Балалардың жас



Бекбауов Нұрбек Сембайұлы 1983 жылы Сағыз селосында дүниеге келген. 2005 жылы Атырау қаласындағы Х. Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетті дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітіріп, қазіргі уақытта Сағыз селосындағы №9 орта мектепте өз мамандығым бойынша еңбек етемін. «Болашақ» оқушылар кеңесінің жетекшісі, сынып жетекші. 2006-2007, 2008-2009 жылдары мектеп жанындығы «Жасұлан»жазғы демалыс лагерінің тәлімгері. 2011жылы «Үздік идеялар» сайысының лауреаты. «Әдістемелік вернисаж» байқауының жеңімпазы.

Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыратын тәрбиешілерге арналған әдістемелік жұмыстар мен іс-шаралар жинағы

Түсініктеме хат. Қазіргі қоғамымыз мектепте жаңа технологиялар арқылы оқыту мен тәрбиелеуді талап етіп отырғандықтан, осы әдістемелік құралда инновациялық жаңа әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылған тәрбиелік шаралар, ұлттық тәрбиені насихаттау мақсатында дайындалған. Мектеп жанындағы лагерь тәрбиешіліріне әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынамын.

П і к і р
Осы пікір Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы № 9 орта мектептің мұғалімі, сынып жетекші, әрі мектеп жанында 3жыл лагерь тәлімгері болған Бекбауов Нұрбекке беріледі. Аталған мұғалім қазіргі таңдағы бәсекеге мейлінше қабілетті ұрпақ тәрбиелеудегі жаңашыл тәлімгер, мұғалім екенін айтуға болады. Оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім берудегі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдаланудағы ізденімпаз ұстаз. Жас өскелең ұрпаққа жан-жақты дамыған, мәдени-саяси өмірге араласудағы шынайы өмірден көрінер орны бар тәрбие берудегі шығармашыл мұғалім. Мектеп жанындағы лагерь тәлімгері, сынып жетекші, мұғалім Бекбауов Нұрбек «Ауыл мұғалімі-2006»ІІ-ор, «Жас маман-2007»І-ор, «Тәрбие саласы бойынша аудандық пед. оқу-2008» ІІ-ор, Облыстық пед. оқудан «Алғыс хатпен», «Ауылдың үздік мұғалімі -2008» номинациясының иегері, 2008жылы обл. білім беру ж/е салалық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы» мараптталған. 2010 жылғы аудандық “Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру” тақырыбындағы мектеп директорлары орынбасарларының семинарында ерекше жұмыстарымен танылғаны үшін Алғыс хатпен т. б. мақтау қағаздарымен марапатталған. Нұрбек Бекбауовтың жаңа технологиялық әдістерді қолданып өткізген төмендегі тәрбиелік шараларын тәрбие саласы бойынша жоғары деңгейде ұйымдастырылған жұмыстар ретінде бағалануда. Мектеп жанындағы лагерь жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын жаңа әдістемелік тұрғыдан құра білген деп есптеймін. Осы бағытағы барлық құрлымды шаралары лагерь тәрбиеленушілерінің жас еркшелігіне арналғанын байқадым, мектеп жанындағы ларгерь тәрбиешілеріне арналған әдістемелік жұмыстар мен іс-шаралар тақырбындағы жинағын жоғары деп бағаладым.
Қ. Р. Білім беру ісінің үздігі,
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: З. Ә. Жиенбет

ЖАЗ АЙЛАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ
Балалардың жас ерекшілігі
Балалардың денсаулығын ескеру
Баланың психологиялық ерекшелігін
Баланың ұлттық ерекшелігін
Баланының аймақтық ерекшелігін
Баланың діл (менталитеттік)
ерекшелігін
Баланың жыныстық ерекшелігінде
Қабілет-мүмкіндігін ескеруі қажет

Сонымен қатар өткізілетін шаралар
нәтижесі балаларға:
Өз денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге
Ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеруге
Достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т. б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға
Туған жерінің табиғатының және экологиялық маңызына мән беру
Азаматтық-елжандылық сананы қалыптастыру
Ұлттық және мәдени, тұрмыстық салт-дәстүр, ж/е т. б. ұғымдарды меңгеруге қалыптастыру.
Осы факторлар тәрбиеші-ұстаздардың басты міндеті

Лагердің топ жұмыстары дегеніміз, бұл:
ауысымда жүретін жалпы лагерлік жұмыстардың бағыттылығы, сипаты, ауысымдарының өзгешелігі;
лагердің дәстүрлігі;
лагердің профилдері (жас тілшілір, туристер, спортшылар т. б. ) ;
мұғалім-ұймдастырушылардың жеке қызығушылықтары;
тәрбие үрдісінің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі;
лагердің барлық бөлімшелерінің өзара іс-әрекеті.

Топ аттары, ұрандары
Топтардың аттары мен ұрандары, ұрандық сөйлесімдері балалардың жас ерекшіліктеріне сай іріктеліп алынады.
Топтардың аттары: «Жұлдызша», «Балдырған», «Ақ көгершін», «Қарлығаш», «Жалын», «Қыран», «Болашақ», «Мұрагер», «Балдәурен», «Жас толқын» т. б. деп атауға болады.

Топ ұрандарының үлгілік нұсқалары:
Біз кішкентай «Жұлдызбыз»,
Өнегелі ұл-қызбыз.
«Балдырғанбыз»- балдаймыз,
Бақытты өмір таңдаймыз.
Шаттық-думан көңілді,
Болашаққа жалғаймыз.
«Ақ көгершін»- бейбітшілік ұланбыз,
Жақсылық, жақсы үнге ұранбыз. т. б. с.

Лагерде балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Жазғы маусымдық лагерлерде балалармен жүргізілетін жұмыс алуан түрлі болуы мүмкін. Олар:
Спорттық, ұлттық, танымдық және жергілікті ойындар;
Алғырлық, зерделік, тілдік шоу-сайыстары;
Ер балалар мен қыз балалар арасындағы әдеп, салт-дәстүрге байланысты сын-байқаулар;
Ұлттық дәстүрлер мерекесі;
Өнер байқаулары;
Әдеби викториналар;
Сурет көрмесі, плакаттар байқауы;
Пікірталас, пікір-сайыстар, интерактивті тапсырмалар;
Көңілді тапқырлар клубы (КВН) ;
Сөздік сайыстар, саяхаттар;
Поэзия кештері;
Ән-күй кештері;
Концерттік кештер;
Би кештері, т. б.

Лагерь жұмысын жоспарлауға ескерілетін даталы күндер
1 маусым-Халықаралық балаларды қоғау күні.
5 маусым-Дүние жүзілік қоршаған ортаны қорғау күні.
17 маусым- Дүниежүзілік ашаршылық пен құрғақшылыққа күрес күні.
26 масуым- Халықаралық есірткі пайдаланушылар мен таратушылар, сатушылармен күрес күні.

Мектеп жанындығы лагерь жұмыстары төмендегі ретпен құрылуы керек
Жол жүруге дайындық.
Лагерь аймағына келу.
1-күн
Лагерге келгеннен кейін:
а) балаларды орналастыру;
ә) лагерь өмірінің жағдайымен, күн тәртібімен таныстыру;
2-күн
Таңертең: дене шынықтыру. (үнемі)
Күндіз: топтарға бөліну, тапсырмаларды бөліп алу. Лагердің
ашылуына дайындық.
Түстен кейін: «Біз лагерде қалай тұрамыз?» шара

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕЛЖАНДЫЛЫҚ ТӘРБИЕСІ- ЫНТЫМАҚ ПЕН ДОСТЫҚ КЕПІЛІ.
«Ұлтымның ұланымын»
атты ер балалар арасындағы өтетін сайыс
«Лагерь аруы»
атты қыз сыны байқауы
«Тілге құрмет - елге құрмет»
көңілді тапқырлар клубының байқауы

Тақырыбы: «Сағыздық спорт майталмандары ортамызда»
Лагерь демалушыларына
Түрі: Кеш қалмаңыз бағдарламасы желісінде шоу, кездесу кеші.
Мақсаты:
Лагер демалушыларына Сағыздық спорт майталмандарын таныстыра отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Салауатты өмір салтына насихаттай отырып, спорттан алған түрлі жеңістерді насихаттау.
Көрнекілігі, пайдаланған құралдыр: Мультимедиялық тақта, олимпиада роликтері, фото суреттер. т. б.

Ұйымдастыру кезеңі:
Жүрісі: Тәлімгер: Н. Бекбауов құрметті ұстаздар, оқушылар және кеш қонақтары, бүгінгі шарамыздың тақырыбы «Сағыздық спорт майталмандары ортамызда» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер! Кешімізді бастамас бұрын ортаға мектебіміздің «Айданай» бишілер тобының орындауындағы «Айгөлек» биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: «Балдәурен» тобының демалушысы: Достан Сымбат сөз алады.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар кешіміз хабар телеарнасындағы «Кеш қалмаңыз» бағдарлама желісінде өтпекші. Олай болса алғашқы кеш қонағы Сатыбалдиев Мақатбай ағайымызды шақырамыз. Ағай осы мұғалімдік салада көп жылдардан бері дене тәрбиесі пәнінен дәріс беріп келеді. Ағай қош келдіңіз! Сіз осы мұғалімдікті қай кезден бастап ұнаттыңыз?
Ағай:-сөзін айтады:
Екінші сұрағымыз биылға жылда Қазақстанда Азия елдері арасында ақ олимпиада ойындары өткелі отыр осы жөнінде қысқаша өзіңіздің пікіріңізді білдірсеңіз? Осы жерде ағай өз пікірін жеткізеді.

Жүргізуші: Достан Сымбат келесі бүгінгі кешімізге арнайы шақырылған бұрынғы мектебіміздің түлегі, қазіргі кезде Атырау облыстық мүгетектерге арналған волейбол құрама командасынның мүшесі, спорт майталманы Мәтеуов Ернарды қарсы алалық.
Ернар мырзаға алғашқы сұрағымыз. Сіз спорттақ деген қызығушылығыңыз қай кезде басталып еді? Ернар жауап береді.

Слайдқа назар аударылады, осы жерде Мәтеуов Ернардың шетелдерге барған кезінен сыр шертіледі таныстырған «Айгөлек»тобының демалушысы Тлектес Айдана
Ернардың Мысыр еліне барған сәті.


Жүргізуші: Достан Сымбат. Міне осындай спорт майталмандарымыздың құрметіне мектебіміздің «Айданай» бишілер тобының орындауындағы «Қолдаушылар» биімен ортаға шықырамыз.

Жүргізуші:Достан Сымбат Келесі кезекте ортаға қонағымыз Сағыз селосындағы №11 кәсіптік лицейдің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Ақниет Жанбусинов мырзаны шақырамыз. Сәламатсыз ба, қош келдіңіз? Сізге қойар алғашқы сұрағымыз биылға қысқы олимпиада ойындарының Қазақстанда өтуі сізді қызықтырадыма? Ақниет жауап береді.
Сонымен сізге тағыда сұрақ берейін: Сіздің спортқа деген шәкіртеріңіз, яғни жолыңызды қуып жүргендер барма? Ақниет жауап береді.
Жүргізуші: Достан Сымбат . Міне біз бүгін аулымыздан түлеп ұшқан спорт майталмандарымен сұқпат құра отырып, қысқы олимпаданың барлық кезеңінде қамтылғалы отырған, жәйттардан хабардар болдық. Осымен кеш қалмаңыз бағдарламасы желісіндегі кешіміз аяқталды. Келесі жеңісті күндерде жолыққанша сау болыңыздар!

Лагердегі сайыс кезінде

Тілге құрмет - елге құрмет

«ҰЛТТЫҚ СПОРТ, ӨНЕР, БІЛІМ» коммунасы
Ақ сүйек. Балалар екі топқа бөлінеді. Ойын бастаушы сүйекті қолына алып, алысқа сермеп лақтырады. Теріс қарап тұрып балалар жапа тармағай жүгіріп сүйекті іздеп кетеді. Сүйекті тақан адам басқа топтағыларға көрсетпей сөреге қарай жүгіруі керек. Сол кезде екінші топ оны сезіп қойып, артынан жүгіріп жетіп ұстап алса, ол сүйекті қайтадан лақтырады. Қай топтың адамы сүйекті бірінші тауып, сөреге жеткізетін болса, сол топ жеңіске жетеді.

Санамақ. Ойынға барлық оқушылар қатысады. Ойынның шарты: ойын бастаушы ойынға қатысушы бір баланы ортаға алып шығады. Ол оқушы бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей атап жүріп, айтып шығуы керек. Тоқтамай, қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателессе, ойыннан шығады. Мысалы, жаңылмай бір дыбыстан басталатын он адамның немесе ақынның атын атауы керек: немесе тағам аттарын атайды.

«Санамақ ойнынан кейінгі сәт»

Тымпи-тымпи ойыны

Пайдаланған әдебиеттер
Жыл он екі ай. №1 (6) 2004.
Тілеужанов Мәтжан. Халық тағылымы. -Алматы. 1996. --305б
Құралұлы Аюбай. Ұлттық дүниетаным. 1-3 сынптарға арналған оқулық. -Алматы. 1997. -80б
Серікқалиұлы. З. «Дүниетану даналығы» Алматы 1994жыл. 224 б.
Өтешова. Б. «Ұлт ұрпағының дүниетанымын халық тағылымдары арқылы дамыту»-2007 ж. 118-бет. Алматы-168 бет.
Сәрсенова. Ж. Тәңірбергенова. Ғ. «Әлеуметтану»-Алматы 2000. 79б
Оразбекова. К. «Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында»-Алматы. 200. 543 б. Б. 31-38, 58-70, 90-94, 218-220;
Қазақстан мектебі-2001. 130-136 бет. Тәрбие жұмысы-2000. 160-161 бет.
Сыныптан тыс жұмыстар-2006-07. 41-48 бет
С. Ғаббасов. «Халық педагогикасының, негіздері»-Алматы. 1995. ж.

Лагерь тәлімгері кезіндегі марапттарым

Жетістікке жетудегі марапттарым


Облыстық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен аудандық әдістемелік орталық әдіскерлерінің семинар кезінде 2010жыл

Лагерь демалушылары-2008жыл
Балдәурен тобы

Лагерь тәлімгері Н. Бекбауов және тәрбиешілер 2010 жыл

Жан қазынасы-адамгершілік
негізі

Шараның ұйымдастырлу мазмұны:
Мен бұл шараны, яғни
«Жан қазынасы - адамгершілік негізі» атты тақырыпта өткізе отырып, негізінен бала мен ата - ананың арасындағы қарым - қатынасқа арнаймын. Өйткені қазіргі таңда бұл мәселе күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Мақсаты: Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, адамгершілік тәрбиесі бағытындағы сауаттылығын жетілдіру арқылы сөйлеу мәнерін қалыптастыру. Әр түрлі ортада өздерін жеке тұлға ретінде ұстай білуге, толеранттылыққа баулу. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру. Жас өспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін- өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

М і н д е т і :
1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан -жақты,
білімді, сауаттылығы жетілген жеке тұлға даярлау.
2. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта білуге дағдыландыру.
Түрі: пікір алысу
Әдісі: Парламенттік шоу желісінде (миға шабуыл жасау, сыни тұрғыда ойлауға үйрету)
Көрнекілігі:Мультимедиялық жылжымалы тақта, бейнетаспалар, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер т. б.
Тәрбиелік бағыты:Ақыл-ой. Рух. Адамгершілік.

І. Ұйымдастыру бөлімі «Балам анау не?»
атты жағдаятты шешу
. . . Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, -депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
«Балам, анау не? » деп сұрапты.
«Ол-түйе»-деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
«Ол-түйе, түйе !»Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?-деп ренжіпті. Сонда әкесі:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz