Менің таңдаған мамандығым


Slide 1

Менің таңдаған

мамандығым

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

Мақсаты:

А) оқушыларға болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауына бағыт көрсету;

Ә) нарық талабына байланысты еңбек рыногында ұдайы өзгеріп отыратын, қызыққан мамандықтарына бағыт беру арқылы саналы таңдауға баулу.

Slide 3

Кіріспе сөз

Еліміздің дамуы мен қалыптасуында ұлы мақсаттар айқындалып отыр. Оның ең бастысы-еліміздің тұғырын берік ұстап тұра алатын, оны одан әрі дамытып, көркейтетін ұрпақ даярлау. Қоғамда дамушы күш жастар болғаннан кейін, оның бойында ұлы істі жүзеге асыра алатындай күш, қабілет болуы керек. Ол күш-білімде, тәрбиеде, тәжірибеде.

Slide 4

Ел басы жолдауынан

Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзентісіңдер.

Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар.

Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің - елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш.

Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.

Slide 5

ҚР Конститутциясы 24 бап

Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар делінген.

Қазіргі таңда әлеуметтену, бәсекеге қабілетті азамат болу сіздердің басты мақсаттарыңыз.

Slide 6

Мамандық алғың келе ме, Мамандық өзі немене? Айналаң толған мамандық Айналаң толған өнеге.

Slide 7

Мамандық дегеніміз адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.

Slide 8

Пікірталас

Мамандық таңдаудағы екі көзқарасты салыстырайық.

Қыздар мамандықты немен бағалап тұр?

Сен мамандықты қалай таңдадың және өзіңді шығармашылықпен қалай жетілдірер едің?

Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, кәсіби мүмкіндігі туралы білесің бе?

Slide 9

Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан:

1. Ары қарай өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игергенің аса пайдалы. Бұлардың кез келген мамандыққа қажеті болары сөзсіз!

Slide 10

2. Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.

Slide 11

3. Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғана назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс.

Slide 12

4. Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.

Slide 13

5. «Жақсы адам»-бұл мамандық емес. Егер саған адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын: «Мен де таңдауым керек »-деп, жаңсақ қорытынды жасауға болмайды.

Slide 14

6. Сән қуып мамандық таңдаудың қажеті жоқ.

Slide 15

7. Мүмкіндігіңше өзің таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін, келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алған жөн

Slide 16

8. Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек

Slide 17

9. Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет.

Slide 18

1. Бұрыннан бар мамандықтар. 2. Жаңадан пайда болған мамандықтар. 3. Жойылған мамандықтар.

Slide 19

Брокер-делдал, яғни тауар өндіруші мен тұтынушы арасын келісімге келтіруші

Диллер-биржалық немесе саудалық келісімді өз есебі, қаражаты арқылы үйлестіруші.

Slide 20

Маркетинг-өнімді өткізу проблемаларын мақсатты шешу барысындағы өнім мен қызмет етудегі сұраныстарды қалыптастырушы.

Slide 21

Маркетолог-маркетинг проблемаларымен кәсіби айналысатын маман.

Slide 22

Менеджемент: 1. Кәсіпорынды басқару жүйесі; 2. өндірістік қызмет процесінде адам қатынастары теориясы мен практикасын зерттейтін экономикалық ғылыми атауы.

Slide 23

Менеджер-басқа қызметкерлерге басшылық жасайтын адам.

Slide 24

Ең, ең, ең . . . 1. Ең жасыл мамандық . . . 2. Ең тәтті мамандық 3. Ең ақшалы мамандық. . 4. Ең шашты мамандық. . 5. Ең араласқыш мамандық. . 6. Ең күлкілі(смешная) . . 7. Ең қауіпті . . 8. Ең байсалды мамандық . . . 9. Ең терең мамандық. . 10 Ең биік мамандық. . Ең терең мамандық. .

Slide 25

«Менің таңдаған мамандығым»

Эссе жазу.

Slide 26

«Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады»-деп, біз заман талабына сай болуға тырысатын жастарға сенім білдіре отырып, бүгінгі сабағымыз сіздердің өз мамандығыңызды таңдауға, оң шешім қабылдауға көмектеседі деп сенемін

Slide 27

Қорытындылау

Slide 28

Назарларыңызға көп-көп

рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Менің болашақ мамандығым – есепші
БОЛАШАҚҚА ЖОЛ ЖОБАСЫ
Су моншақпен жұмыс Сәндік-қолданбалы өнер элементтері негізінде көркемдік қолөнерінің эстетикалық тәрбиелік мәні
Болашақ мамандық
Мамандықтар жөнінде мәліметтермен бөлісу, еңбек нарығында енді ғана пайда болған мамандықтар жөнінде мағлұмат беру
Мамандық таңдау ережесі
МЕНІҢ АТА - АНАМНЫҢ МАМАНДЫҒЫ
Портфолио "Бастауыш мектеп мұғалімі" слайд жасау Эссе "Менің болашақ мамандығым"
Оқушылармен кәсіби бағдар жұмыс әдістемесі
Менің мамандығым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz