Қазақтың данасы


Slide 1

Сабақтың тақырыбы:

Абайдың музыкалық мұрасы

Slide 2

I. Білімділік: Ұлы сазгер Абайдың қазақ музыкасы өмірінде алатын орны, әндерінің ерекшелігі туралы білім беру.

II. Дамытушылық: Музыканы тыңдай және түсіне білу, ән айту қабілеттерін жетілдіру. Абай әндерін оқушының санасына сіңіру.

III. Тәрбиелік: Абай әндері арқылы эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру. Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын, саналы, өнерлі, білімді азаматтарды тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты:

Slide 3

1. «Абай қазақ өлеңінің құрылысына жаңа форма енгізді»

Г. Шомбалова.

2. «Абай әндері қазақ халқының дәстүрлі музыкалық шығармашылығы негізінде қалыптасты, халық композиторларының өнерінен нәр алды»

Б. Г. Ерзакович.

3. «Абай әндері өзінің табиғатымен, рухымен, нағыз ұлттық ән үлгісі болды, олар қазақтың халық музыкасы дәстүріне негізделген, орыс әуендері мен романстарының элементтерін енгізу, арқылы ұлттық музыка өнерін байытты, кеңейтті, толықтырды »

А. Қ. Жұбанов

Slide 4

А. В. Затаевич

1869-1936

Slide 5

Л. Хамиди

1906-1983

Slide 6

А. К. Жұбанов

1906-1968

Slide 7

«Айттым сәлем, Қаламқас. . . »

Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты, 10 шумақтан тұрады. Шығарма Абайды дүниежүзі әдебиеттің өресіне көтерген туындыларының бірі. Өлеңде ақын жастықты, сұлулықты, ғашықтықты жырға қосып, бірін-бірі сүйген екі жастың сүйіспеншілігін, ішкі сезімдерін ашып көрсетеді. Кейіпкер монологы арқылы оның жан-жүрегін, кіршіксіз ақ махаббатын сөйлетеді. Туындыдағы сүйген қызына сәлем жолдаушы жігіт - Абай тұсындағы оқыған, өмірден тоқығаны көп жаңа тұрпатты азамат.

Өлең 7-8 буынды қара өлең ұйқасымен өрнектелген. Алғаш рет 1909 жылы Санк-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Ақын бұл өлеңіне ән шығарған. Ол негізінен өлеңнің бастапқы 3 шумағы бойынша айтылып жүр. Абай бұл әнмен қазақ халқының әдет - ғұрпына, салт - санасына, талғам - танымына, дәстүріне қайшы келмейтін «Сәлем хат» атты жастықты, сұлулықты, махаббатты жырлайтын жаңа бір поэзиялық музыкалық жанрды дүниеге әкелді.

Slide 8

Айттым сәлем, Қаламқас

Айттым сәлем Қаламқас

Саған құрбан мал мен бас

Сағынғанда сені ойлап

Келер көзге ыстық жас

Сенен артық жан тумас

Туса туар - артылмас

Бір өзіңнен басқаға

Ынтықтығым айтылмас

Асыл адам айнымас

Бір бетінен қайырылмас

Көрмесем де, көрсем де,

Көңілім сенен айырылмас.

Көзім жатқа қарамас,

Жат та маған жарамас.

Тар төсекте төсіңді,

Искер ме еді жалаңаш?

Иығымда сіздің шаш,

Айқаласып тай-талас,

Ләззат алсақ болмай ма,

Көз жұмулы, көңіл мас?

Slide 9

Сізде сымбат, бізде ықылас,

Осы сөзім бәрі рас.

Сіздей жардың жалғанда

Қызығына жан тоймас.

Етің, етке тигенде

Демің, тиіп сүйгенде

Тән шымырлап, бой еріп,

Ішім оттай күйгенде.

Жүрек балқып игенде,

Ішкі сырды түйгенде,

Іздеп табар сұңқарым,

Жарастықты шүйгенде.

Қылығыңда жоқ оғат,

Қарап тойман жүз қабат,

Ыстық тартып барасың

Бір сағаттан бір сағат.

Сіз - қырғауыл жез қанат,

Аш бетіңді бер қарат,

Жақындай бер жуықтап,

Тамағыңнан аймалат!

Slide 10

«Көзімнің қарасы. . . »

Абайдың 1891 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты, 22 шумақтан тұрады. Ақын шығармашылығының өзекті тақырыбы - махаббат мәселесі бұл өлеңінде ерекше ыстық сезіммен, Абайға тән шеберлікпен өрнектеледі. Өлеңде ақын аз сөзге көп мағына сыйғызу ниетін көздеген . Ғашығына деген ішкі сезімін де ірікпей айтқан, жігіт сөзінен үздіккен жүрек лүпілі, тағат таптырмай тынышын қашырған, бір ысып, бір суыған іңкәр ниет, алабұртқан көңіл күйі сезілгендей. Ғашықтық сезім жүрек жарасына айналған, оңайлықпен жазылар емес. Қыз - айтулы сұлу. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраhим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған.

Slide 11

Көзімнің қарасы

Көзімнің қарасы

Көңілімнің санасы

Бітпейді іштегі

Ғашықтық жарасы

Қазақтың данасы

Жасы үлкен ағасы

Бар демес сендей бір

Адамның баласы

Жылайын, жырлайын

Ағызып көз майын

Айтуға келгенде

Қалқама сөз дайын

Жүректен қозғайын

Әдептен озбайын

Өзі де білмей ме

Көп сөйлеп созбайын.

Slide 12

«Желсіз түнде жарық ай. . . »


Ұқсас жұмыстар
Абылай ханның ақылшысы
Бірінші әзіз Төле еді Таудай сөзге тарыдай
Қазақ ауылы
Қазаққа Абай – дана, Абай – дара
Көзімнің қарасы
Қазақтың музыкалық аспаптары
Абай-дара, Абай-дана
Біріккен сөзді табыңдар
Абайды Абай еткен Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана, Қазақтың қос арысы, қос данасы. Қалайша бас имессің оған, сірә
Абай - өмірі мен шығармалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz