Дененің тығыздығын анықтау



Пайдаланушыға нұсқау
Физика
7 кл
Авторлар
ұжымы
Әдебиеттер
тізімі
х

-
Қажетті аппараттық және программалық қамтамасыздықтар
“Физика және астрономия” электронды оқулығын пайдалану үшін келесі сипаттамадағы компьютер қажет болады:
Pentium 166 процессоры
CD-ROM 8-х
32 МВ кем емес оперативтік жады.
200 МВ бос орны бар қатты диск
Пайдаланушыға көмек
Электронды оқулықтың алғашқы бетінен Сіз авторлар ұжымы, қолданылған әдебиеттер және бағдарлама туралы мағлұмат ала аласыздар.
Кейін Сіз кіріспе модульге - негізгі модульге кіресіз. Сіз қажет тақырыпты таңдаған соң соған сәйкес ішкі модуль немесе гипермәтін пайда болады.
Барлық тақырыптармен таныс болған соң, өзіңіздің біліміңізді тексеру үшін Сіз батырмасын бассаңыз, осы тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындай аласыз.
Тақырыптарға байланысты сабақ бекітуге есептерді шығара аласыз, ол
үшін батырмасын бассаңыз болды.
Біздің мекен жайымыз: Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы, Аққұм ауылы
E-mail: gulmira_1988. 88@mail. ru

-
Пән саласының маманы
Жиембаева Гулмира Искендировна
Физика және астрономия пәнінің мұғалімі
Программист - дизайнер
Жиембаева Гулмира Искендировна
Мектеп бағдарламашысы
Авторлық ұжым

1. Р. Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева “Физика және астрономия” 7 сыныпқа арналған оқулық. 2. Ш. Қ. Биболов “Физика анықтамасы” 7-11 сыныптарға арналған. 3. А. Ж. Қалығұлов “Физика” 7 сыныпқа арналған қосымша материалдар топтамасы
-

І тарау
Физика және астрономия - табиғат туралы ғылымдар
ІІ тарау
Заттың құрылысы
V тарау
Қысым
ІІІ тарау
Қозғалыс
IV тарау
Масса және күш
VI тарау
Жұмыс. Қуат. Энергия
Мазмұны
-

Масса және күш
Тапсырма
Жаттығу
Зертханалық
жұмыс
Артқа
1. Денелердің өзара әрекеттесуі
2. Дененің массасы. Заттың тығыздығы
3. Күш. Деформация
4. Гук заңы
6. Динамометр
5. Бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу
7. Үйкеліс күші

Денелердің бір - біріне әрекет етуі өзара әрекеттесу болып табылады. Өзара әрекеттесу - күрделі құбылыс. Біз бұл жерде күнделікті өмірде көріп жүрген өзара әрекеттесудің қарапайым мысалдарын қарастырамыз.

1. Денелердің өзара әрекеттесуі деген не? Мысалдар келтіріңдер. 2. Денелердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде не байқалды? 3. Өзара әрекеттесуші екі дененің жылдамдықтары туралы не айтуға болады?

10 - жаттығу
Сендер орындықта отырсыңдар. Осы кездегі өзара әрекеттесетін денелерді атаңдар.
Келесі мысалдардағы қозғалыстың өзгеруіне қандай денелер кедергі жасайды:
а) шкафты итергенде, ол орнынан қозғалмайды;
ә) қабырғада айна ілулі тұр, бірақ ол құламайды.

Екі дененің массаларының қатынасы олардың өзара әрекеттесуі кезінде тыныштық күйінен шыққанда алатын жылдамдықтарының қатынасына кері пропорционал болады, яғни
Денелердің өзара әрекеттесуін бақылай отырып, әрекеттесу кезінде бір денелер жылдамдығын көбірек, ал екінші біреулері тым аз өзгертетініне көз жеткізуімізге болады. Мысалы, роликті коньки киіп тұрған кішірек және ересектеу екі бала бірін - бірі итеріп жібергенде, кішірек бала ересектеуіне қарағанда едәуір тез қозғалатын болады. Осындай тәжірибелерден денелердің жылдамдықтарын өзгерту қабілеттігін сипаттайтын физикалық шаманы енгізу қажеттігі туындайды.
Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама масса деп аталады.

Қандай да бір дененің массасын өлшеу үшін, оны бірлік ретінде қабылданған дененің массасымен салыстыру қажет. Бірліктердің халықаралық жүйесінде масса бірлігіне килограмм (кг) алынған. Массаны өлшеу үшін килограмның мыңдық және миллиграмм, сондай-ақ массасы денені өлшеу үшін тоннаны пайдаланады. 1г=0. 01кг; 1кг=1 000г; 1кг=1 000 000мг; 1т=1 000кг; 1кг=0. 01ц

1. Екі дененің массаларын өзара қалай салыстыруға болады? 2. Масса бірлігі ретінде не алынған? 3. Массаның тағы да қандай өлшемдерін білесіңдер? 4. Таразы мен кірлер көмегімен дене массасы қалай өлшенеді? 5. Дененің массасын анықтау тәсілдерін атаңдар.

11 - жаттығу
Массалардың төменде берілген мәндерін килограмм арқылы өрнектеңдер: шыбынның қанаты 0, 5г, теннис добы 2, 5 г, футбол добы 400 г, автомобиль 1, 45 т.
Дене 100 г, 50 г, 10 г, 1 г жүктер жиынтығымен теңестіріледі. Дененің массасы қандай?

Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады. Заттың тығыздығын табу үшін дененің массасын оның көлеміне бөлу керек. Заттың тығыздығын - P, дененің массасын - m, оның көлемін - V әріптерімен белгілесек, онда заттың тығыздығы: Заттың тығыздығының бірлігі үшін бірліктердің Халықаралық жүйесінде килограмның метр кубқа қатынасы алынған. Заттың тығыздығы және дененің көлемі белгілі болса, онда өлшеулер жүргізбей-ақ оның массасын анықтауға болады: m=PV Мысалы, кірпіштің тығыздығы 1, 8*103, өлшемі 250*120*65 мм екені белгілі болса, онда бұл кірпіштің массасын оңай табуға болады. M=PV=1. 8*103кг/м3*0, 002 м3=3. 6 кг

1. Заттың тығыздығы дегеніміз не? 2. Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады? 3. Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер? 4. Тығыздығы мен көлемі бойынша дененің массасын қалай табамыз? 5. Массасы мен тығыздығы бойынша дененің көлемін қалай есептейді?

12 - жаттығу
Өздерің тұратын үйдегі нәрселер әр түрлі заттардан жасалған. Қай нәрсенің массасы ең үлкен (ең кіші) ? Қай заттың тығыздығы ең көп (ең аз) ?
Массасы 3кг, ал көлемі 200 см металдың тығыздығы қандай?

Күш - денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама. Әр түрлі дененің қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін әр түрлі күш түсіруіміз керек. Мысалы, автомобильді орнынан қозғалту үшін көп күш жұмсаймыз. Күш сандық мәнімен қоса бағытымен сипатталатын шама болып табылады. Күшті F әрпімен белгілейміз. SI жүйесінде күш бірлігіне Н алынған. Бұл күш бірлігі ағылшынның ұлы физигі Исаак Ньютонның құрметіне ньютон алынған.

1. Бір дененің екінші денеге әсері қалай байқалады? 2. Физикада күш деген сөзді қалай түсінеміз? 3. Күш дененің қозғалыс сипатына қалай әрекет етеді? 4. Күш немен сипатталады? 5. Күш сызбада қалай кескінделеді? 6. Күш бірлігі ретінде не қабылданған? 7. Қандай күш 1Н - ға тең болады?

Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп атаймыз.
Деформация денелердің өзара әрекеттесуі кезінде жүзеге асатындықтан, өзара әрекеттесетін екі дене де деформацияланады. Мысалы, қолдың эспандерге әрекетін алайық. Эспандерді созу кезінде қолдың бұлшық еттері қатаяды (деформацияланады), эспандер де деформацияланады, яғни ол өз пішінін өзгертеді.
Деформация
Пластикалық
Серпімді

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қайтадан қалпына келетін болса, мұндай деформация серпімді деп аталады. Тәжірибелер деформациялаушы күшке қарама - қарса бағытталған жаңадан күш пайда болатынын көрсетеді. Бұл күш серпімділік күші деп аталады. Мысалы, допты тепкен кезде, ол өзінің пішінін өзгертеді, яғни деформацияланады. Деформациялаушы күш тоқтағаннан кейін серпімділік күші де бастапқы қалпына келеді.

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформация пластикалық деп аталады.

1. Деформация деп нені айтады? 2. Дененің деформациясы қалай пайда болады? 3. Пластикалық деформация деген не? 4. Қандай деформация серпімді деп аталады? 5. Серпімділік күші қандай жағдайда пайда болады? 6. Ол қалай қарай бағытталған? 7. Қандай жағдайларда серпімді деформация пластикалық деформацияға айналады?

Серпімді дененің ұзаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты 1660 жылы ағылшын физигі Роберт Гук (1635 - 1703) анықтаған болатын. Кейінірек бұл анықталған байланыс бізге Гук заңы деген атпен белгілі болды. Бұл заң бойынша: серпімді деформацияның шамасы (созылуы немесе сығылуы) түсірілген күшке тура пропорционал, яғни: F=kx Әр түрлі материалдардың серпімділік қасиеттері де түрліше болады. Сондықтан Гук заңын кез келген материалған қолдануға болмайды. Ол тек серпімді денелер үшін және деформация шамасы аз болған жағдайда ғана орындалады.

1. Гук заңы қалай тұжырымдалады? 2. Гук заңы қандай деформация кезінде орындалады? 3. Серіппенің қатаңдығы деп нені айтамыз? 4. SI жүйесінде қатаңдық қандай бірліктермен өрнектеледі? 5. Тәжірибе көмегімен серіппенің немесе резеңке таспаның қатаңдығын қалай анықтауға болады? 6. Серпімділік күшінің пайда болуын түсіндіріңдер.

13 - жаттығу
Резеңке таспаның қатаңдығы 7, 2* 104 Н/м. Егер таспаға 10кН күш әсер ететін болса, онда ол қандай шамаға созылады?
Болат серіппе 245 Н күш әрекетінен 35 мм-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығын анықтаңдар.

Күшті өлшеу үшін арнайы құралдар - динамометрлер қолданады. Динамометрдің негізгі бөлігі серпімді деформацияның әрекет ету аралығында созылатын серіппе болып табылады. Серіппеге шкала бойынмен жылжитын көрсеткіш бекітіледі. Қолдың бұлшық етінің күшін өлшеу үшін қол динамометрі, трактордың, локомотивтердің тарту күшін өлшеу үшін арнайы тарту динамометрі пайдаланады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz