Досың сенің сенім артар тірегің


Slide 1

Шаттық шеңбері

Slide 2

Досың

сенің сенім

артар тірегің

Slide 3

Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

Абай

Slide 4

Достық -өмір үшін ең қажетті нәрсе,

Өйткені ешкім ешқашан да барлық

басқа игілікке түгел ие бола тұрса да,

дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.

Аристотель.

Slide 5

Мақсаты:

Оқушылардың достық сезімі туралы білім деңгейін кеңейту. Дос қандай болу керек және оқушыларға кімдермен дос болу керектігін тереңірек түсіндіру, олардың досқа деген талғам, танымын шыңдау.

Slide 6

Адал достықтың

мәнін түсіндіру

Достықты қадірлей

білуге тәрбиелеу

Өзара сыйластық

қарым-қатынастарын дамыту

Міндеттері:

Slide 7

Дос қандай болу

керек?

Slide 8

Достықтың екі түрі бар:

Бірі - адал достық, екіншісі - амал достық.

Адал достық - өмірлік нұсқа болады,

амал достықтың өрісі қысқа болады.

Әйтімбет.

Slide 9

Өсиет-әңгіме

Данышпан

Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:

Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қария жігітке:

- Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қария жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң, қария өз ойын айтады. Сол кезде жігіт:

- О қария, неге олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? - депті. Қария күліп:

- «Жігітті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті.

Slide 10

Тыныштық сәті

Балалардың денесі, ойы сергітіледі.

Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады.

Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иісі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.

Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады.

Slide 11

Дос - өзіңмен мақсат-мүдесі, арман тілегі, талап талғамы бір адам.

Достық - жақындастық, тілеулестік, ниеттестік, жора-жолдастық.

Достық - адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.

Достықтың негізі - достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.

Slide 12

Шын достар уәдесінде тұрады,

ойындары, сөздері жарасады.

Шын достыққа татулық

арқылы қол жеткізуіне

болады.

Қиын кездерде

бір-біріне

көмек көрсетеді.

Бірін-бірі ренжітпейді,

қуантқысы келеді, бір-бірінің

көңіліне қарайды.

Slide 13

Ақылбек пен Асылбек төртінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Ақылбек сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Асылбек те ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Асылбек:

- Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Ақылбекке айтты. . .

-Ақылбек егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

Slide 14

1. “. . . . . . . . . . . . . . көпті жау алмайды”

2. “Дұшпан . . . . . . . . . . . . . . . . . . айтады,

дос . . . . . . . . . . . . . . . . . . айтады”

3. “Жаңылмайтын . . . . . . . . . . . . жоқ,

сүрінбейтін . . . . . . . . . . жоқ”

4. “Дос . . . . . . . . . . . . . . қарайды,

Дұшпан . . . . . . . . . . . . . қарайды. ”

5. “Досы . . . . . . . . . . . - өзі де жақсы ”

6. “Ақылсыз . . . . . . . . . . . , ақылды . . . . . . . . . . . . . . . артық”

7. “. . . . . . . . . . . . . адам тамыры жоқ . . . . . . . . . . . . . . тең”

Мақалдарды толықтыр!

Slide 15

Дәйексөз

Айнымас досы бар адам, - ең бақытты адам

Slide 16

Адал достар

Дәптерге “Адал достар” тақырыбында

әңгіме жазып келіңдер.

Үй тапсырмасы

Slide 17

Әрқашан дос біргеміз

Ажырамас іргеміз

Ілгері жүріңдер

Достық жырын біліңдер

Ту ғып ұстап бірлікті!

Еңбекті сүйіңдер

Қайырмасы:

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз

Қайраттанып қарышта

Озып шыққан.

Батыл бас, Жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға ғарышқа,

Бойда күш тасыған.

Дос болайық бәріміз!


Ұқсас жұмыстар
Достық дегеніміз не?
Досыңа адал бол
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту жұмыстарын жоспарлау
Досыңды қорлама
Тірек сөздер
Жақсы дос
АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ДОСТЫҚТЫҢ МӘНІ
АЛҒАШҚЫ МАХАББАТҚА ХАТ
Адам өз өмірінің суретшісі
Жазу орталығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz