Абылай ханхан ием


Slide 1

Ел қамқоры-Абылай

(1711-1781 жж. )

Қылады мекережде байлар сауда,

Топ бұзар батыр жігіт қалың жауда.

Сұрасаң Абылайдың тұрған жері,

Хан болған қырық сегіз жыл Көкшетауда».

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

1. XVIII ғасырда қазақ халқының басына туған қаралы күн. Елдің елдігін, азаматтың ерлігін көрсететін сын сағаттағы кезең туралы түсінік беру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, ұлтқа, елге деген махаббатын үлгі ету, түсіндіру.

2. Оқушылардың ой көкжиегін кеңейту, сөйлеу тілін дамыту, өз ойларын жатық, еркін жеткізе білуге дағдыландыру; шығармашылық жұмысқа үйрету.

3. Ел бірлігін ту еткен Абылай ерлігін үлгі ете отырып, ынтымақтыққа, елін сүюге, парасатты болуға тәрбиелеу.

Slide 3

І. Қызығушылығын ояту

Ұлы Абылай хан ием!

Асқар таудай алып ең,

Қазағым деп жанып ең,

Қазағым деп налып ең.

Тосылғанда қалың ел,

Өзіңді-өзің танып ел.

Намыс өртін жанып ең,

Ұлы Абылай хан ием!

Бейнебаян

(Абылай хан туралы)

Slide 4

Ой қозғау:

Ғасырлар өтсе де ұмытылмаған Абылай түсі:

(Көрініс І түсі)

Абылай: «Астымда қылқұйрық жүйрігім бар екен. Сарыарқаның сайын даласында серуендеп жүрмін, кенет, азуы кереқарыс дәу арыстан батыс беткейді бетке алып тұра қашты. Астымдағы жануарды қос төсінен екпіндетіп, тепсіне сала, сауырына қамшы бастым. Тұяқты жануар дес берсін бе, қуып жетіп, көп арпалыспай арыстанның ішін қанжарыммен орып жібердім. Міне, қызық! Арыстанның ішінен бір жолбарыс атқып шықты да, ол да қаша жөнелді. Тұра қудым. Жете беріп, аш бүйірге қолымдағы қанжарды тағы салдым. Ақтарыла кеткен қарыннан көкжал қасқыр шықты. Ес жиып үлгергенше ол да қашты. Ұзаққа апармай, қасқырды да жайратып салдым. . . Енді қызыл түлкі қашып барады. Түлкіні де қуып жетіп, қарыннан осып жібергенімде, ішінен құрт-құмырсқа, бақа-шаян, жылан-кесіртке ақтарылып қоя берді. . . Бірақ, бұлар менен сескенбеді, қашпады. Бәрі жабыла быжынап, астымдағы қылқұйрықтың сауырына, жалына өрмелей түсті. Шошынғанымнан айқайлап жіберіп, оянып кетіппін».

Slide 5

Бұқар былай жорыған екен:

«Қылқұйрыққа мінгенің- хан тағына отырғаның. Ал, алдыңнан арыстан қашса, сенен арыстандай айбарлы ұл туады. Одан туған ұл да жолбарыстай қайратты, ержүрек, батыл болмақ. Жолбарыстай тұқымыңнан туған шөберең көкжал қасқырдай азулы, айлалы, күшті болып жаратылады. Ал одан тараған ұрпақ заманына қарай қызыл түлкідей қу, алайда, су жүректеу келеді. Одан кейінгі тұқымың әлгі бақа-шаян, құрт-құмырсқа, жылан-кесірткедей майдалана түспек. . . »

Slide 6

Бұқар жырау

Тәтіқара

Шал ақын

Абылай хан

Абылай хан кеңесшілері кімдер, олардың ел билеу ісіне ықпалы қандай?

Slide 7

Сергіту сәті

Slide 8

Жылдар сөйлейді

Slide 9

Соңғы бес минут

Slide 10

Үй жұмысы

Абылай хан туралы аңыз-әңгімелер, тарихи деректер жинақтау


Ұқсас жұмыстар
Кенесары Қасымұлы - аса көрнекті мемлекет қайраткері
Абылай хан - ұлы қайраткер, дарынды қолбасшы
Абылай ханның бала кезі
Абылай хан тарихын
Микробиологиялық диагноз қою
Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы
Абылай хан
Абылай ханның мемлекеттік қызметі
Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы
Абылай хан есімізде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz