Мектептегі психологиялық қызметтің өзекті бағыттары



Мектептегі психологиялық қызметтің өзекті бағыттары

Білім берудегі психологиялық қызмет - еліміздің біртұтас білім беру жүйесінің маңызды бір бөлігі. Ол ғылым мен прак-тиканың өзара әрекетіне негізделген. Баланың мүмкіндіктерін айқындап, дамыту-мен айналысады.
Білім берудегі психологиялық қыз-мет - бұл ғылыми, қолданбалы, практикалық және кіріктірілген құ-былыс.
Әр аспекті арнайы кәсіби дайын-дықты талап ететін өз міндеттері бар.

Ғылыми аспект білім берудегі тәжірибелік психологияның методо-логиялары мен теориялары мәсе-лелері тұрғысында ғылыми зерттеу-лерді оқып үйренуді қарастырады. Бірден-бір міндеті психологиялық білімді кәсіби қолданудың әдіс-тәсілдерін, психодиагностиканың, психологиялық-түзету, алдыналу, дамыту бағдарламаларды ғылыми негіздемелеу.

Қолданбалы аспектісінде білім беру қызметкерлерінің психо-логиялық білімді пайдалану көзделген. Яғни тәрбиешілер-дің, мұғалімдердің, әдіскерлер-дің жаңа психологиялық мәлі-меттерді оқу бағдарламаларын және оқулықтарды, әдістемелік материалдарды, оқу-тәрбие бағдарламаларын құруда қол-дану.

Практикалық аспектіні
балабақша, мектеп және басқа білім мекемелерінің психологтары жүзеге асырады. Олардың міндет-тері балалардың, тәрбиешілердің, ата-аналардың қандай да бір нақгы проблемаларымен жұмыс істеу. Олардың міндетіне жаңа әдістерді жасау мен психологиялық заңды-лыктарды ойлау кірмейді.
Бірақ, олар бүгінгі күнде ғылым-дағы бар дүниені кәсіби түрде са-уатты қолдануға міндетті.

Ұйымдастушылық аспект.
Бұл аспекті білім берудегі психо-логиялық қызметтің ықпалы кұры-лымын кұру және қызметтің барлық буындарының өзара әрекетінің мазмұндық және ұйымдастырушы-лық сұрақгар қарастыруды, практик психологтардың кәсіби біліктілігін арттыруды және олардың кәсіби іс-әрекетін бақылауды қамтамасыз етеді. Бұлар иерархиялық бірізді-лікпен аудандық, қалалық, облыс-тық психологиялық қызмет орта-лықтары болып құрылады.

Білім берудегі психологиялық қызметтің теориялық негіздері.
Ұсынып отырған білім берудегі психоло-гиялық қызмет моделінің ғылыми негізі басты теориялық ережелері болып табы-лады. Адам психикасының дамуы және оның әлеуметтік табиғаты жөнінде өңдел-ген отандық психология, олар: адам пси-хикасы (филогенетикалық және онтогене-тикалық катынас жағынан) дамудың өнімі болып табылады; психикалық даму әлеу-меттік тәжірибелерді меңгеру үрдісінде жүзеге асады. (Л. И. Божович, Л. С. Выготс-кий, А. В. Запорожец, А. Н. Леонтьев, А. В. Петровский, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Элько-нин және т. б. ) . Осы теориялық пайымдар-ға сәйкес тұлға бұл адамның өмір сүру ба-рысыңда сананың және мінез кұлықтың қоғамдық нормаларын меңгерудегі тұтас психологиялық құрылым. Тұлғаның қа-лыптасуы, бала өмірінің алғашқы мезе-тінен басталады және де оның психика-лық дамуымен бірге жүріп отырады.

Балалардың психологиялық саулығы.
Баланың ақыл-ой, психикалық және дене дамуымен айналысып, оның тазалығы мен денсаулығының қамын ойлағанымызбен, оның ру-хани дамуын назардан тыс қалды-рып ұмытамыз.
Руханилық - бұл адамды ерек-шелеп тұратын тек осы адамға ғана тән тұлғалық эмоционалдық-адам-гершіліктік күй. Эмоциялық-адам-гершіліктік күй абсолюттік құнды-лықтарға, яғни шындыққа, әдемі-лікке, мейірімділікке бағытталып, мұны іс-әрекетке, қарым-қатынаста іске асыруға ұмтылу болып табылады.

Білім берудегі психикалық қызметтің негізгі міндеттері:
Балаларға олардың даму мүмкіндік-терін жүзеге асыру;
Баланың жеке ерекшеліктерін дамы-ту, олар: қызығушылығы, қабілеті, бейімділігі, сезімі, қатынасы, өмірлік жоспары және т. б.
Бала дамуына жағымды психология-лық ахуал туғызу;
Балаларға, ата-аналарға, тәрбиеші-лерге уақтылы психологиялық қолдау мен көмек көрсету.
Психологиялық қызметтің мақсатына жетудің негізгі құралы әрбір баланың толыққанды психикалық және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін психологиялық жағдайды туғызу және оны сақтау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz