Әліппеден жаңа сөздерді оқыту


Slide 1

Тақырыбы: «Ғали Бегалиевтің әдістемелік мұралары» Ғылыми жетекші: п. ғ. к профессор Уайсова Г. И. Студент: Атантаева Н. Т.

Slide 2

Бегалиев Ғали Бегалиұлы

(1888-1966)

Филология ғылымдарының кандидаты,

ҚазССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі

Slide 3

“Үздік сынып жетекші - 2012” моделі

Диплом жұмысының мақсаты: Ғали Бегалиевтің ғылыми-әдістемелік мұраларын жан-жақты талдап, оның әдістеме ғылымының қалыптасуына қосқан үлесін айқындау.

Slide 4

Міндеті:

-Әдіскердің ғылыми мұрасына талдау жасау арқылы оның маңызын және әдістеме ғылымын қалыптастырудағы рөлін көрсету;

- ғалымның бастауыш мектепке қатысты әдістемелік еңбектеріне талдау жасау;

- Ғ. Бегалиевтің әдістемелік еңбектерінің өміршеңдігін, қазіргі кезде де қолданыста екенін дәлелдеу.

Slide 5

Ғ. Бегалиев

Ы. Алтынсарин

Ж. Аймауытов

М. Дулатұлы

М. Досмұхамедұлы

Е. Омарұлы

Т. Шонаұлы

А. Байтұрсынұлы

С. Асфендиярұлы

Slide 6

Ғ. Бегалиевтің

бастауыш мектепте

қазақ тіліне жазылған

әдістемелік

еңбектері

«Бастауыш

мектепте

тіл дамыту

жұмысы»

1941

«Бастауыш мектепте

қазақ тілі

методикасы »

1940

«Бастауыш мектепте

қазақ тілі

Методикасының

мәселелері »

1950

«Бастауыш мектепте

бірнеше классты бір

уақытта оқыту

туралы»

1950

«Әріп, дыбыс,

буын»

1941

«Қазақ мектептерінің

4 класы үшін

мұғалімдерге

көмекші құрал »

1959

Slide 7

Қазақ тілі

грамматикасы

5-6 сыныптарына

арналған

оқулық

Алматы, 1948.

Қазақ тілі:

орыс мектебінің

10 сыныбына

арналған

қазақ тілі оқулығы.

Алматы, 1950.

Қазақ тілі:

Жетіжылдық

орыс мектептерінің

VI-VII сыныптарына

арналған қазақ тілі

оқулығы. Алматы,

1951.

Қазақ тілі:

орыс мектебінің

V-VII сыныптарына

арналған қазақ тілі

оқулығы. Алматы,

1957.

Қазақ тілі: орыс

мектептерінің

Х сыныбына

арналған қазақ

тілі оқулығы.

Алматы, 1960.

Қазақша-орысша

тілашар

(авторлар ұжымы) .

Алматы, 1961.

Н

Е

Г

І

З

Г

І

Е

Ң

Б

Е

К

Т

Е

Р

І

Slide 8

Оқу-жазуға үйрету әдісі:

Талдау

1. Текстіден сөйлемдерді айырту

2. Сөйлем ішінен сөздерді айырту

3. Ішінде таныстырылатын дыбыс бар сөздердің буындарын айырту, онымен таныстыру

4. Жаңа дыбысты айырту, онымен таныстыру

5. Сол дыбыстың баспа әрпін көрсету

Жинақтау

6. Кеспе әліппеден сөздер құратқызу

7. Құрастырған сөздерді оқу

8. Әліппеден жаңа сөздерді оқыту

9. Әліппеден сөйлемдер оқыту

10. Әріптердің жазба түрін көрсетіп оның элементтерін, содан кейін тұтас әріпті және ішінде осы әріп бар сөздерді, кейінірек ықшам сөйлемдерді жаздыру.

Slide 9

Р дыбысымен таныстырғанда, талдау жинақтау тәртібі мынандай болмақ:

Ара - тақтай тілетін аспап - (сөйлем)

Ол - ара - (cөз)

А - ра (буын)

Р - а (дыбыс)

Р - әріп

А - ра - буын(жинақтау)

Ара - сөз(оқу)

Ол - ара - сөйлем (оқу)

Slide 10

Дауысты дыбыстарды мынадай сөздерден ажыратқызуға болады:

1. дауысты дыбысы жеке буын болып келген сөздерден (а-ра, а-ла, о-ра)

2. Дауысты дыбысы ашық буын құрамындағы сөздерден (са-ла, ша-ма) . Ал л, р, с, ш, з сияқты дауыссыздарды:

1. Сөз аяғынан ажыратуға болады (ал, ор) ;

2. Ашық буыннан (а-ла, а-ра, о-ра, ша-ра) ;

3. Сөз басынан (сау, нар, нан) ажыратқан дұрыс дейді.

Slide 11

Дыбыстарды қостыруда төменде көрсетілген әдістерді қолдану қажеттігін айтады:

1. Жинақтаудан бұрын сөз буынға, буын дыбысқа ажыратылады. Сөз я буын қалай айтылғанын баланың есіне салу керек.

2. Ең әуелі ұқсастығына қарай тізілген сөздерді оқыту.

3. Ашық буынды айтқызудан бұрын сол буындағы дауыссыз дыбысты айтқанда тиісті сөйлеу мүшесі қандай қалыпта тұрғанын байқату қажет.

4. Сөздің басына, аяғына дауысты я дауыссыз дыбыстарды жалғау (су, а - су; ат, а - ту; а - ра, а - раз; ата - мата т. б.

5. Көрсетіп, айтып есіттіріп барып салыстыру әдісін қолдану (ал - әл, сан - сән, сыз - сіз)

Slide 12

Ғ. Бегалиев дыбыс жүйелі әдіспен оқу-жазуға үйрету жұмысын мынадай үш сатыға (кезеңге) бөледі:

1. Балаларды оқу мен жазуға даярлау (алғашқы дайындық жұмыстары) .

2. Балаларды оқу мен жазуға үйрету: 1-саты - жуан буынды сөздерді оқу-жазуға үйрету, 2-саты - жіңішке буынды сөздерді оқу-жазуға үйрету, 3-саты - аралығында дауыссыз дыбыс қатар келетін буынды сөздерді оқу-жазуға үйрету, 4-саты - ауыр біреу буынды сөздерді оқу-жазуға үйрету.

3. Әліппе аяғындағы қысқа, ықшам әңгіме, өлең, мысалдарды оқытып жаттықтыру. Ықшам сөздер, әңгімелерді жаздыру. Оқу жылының бірінші жартысында балалар әліппені бітіріп, екінші жартысынан бастап кітап оқуға көшеді.

Slide 13

Әдістемеші тәжірибеде жазуға үйретудің мынадай әдістері қолданылатынын айтады:

Генетикалық әдіс.

Дайын үлгі бойынша жаздырып үйрету әдісі.

) Тор сызық бойынша жаздырып үйрету.

Такт бойынша жаздыру.

Slide 14

Л дыбысы мен әрпі.

Сабақ жоспары:

1) Балаларды сабаққа дайындау.

2) Үйге берілген тапсырманы қарап, тексеру, өткен сабақтарды пысықтау.

3) Әліппедегі суреттер арқылы әңгіме және л дыбысын айырту.

Slide 15

ж

Еңбегінде автор көркем шығармаларды түсіндіріп оқыту сабақтары мынадай жоспармен өткізіледі деп көрсетеді:

1) Оқытушы оқуға дайындық жұмысын бітіріп, шығарманы тұтас өзі оқып, егер өлең я мысал өлең болса, жатқа оқып шығу керек. Оқушылар кітаптарын жауып қойып, оқытушының оқығанын тыңдап отырады. Келістіріп оқу арқылы оқытушы шығармадағы негізгі пікірді, бейнелі сөздерді айқын және көрнекі түрде ұқтырады. Сонымен қатар ол көркем шығарманы қалай оқудың үлгісін көрсетеді.

2) Оқу алдынан шығармадағы негізгі пікірді ұғынуға дем беретін сұрауға оқушылардың берген жауабын тыңдағаннан кейін, оқушылар шығарманы ішінен оқып шығады. шығарманы дауыстап оқуға дайындалыңдар деп ескертіледі.

3) Содан кейін оқытушының айтуы бойынша оқушылар шығарманы бөліп оқиды. Әр бөлімді оқып шыққаннан кейін оқытушы жетекші сұраулар қояды.

Slide 16

Көркем шығарманы оқыту жүйесін Ғали Бегалиев төмендегіше көрсеткен:

1) Сабақ алдынан даярлық жұмысы.

2) Әңгімені тұтасымен мұғалім я ең жақсы оқитын бір оқушы оқып шығады.

3) Шығарманы бөлім-бөлімі жігімен оқып, мұғалімнің сұраулары бойынша әңгіме жасап, мазмұнын талдау қажет.

4) Әңгімедегі тиянақты бөлек-бөлек ой жігінің ізімен жоспар жасап, шығарманың тұтас мазмұнын, бөлімдері арасындағы байланысты анықтау.

5) Шығарманың бөлімдерін жеке-жеке талдаудан шыққан қорытындыларды жинақтау мақсатымен шолу түріндегі әңгіме.

6) Шығарманың мазмұнын жоспар бойынша тұтас айтқызу тиіс.

7) Шығарманы оқып шығудағы көзделетін мақсат - оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрету және шығарманың мазмұны есте қалуы тиіс.

Slide 17

Индуктив методы

Мұғалім ең әуелі жеке-жеке грамматикалық фактларды талдатады, фактыларды байқатып, салыстыру жұмысын жүргізеді. Содан кейін қорытынды жасайды.

Дедуктив методы

Жаңа форманы мұғалім өзі көрсетеді, оның белгілерін - ерекшеліктерін көрсетеді, анықтамасын өзі айтып түсіндіреді. Сұраулар қойып жаңа тақырыпты оқушылар қаншалықты ұққандарын тексереді, мысалдар тапқызады.

Slide 18

Оқушылардың білімін нығайту ретіндегі жұмыс әдістері мыналар:

Ауызша және жазбаша грамматикалық талдаулар.


Ұқсас жұмыстар
Ғали Бегалиевтің әдістемелік мұралары
Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар
Сауат ашу пәнінің маңыздылығы
Сауат ашу сабағына қойылатын талаптар
Фокина Лидия Петровна
1.«Әліппе серігі» бойынша жұмыс.. 2. «Жазу дәптері» бойынша жұмыс. 3. «Сауат ашуға арналған дидактикалық материалдар» бойынша жұмыс 4. «Кеспе әріптер мен буындар» бойынша жұмыс
Сауат ашу әдістері
Сынып Оқушылар Жоғары деңгей Орта деңгей Төмен деңгей саны
Әліппеге дейінгі кезең
Сауат ашу пәнінің мақсаты мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz