Тұйық етістік



Ұйымдастыру .
Психологиялық ахуал
Жаттығу “Майшам”

Өзін-өзі бағалау нормалары
10-15
16-24
25-30
3
4
5

Үй жұмысын сұрау:
“Олжалы бестік” ойыны арқылы тексеру

“Мықты болсаң, тауып көр”
1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?
“Алғыр болсаң, айтып бер”
“Балара” өлеңін жатқа айт.
“Тапқыр болсаң, тауып көр”
1. Етістіктің шақтарын ата.
2. Етістіктің сұрақтарын ата.
“Дайын болсаң, ашып көр”
1. Есімшенің жұрнақтарын ата.
2. Етістіктің райларын ата.
“Ойлы болсаң, озып көр”

Құттықтаймын,
сен олжалы бестік алдың!

Қызығушылықты ояту.
Топтық жұмыс
Ана бақыты үшін менің қосар үлесім қандай?

Жаңа сабақ: Тұйық етістік

8
1. Етістіктің ерекше түрі- тұйық етістіктің мағынасы мен тұлғасын түсіндіру. Оқушылардың етістік жайлы білімдерін кеңейту.
2. Оқушылардың әр түрлі әдістер мен тапсырмалар арқылы тілдік білімін, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Ананы құрметтеп, сыйлай білуге, тілді қадірлей білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: 1. Етістікті жақсы меңгеру, тұйық етістікті ажырата білу.
2. Тұйық етістік-у жұрнағы арқылы жасалатынын түсіну.
3. Топпен жұмыс жасап, өз ойларын ашық айта білуге, бір-бірін оқытуға дағдылану.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру
Әдісі: Сұрақ-жауап, СТО әдістері, топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, талдау, ойын
Мақсаты:

Мағынаны тану
«Екі жақты күнделік» әдісі
Ең маңыздысы
Түсініктеме
Тұйық етістік -зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрі.
Тұйық етістік -у, -ю жұрнағы арқылы жасалады.
1. Мысалы: бару, келу, қою.
2. Тұйық етістік септеледі, көптеледі, тәуелденеді, бірақ жіктелмейді.
3. Тұйық етістік зат есім мәнінде де жиі қолданылады:
Мысалы : жасау -қызға жиналған дүние -мүлік .
4. қой+ю-қою, тый+ю-тыю
5. п, қ, к- б, ғ, г- жап+у-жабу, төк+у-төгу, тақ+у-тағу

Тұйық етістік есімдерше түрленеді
Көптеледі
Тәуелденеді
Септеледі
жүгіру-лер, жарысу-лар, тексеру-лер
І. айту-ым, айту-ымыз
ІІ. айту-ың, айту-ларың
айту-ыңыз, айту-ларыңыз
ІІІ. айту-ы
А. білу
І. білу-дің
Б. білу-ге
Т. білу-ді
Ж. білу-де
Ш. білу-ден
К. білу-мен

Заттанған тұйық етістіктер:
көсеу (отты, шоқты көсейтін құрал)
сабау (жүнді сабайтын таяқ)
егеу (темірді егейтін құрал)
жасау (қызға жиналған дүние-мүлік)
қашау (ағашты кесетін, жонып, қырнайтын құрал)
ою (ойып салынған өрнек)

1. Тапсырма
Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тұйық етістікті қойып жазу:
Тапсырманы уақытында . . . керек
Мектепте және үйде тәртіп . . . керек. Үлкендерді . . . сыйлау керек. Мәдениетті . . . керек.
Сабаққа белсенді . . . керек.

Топтық жұмыс
Тұйық етістіктерді тауып,
олардың қандай септікте
тұрғаның ажырату
Сөздің асыл болуы-адамға ұнауымен.
Сөз -ұлы құдірет, ұлылығы- сөзбен адамдарды табыстыруға болады.
Ана тілін құрметтемеу-анаңды да сыйламау деген сөз.
4. Аяққа кісен салуға болар,
Тілге кісен салынбас.

Сатылай кешенді талдау
1- топ - Фонологиялық талдау -Тілдер
2-топ- Математикалық тәсілмен дыбыстық
талдау жасау- Құдірет

Топтық жұмыс
1-топ Септеу -сыйлау
2-топ Тәуелдеу-бару

Ой толғаныс кезеңі
“Ыстық орындық” әдісі
2. Шығармашылық жұмыс. Жеке жұмыс
1) Берілген сөздерді әрі есім сөз,
әрі етістік мағынасында қолданып, сөйлем құрау .
Байқау, сайлау, мақтау, қою.
2) Карточкалармен жұмыс

«Айналмалы бекет» әдісі
Жұптық жұмыс
1. Етістік
2. Сөйлем
3. Зат есім
4. Сын есім

Сабақты қорытындылау.
Блум токсономиясы әдісі:
Жуан және жіңішке сұрақтар:
1. Ы. Алтынсарин қай жылы дүниеге келген?
2. Етістік сөз табы ма?
3. -ған, -ген, -қан, -кен есімшенің жұрнақтары ма?
4. Тұйық етістік жіктеле ме?
5. Тұйық етістік - у, -ю жұрнақтары арқылы жасалады ма?
6. Ы. Алтынсариннің “Таза бұлақ” әңгімесінде үшінші жолаушының қорытындысын еске түсіріп, айтып бер.
7. Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанса, олар қандай дыбыстарға айналады?
8. С. Бегалиннің “Бір табақ ұн, бір табақ арпа” әңгімесіндегі Тілеу неге аш болудың не екенін білмейді?

Рефлексия

Үйге тапсырма беру:
1. Тұйық етістік туралы айту.
2. Тұйық етістігі бар мақал-мәтел жазып келу

Бағалау. Өзін-өзі бағалау.

. «Ой толғау» - Екі көзің не үшін қажет? - Жақсыларды көру үшін. - Екі қолың не үшін керек? - Елге көмек беру үшін. - Құлақ деген не үшін керек? - Ақыл - кеңес тыңдау үшін. - Тіл мен жағың не үшін керек? - Ақиқатты айту үшін? - Ал аяғың? - Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін. Қ. Мырзалиев
Иә, туған жерге жету үшін екі аяғың қандай қажет болса, қазақ тілінің дәрежесінің жоғары болуына тұйық етістіктің де қосар үлесі зор.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz