Жақты сөйлем



Жаңа сабақ: Жай сөйлемнің түрлері

Жай сөйлем
Хабарлы
Бұйрықты
Лепті
Сұраулы

Хабарлы сөйлемнің жасалу жолдары
Біреудің бір нәрсе жөніндегі ойын, көзқарасын білдіру мақсатында хабар-лауы
Біреудің бір нәрсені сипаттап, бейнелеп, сурет-теуі
Біреудің бір нәрсе жөнінде жай баяндауы
Ертең күн ашық болатын шығар.
Жаңбыр жауып тұр.
Аспан шайдай ашық.
Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.

Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары
Сұрау есімдігі арқылы
Ше, ғой, - ау шылаулары арқылы
Қай мектепте оқисың?
Сен мектепке бардың ғой, иә?
Интонация арқылы
Ертеңнен бастап?
Сұраулық шылау арқылы
Шығар, болар, т. б. шылаулар арқылы
Айгүл жақсы оқи ма?
Енді арманың жоқ шығар?
Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.

Сұрақ түрлері
Негізгі сұрақ
Жетек сұрақ
Анықтауыш сұрақ
Бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойыл-
ған бастапқы сұрақты негізгі сұрақ дейміз.
- Бүгін сендерге ашық сабақ бола ма?
Негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сұрақты жетек сұрақ дейміз.
- Қай пәннен ашық сабақ өтті?
- Қазақ тілі пәнінен.
- Ағылшын тілі пәнінен ше?
Екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойыл-ған сұрақты анықтауыш сұрақ дейміз.
- Қазақ тілі пәні нешінші сабақ болды?
- Үшінші сабақ.
- Үшінші сабақ?
- Ия, үшінші сабақ

Лепті сөйлемнің жасалу жолдары
Етістік формалары арқылы жасалады.
Көтеріңкі дауыс ырғағы (интонация) арқылы жасалады.
Ақ, ау, ғой, ай шылауларының қатысымен жасалады.
Көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалды.
Ол жетіп келмесі бар ма! Даусы мұнша зор бола ма!
Аты ат-ақ екен! Үйіңе бара ғой!
Па, шіркіннің сөзі! Уһ, шаршап қалыппын ғой!
Жау жойылды! Жау жойылды!
Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейміз.

Ерекше көңіл күй мен ішкі сезімнің түрлері
(Лепті сөйлемдердің мағыналық түрлері)
Таңдану
Қуану
Ұран
Сескену, шошу
Арман
Өкініш

Бұйрықты сөйлемнің жасалу жолдары
Етістіктің бұйрық райының 2 - жақ жекеше, көпше түрі мен 3 - жақ түрі.
- Дұшпанға тастай қатты бол, досыңа балдай тәтті бол.
- Жылай - жырлай өлгенде, арттағыға сөз қалсын!
Бұйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады.
- Түндікті жауып, есікті түріп қойшы! Абайға күн түспесін.
- Өскенбайыш, қойсаңызшы! Қойсаңшы.
Біреуге бұйыру не талап ету мақсатымен айтылатын сөйлемді бұйрықты сөйлем дейміз.

Бұйрықты сөйлемнің мағыналық түрлері
Талап ету
Бұйыру
Баласының бетіне атасы таңдана қарады.
Баянауыл сияқты елді кім сүймейді?
Қызың қызық екен! Мен ризамын!
Жағаласпа! Тек отыр!


Өткен сабаққа қорытынды:
сұрақ -жауап
Қыстырма сөздер деген не?
Одағайлар деген не?
Қалай ажыратылады?
Тест: одағай
1. Одағай сөздері нені білдіреді?
А. сөйлеушінің қөніл - күйін, сезім арқылы білдіретін сөздер
В. заттың атын С. заттың санын Д. іс - әрекетін Е. жауабы жоқ
2. Одағай сөздерін табыңыз:
А. Өзінше болма!
В. Бәрекелді! Өлеңді жақсы айтасың!
С. Бекер отырма! Д. Бұл - оқушы.
Е. Мынау - әдемі қыз.
3. Одағай мағынасына қарай нешеге бөлінеді
А. 3 В. 4 С. 7 Д. 2 Е. 6
4. Көңіл-күй одағайын табыңыз:
А. Кешіріңіз! В. Ойбай!
С. Рахмет! Д. Алақай! Е. Кеш жарық!
5. Одағайдың түрін белгілеңіз:
Кешіріңіз, сізге не керек еді?
А. көңіл - күй В. жекіру С. сыпайыгершілік
Д. Себеп- салдар Е. жауабы жоқ
6. «Ура!» - деген сөйлемнің аудармасын табыңыз:
А. Ойбай! Мынау не?
В. Бәрекелді! Өлеңді жақсы айтасың!
С. Алақай! Д. Жә, күңкілдеме!
Е. Аудармасы жоқ
7. «Шөре-шөре» деп нені шақырады?
А. итті В. қойды С. сиырды
Д. ешкіні Е. мысықты
8. Түйені қалай шақырады?
А. Ауқау-ауқау В. Көс-көс С. Шіп-шіп
Д. Құрау-құрау Е. Кә-кә
9. Қойды қалай шақырады?
А. шөре-шөре В. Пұшайт-пұшайт С. келе ғой
Д. шақырмайды Е. шіп-шіп
10. «Қап!», - одағайы көңіл-күйдің қай түрі?
А. таңғалу В. өкіну С. ренжу
Д. сүйсіну Е. жауабы жоқ

Тест: қаратпа сөздер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz