түрлері.

Метаморфтық тау жыныстары (грек. metamorpho - өзгеру), метаморфизм әсерінен пайда болады. Егер метаморфизмде бастапқы тау жыныстарының химиялық құрамы өзгеріске ұшырамаса, онда қалыптасқан Метаморфтық тау жыныстарын метаморфиттер, ал өзгеріске түскендерін метасоматиттер деп атайды.

Шөгінді тау жыныстары[1] - құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары. Материалдың бөлшегі, салмағы, үлкендігі оның сортталу дәрежесімен сипатталады және қабатты болады, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары кездеседі. Шығу жағынан химиялық (гипс, тас тұзы, оолитті ізбестас және басқалары), органогендік (қараңыз), жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруінің салдарынан пайда болады (маржандық және қабыршақтық ізбестас, шымтезек, тас көмір) және кесек шөгінді тау жыныстарына бөлінеді.

Slide 7

СӘЙКЕСТІГІН ТАП:

ЖАС ПЛАТФОРМА

ЕЖЕЛГІ ПЛАТФОРМА

КАЛЕДОНДЫҚ ТАУ ТҮЗІЛУ КЕЗІНДЕ

ЖЕР ҚЫРТЫСЫ ТЫНЫШ БОЛДЫ

ТЯНЬ-ШАНЬ ТАУЛАРЫ ҚАЙТА КӨТЕРІЛДІ

РЕСПУБЛИКА АУМАҒЫН ТҰТАСТАЙ ДЕРЛІК ТЕҢІЗ БАСЫП ЖАТТЫ

АЛЬПІ ҚАТПАРЛЫҒЫ

САРЫАРҚАНЫҢ СОЛТҮТІК-БАТЫСЫ ҚАЛЫПТАСТЫ

АРХЕЙ ЖӘНЕ ПРОТЕРОЗОЙДА

МЕЗОЗОЙДА

ШЫҒЫС ЕУРОПА

ТҰРАН

Slide 8

ЖАҢА БІЛІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕР БЕДЕРІ ОНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ТАРИХЫМЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ

ЖЕР БЕДЕРІН

КҮШТЕР ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

ІШКІ ЭНДОГЕН-ДІ

СЫРТҚЫ ЭКЗОГЕН-ДІ

Slide 9

Негізгі ұғымдар

Жер бедері

Эндогендік процестер

Экзогенді

Тектоникалық қозғалыстар

Жаңа тектоникалық қозғалыстар

Платформа

Сейсмология

Эрозия

Сел тасқыны

Жер сілкінісі

Slide 10

Платформа (фр. plate - жайпақ, forme - форма) - геологияда қозғалмалығы біршама аз, жазық немесе үстірт тәрізді бедерлер. Архей мен протерозойда қалыптасқан ежелгі платформа (Шығыс Еуропа, Сібір) және ігретасы палеозой мен мезозой тау жыныстарьшан құралған жас платформа (Батыс Сібір, Скиф, Тұран) деп ажыратылады; кристалды тақтатастардан, гнейстерден, эффузивті жыныстардан және тағы басқалар. күшті метаморфозданған архейлік жыныстардан құралған жер қабығының көлемді берік алабы.

Эрозия (лат. еrosіo - мүжілу), геологияда - тау жыныстары мен топырақ бетін аққан судың шаюы. Эрозиялық құбылыстың дамуына сол жердің топырақ-өсімдік жамылғысы және геол. құрылысы да әсер етеді. Эрозия - жер бедерін қалыптастырушы факторлардың бірі. Түзілген жербедер пішіндеріне байланысты беткі Эрозияға (ағын өткен жер беті ой-шұңқырлары тегістеледі) және тілімдеу Эрозиясына (жер беті сай-жыраларға тілімделеді) ажыратылады. Беткі Эрозия аңғар және арнаның бүйірлері бұзылып, ағынның жайылуынан, ал тілімдеу Эрозиясы ағын арнасының тереңдеуінен қалыптасады.

Slide 11

Жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан козғалыстарды тектоникалық қозгалыстар деп атайды. Жаңа тектоникалық козғалыстар кайнозой эрасының неоген және төрттік (антропоген) кезеңдерін қамтиды. Бұл козғалыстардың нәтижесінде Қазақстанның таулары жаңғырып, қатпарлы-жақпарлы таулар қалыптасты.

Қазакстанның биік таулы жүйелеріне тән ірілі-ұсақты Тау көтерілу процесі казір де жүріп жатыр. жер сілкінулер де тектоникалық қозғалыстардың болып жатқанын дәлелдейді. Жер сілкіну процестерін сейсмология ғылымы зерттейді. Жер сілкіну аса қауіпті апат әкелетін табиғат құбылыстарының бірі. Жер шарындағы сейсмикалық аспаптардың (сейсмограф) тіркеуі бойынша тәулік сайын орта есеппен 200-ден астам, ал бір жылда 100 мыңға жуық жер сілкінісі болып тұрады.

Бірақ олардың бәрі апатты емес.

Slide 12

Тектоника ғылымы жер қыртысында тоқтаусыз жүріп жатқан қозғалыстарды зерттейді

Slide 13

Эндогендік процестер

- Жердің ішкі энергиясына, ауырлық күшіне және Жер айналған кезде пайда болатын күштерге байланысты оның қойнауында жүретін геологиялық процестер. Эндогендік процестерге радиоактивті заттардың ыдырауы, әр түрлі химиялық реакциялар және жер қыртысының астындағы массалардың өзгеруі және т. б. жатады. Эндогендік процестер тектоникалық қозғалыстар (жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі, қатпарлану, бедердің ірі элементтерінің пайда болуы, жер сілкіну), вулканизм процестері (магманың көтерілуі, бедердін жанартаулық пішіндерінің құрылуы мен жанартаулардың атқылауы), тау жыныстарының метаморфизмі және пайдалы қазбалар кенорындарының қалыптасуы түрінде көрініс береді. Эндогендік процестер жер бетінің морфоқұрылымына себепші болады және экзогендік процестермен бірге Жер бедерінің қалыптасуына қатысады.

Slide 14

Экзогендік процестер

сыртқы процестер - Күн энергиясы мен Жердің өзіне тарту (гравитация) күшіне негізделген геологиялық процестер жиынтығы. Экзогендік процестерге атмосфера газдарының, жел, жауын-шашынның, организмдерінің әрекеттерінен туатын, бір-бірімен тығыз байланысты физика-химиялық, физика-механикалық т. б. процестер жатады. Жер бетінің әр бөлігінде Экзогендік процестердің белгілі тобы құрлықта физика және химия үгілу басым келеді. Экзогендік процестер әсерінен барлық түпкі тау жыныстарының минералдары мүжіліп үгіледі, әр түрлі жылдамдықпен ыдырайды, үгілген материал бастапқы орнынан жылжып көшеді, жаңа орынға келіп жиналады.

Slide 15

Ішкі күштер

Жердің ішкі қойнауындағы жылу, химиялық, радиоактивті энергия әсерінен жер қыртысында

Тау түзілу

Тербелмелі қозғалыстар

Slide 16

Геохронологиялық кесте бойынша Қазақстандағы тау жасалулар

эра

дәуір

Тау жасалу

таулар

төрттік

Жетісу Алатауы

неоген

Тянь-Шань, Тарбағатай

палеоген

Сауыр, Алтай таулары

бор

юра

триас

пермь

Орал, Тянь-Шань, Алтай, Шығ. Сарыарқа

Карбон

Маңғыстау

девон

силур

Солт. -бат. Сарыарқа

ордовик

Алтай, Сот. Тянь-Шань

Кембрий

кайназой

мезозой

палнозой

Протерозой

архей

каледон

герцин

мезозой

альпі

байкал

Slide 17

Сарыарқа

Slide 18

Іле Алатауы

Slide 19

Хан-тәңірі шыңы

Slide 20

Жер қыртысында қозғалыстардың қазіргі кезде де жүріп жатқанының дәлелі - жер сілкінулер

Slide 21

Жер сілкіну, жер сілкінісі (араб тілден ескірген сөз зілзала араб. : زلزال‎, ағылш. earthquake) - жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.

Жер сілкінісін сейсмология (грекше сейсмос-жер сілкінісі, логос- сөз) ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.

Slide 22

Жер сілкіну - жер асты күштерінің әсерінен Жер беті қыртысының тербелуі. Жер сілкіну Жер бетіндегі білі- ну-сезілу күшіне сәйкес халыкаралық кесте (MSK-64) бойынша 12 балға ажыратылады. 1964 жылы үш сейсмолог ғалым (С. Медведев - КСРО, В. Шпонхойер - ФРГ, В. Кар- ник - Чехия) есімдерінің бас әріптерінен құралған кесте кабылданды.

Сейсмограф аспаптарының тіркеуі бойынша тәулік сайын 200-ден аса, бір жылда 100 мыңға жуық жер сілкінісі болып тұрады

Slide 23

Жер беті негізгі екі сейсмологиялық белдеуге бөлінеді:

1 - Тынық мұхитының сейсмикалық белдеуі

Оған Тынық мұхиты, Оңтүстік Камчатка, Аляска, Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауы, Қытай, Жапон елдері жатады

2 - Жерорта теңізі - Азия сейсмикалық белдеуі

Оған Португалия, Испания, Италия, Балқан түбегі, Туркия, Кавказ, Орта Азия және Қазақстан жатады

Slide 24

Қазақстандағы күшті жер сілкінулер

Қазақстан аумағының оңтүстік және оңтүстік шығысы бүкіл Орта Азияның ең күшті сейсмикалық ауданының бірі. Бұл аймақ жиі және өте күшті жер сілкінулерге ұшырайды. Соңғы 110 жыл бойы Қырғыз, Іле жәнө Күнгей Алатау жоталарына жақын аудандарында өте қарқынды жер сілкінулер болды. Жетісу Алатауы екінші қаркынды зона - 110 жылда 14 рет байқалды.

1887 жылы маусымда жердің күшті сілкінуінен Алматы қаласы қирап, бұзылды. Мұндағы жер сілкіну күші 10 балға жетті. Жер сілкінуден тау опырылып, жер қыртысында жарықтар пайда болды.

1889 жылы күші 9-10 балл Шелек, 1911 жылы күші 10-11 балдық Кемін, 1978 жылы күші 8-9 балл Жалаңаштұп, 1979 жылы күші 6- 7 балл Бақанас жер сілкінуі, Жайсан (1990), Сусамыр (1992), Текелі (1993), 23 мамыр 2003 жылы Луговойда (Құлан) 7 балл жәнө т. б. жер сілкінулер тіркелген.

Slide 25

Қазақстанның сейсмикалық аудандастыру картасы

Slide 26

Олар өте сезімтал, жер қыртысындағы қозғалыстарды 10-20 мың есе күшейтілген түрінде жазып алатын сейсмографтармен жабдықталған

Қазақстанда жер сілкіністерін зерттейтін алғашқы сейсмикалық станциялар 1927 жылы Алматыда, 1932 жылы Шымкентте, 1934 жылы Семейде құрылды.

Slide 27

Қазақстан халқының 38 пайызы сейсмикалық аудандарда тұрып жатыр

Бұл аймақтарда 6 миллионнан астам адам тұрады, өнеркәсіптік әлеуе­тіміздің 40%-ы сейсмикалық жа­ғынан қауіпті өңірлерде.

Рес­публиканың сейсмикалық тұрақсыздық жағынан аса қауіпті аймақтары - Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары.

Соңғы 10 жыл ішінде көмірсутек шикізатын өңдеу ісінің қарқын алуына байланысты еліміздің батысындағы мұнай кәсіпшілігі аудандарында техногенді сипаттағы жер сілкінісі қаупі күшейген.

Slide 28

ЖЕР БЕДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН СЫРҚЫ КҮШТЕР

Күн сәулесі мен қысым күші

Үгілу

Желдің әсері

Ағын судың әсері

Мұздықтардың әрекеті

Жерасты суларының ықпалы

Slide 29

Үгілу

Физикалық үгілу - тау жыныстарының кристалдық торларының температуралық өзгерістер әсерінен үгілуі

Химиялық үгілу - тау жыныстары құрамындағы реакцияға тез түсетін заттардың ауадағы су буының көмегімен өзгеруі және өзара әрекеттесуі нәтижесінде бұзылуы

Slide 30

Үстірт

Slide 31

Үстірт

Slide 32

Мұғалжар

Slide 33

Үгілген борпылдақ тау жыныстарын тасымалдау арқылы жер бедерін өзгертуде желдің маңызы зор

Ағын су да жер бетін тілімдеп, жыралар, сайлар жасайды. Өзімен көптеген тау жыныстарын тасымалдайды.

Slide 34

Эрозия (лат. еrosіo - мүжілу), геологияда - тау жыныстары мен топырақ бетін аққан судың шаюы. Шайылу және ұсақ түйірлердің тасымалдану қарқыны тау жыныстарының қаттылығына, топырақ қабаттарының жатыс бағытына, су ағынының жылдамдығына және мүжілу нәтижесінде пайда болған массаның ірілі-ұсақтығына байланысты. Эрозиялық құбылыстың дамуына сол жердің топырақ-өсімдік жамылғысы және геол. құрылысы да әсер етеді. Эрозия - жер бедерін қалыптастырушы факторлардың бірі.

] Сел (арабша сайль - жойқын тасқын) - таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.

Slide 35

Мұздықтар биік тау басындағы тау жыныстарының үгілуі мен тасымалдануына себепші болады. Мұздықпен өңделген тау жоталары үшкір шыңды, беткейлері тік болып келеді

Жерасты суларының әрекеті - суда тез еритін әктас, ас тұзы, гипс сияқты жыныстар тараған аудандарда болады. Бұл жыныстарды су еріте отырып, бос кеңістіктерді - кеуектерді қалыптастырады, кеуектер ойылып, орнына үңгірлер пайда болады.

Slide 36

Шарын шатқалы

Slide 37

Сел тасқыны

Slide 38

Сел болған жылдар

1921 жылы шілде айында болған сел тасқыны кезінде Верный қаласы (казіргі Алматы) көп зардап шегіп, су астында қалған.


Ұқсас жұмыстар
Магмалық тау жыныстары
Шөгінді тау жыныстары
Магмалық тау жыныстары классификациясы
Шөгінді тау жыныстар
Петрография тау жыныстары туралы ғылым
Интрузивті тау жыныстары
Тау жыныстарының генетикалық жіктелуі
Табиғи тас материалдары мен олардан жасалған бұйымдармен және қолдану барысымен танысу
Минералдардын жіктелуі
Метаморфтық тау жыныстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz