Ақпараттың қасиеттері



Информатика деп
1) Ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін зерттеумен,
2) сонымен қатар ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату үрдістерімен және
3) адамзат қызметінің әртүрлі салаларында ақпараттық техника мен технологияны қолдану мәселелерімен
шұғылданатын пәнді атайды.
Информатика пәні
“Информатика” сөзі француз тілінде “informatique” осы тілдің “information” (информация) және “automatique” (автоматика) сөздерінен құрылған “информациялық автоматика” деген ұғымды береді.
Бұл сөздің ағылшын тілінде кең тараған түрі “Computer science” “компьютерлік ғылым” деген ұғымды береді.
Информатика - қолдану диапазоны өте кең болып табылатын комплексті ғылыми пән.
Информатиканың басымды бағыттары
а) есептеу жүйелерін және бағдарламалық (программалық) жабдықтамаларды жасау;
б) ақпараттар теориясы - ақпаратты тарату, қабылдау, түрлендіру және сақтаумен байланысты үрдістерді зерттеуші ғылым;
в) математикалық үлгілеу (моделирование), есептеу және қолданбалы математика әдістері және оларды ғылымның әртүрлі салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулерде қолдану;
г) жасанды интеллект әдісі, адамның ой парасаттық қызметінде логикалық және аналитикалық ойлау әдістерін үлгілеу;
д) жүйелік сараптау, әртүрлі күрделі үрдісді шешуді дайындауда және негіздеуде қолданылатын әдістемелерді үлгілеу;
е) биоинформатика - биологиялық жүйелердегі ақпараттық үрдістерді зерттеу;
ж) әлеуметтік информатика - қоғамды информатизациялау үрдістерін зерттеу;
з) машиналық графика, анимация, мультимедия құралдар әдістері;
и) телекоммуникациялық жүйелер мен жергілікті және глобальды компьютерлік желілер;
к) өндірісте, ғылымды, білім беруде, медицинада, саудада, ауыл шаруашылығында және шаруашылық пен қоғамдық қызметтердің басқадай түрлерін қамтитын әртүрлі қолданбалар.
Enter тиегін шерт

Информатика пәні
Информатика ақпаратпен жұмыс істеуге арналған үздіксіз және тығыз байланысты үш бөліктен тұрады:
техникалық құралдар;
бағдарламалық құралдар;
алгоритмдік құралдар.
Техникалық құралдар немесе компьютердің құрылғылары ағылшын тілінде “Hardware”, “қатты бұйымдар” деп аударылытын, деген сөзбен белгіленеді.
Техникалық құралдарға :
жүйелік блок - аналық тақша, процессор, жедел жады, тұрақты жады, қоректік блок, дыбыс картасы, видео карта, диск жүргізгіш, контроллерлер мен адаптерлер және тағы басқалар;
пернетақта, монитор, тышқан, принтер, сканер және тағы басқа сыртқы қондырғылар.
Бағдарламалық құралдарға :
операциялық жүйелер, операциялық қабықшалар, қолданбалы бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық тілдер, әртүрлі көмекші бағдарламалар және тағы басқалар жатады.
Бағдарламалық құралдарды, компьютерлерде қолданылатын барлық бағдарламалардың жиынтығы мен оларды құру және қолдану қызметтерін, белгілеу үшін “жұмсақ бұйымдар” деп аударылатын ағылшын тілінде “Software” сөзі қолданылады. “Hardware” және “Software” сөздері компьютердің өзі және бағдарламалық қамтамасыздандырудың теңдес екендігін, осылармен бірге бағдарламалық қамтамасыздандырудың түрлену, бейімделу және даму қабілеттілігі бар екендігін көрсетеді.
Информатиканың алгоритм жасаумен және оларды құру әдістері мен тәсілдерін зерттеумен шұғылданатын бөлігі алгоритмдік құралдар делінеді де ағылшын тілінде “Brainware” “Интеллекттік бұйымдар” деп аударылатын сөзбен белгіленеді. Алгоритм компьютерлер үшін бағдарламалар құрудың негізі болып табылады.
Enter тиегін шерт

Ақпарат
Информатиканың қарастыратын объектісі ақпарат болып табылады.
Қазіргі күнге дейін ақпараттың ғылыми анықтамасы берілген жоқ деп есептеуге болады.
Адамзат қызметінің әртүрлі салаларына байланысты ақпарат әртүрлі мағына алады. Ақпарат деп түсінеді:
көпшілік күнделікті өмірде біреуді қызықтырушы кезкелген деректерді немесе мәліметтерді,
техникада белгілер немесе сигналдар түрінде берілетін мәліметтерді,
кибернетикада белсенді әрекеттер жүргізу, басқару, яғни жүйені сақтау, жетілдіру және дамыту мақсатында, қолданылатын білімнің бөлігін.
Ақпарат үшін берілген кейбір анықтамалар:
Ақпарат ол энтропияны жоққа шығару (Бриллюэн) ;
Ақпарат ол құрылымның күрделілігінің өлшемі (Моль) ;
Ақпарат ол әртүрліліктің көрінісі (Урсул) ;
Ақпарат ол шағылысу үрдісінің мазмұны (Тузов) ;
Ақпарат ол таңдау ықтималдылығы (Яглом) ;
Ақпарат ол біздің біліміміздегі анықталмағандықты аластату (Шеннон) ;
Ақпарат ол біздің және біздің сезімдеріміздің оған лайықтануы нәтижесінде сыртқы ортадан алынған мазмұндамаларды белгілеу (Н. Винер) ;
Ақпарат ол қоршаған орта туралы нақты, толық анық мәліметтер (Балапанов) ;
Ақпарат ол мәлімет, қоршаған ортадағы объектер мен құбылыстар, олардың сипаттамалары, қасиеттері және жағдайлары туралы, сонымен бірге олар жөнінде біздің біліміміздегі анықталмағандық дәрежесін кемітуші (Макарова)
Сонымен ақпарат деп бізді қоршаған орта және онда болып тұратын құбылыстар жөніндегі мәліметті айтады.
Ақпараттық қасиеттері бойынша қарастырылатын заттар, үрдістер, материалды және материалды емес құбылыстар ақпараттық объектілер делінеді.
Ақпаратпен жүргізуге болатын белгілі үрдістерді ақпараттық үрдістер деп атайды.
Ақпаратты өңдеу ол белгілі алгоритмді орындау нәтижесінде бір ақпаратық объектіден екінші ақпараттық объектіні алу.
Ақпараттық қорлар ол адамзаттың ойлары және оларды іске асыру жөнінде ұсыныстар жиынтығы.
Ақпараттық технология адамзаттың ақпаратты өңдеуде қолданатын әдістері мен құралдарының жиынтығы. Мұндағы құралдар жиынтығына компьютерлер, есептеу техникасы мен байланыс техникасы, тұрмыстық электроника, теледидар және радио жатады.
Ақпарат сөз, мәтін, сурет, сызба, фотография, жарық немесе дыбыс сигналдары, радиотолқын, электрлік және нерв импульстері, магниттік жазба, ым, иістік және дәмдік сезімдер, хромосома және басқа түрлерде болады
Enter
тиегін
шерт

Ақпараттың объектіні қажетті дәлдікпен бейнелеуге қабілетті болуы керектігін білдіретін қасиеті
нақтылық (достоверность)
Ақпарат нақты болмаса ол қате түсініледі немесе қате шешім қабылдауға әкеледі. Нақты ақпараттың белгілі бір уақыт өткен соң нақты болмай қалу мүмкіндігі бар
Ақпараттың қасиеттері
Ақпараттың қолдану кезіне дейін құндылық дәрежесін сақтау қабілеттілігін білдіретін қасиеті
өзектілік (актуальность)
Ақпаратта қолданушының дұрыс шешім қабылдауына жеткілікті ең аз мәліметтің болуы керектігін білдіретін қасиеті
толықтылық (полнота)
Ақпаратта мәліметтің аз немесе тым көп болуы шешім қабылдауға кедергі жасауы немесе қателесуге әкелуі мүмкін
қол жетерлік
тұрақтылық
дер кезілік
дәлдік
түсініктілік
құндылық
Ақпараттың оны қолданушының қабылдау деңгейіне сәйкес келуі керектігін, яғни білім дейгейінің ескерілуі керектігін, білдіретін қасиеті
Келіп жеткен ақпараттың объектінің нақты жағдайына жақын дәрежеде болуы керектігін білдіретін қасиеті
Бастапқы деректердің өзгерісін қажетті ділдікті бұзбай сезіну қабілеттілігі
Есепті шешуде маңыздылығын және болашақта қолдану мүмкіндігінің дәрежесін білдіретін қасиеті
Ақпараттың қажетті уақыттан кеш түспеуі керектігін білдіретін қасиеті
Ақпарат қажетті уақыттан ерте түссе оның түсінікті болмауы мүмкін, ал кеш түсуі дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді
Ақпараттың қолданушының қарым-қатынас жасай алатын тілінде берілуі керектігін білдіретін қасиеті
Ақпаратты қолданушы пайдалана алмайды, егер ақпарат
ол түсінетін тілде берілмесе, мысалы қазақша ғана түсінушіге жапон тілінде берілсе;
оның білім дәрежесінен жоғары болса, мысалы орта білімдіге жоғары білім түрінде берілсе;
оған қажетті болмаса, тағысын тағы сондай.
Осы себептерден ақпарат белгілібір қасиеттерге ие болуы керек.
Ақпарат құнды және хабар әкеледі деп есептеледі, егер одан кездейсоқ сипаттағы, яғни кенеттен болуы мүмкін, уақиғаның орындалуы жөнінде білінетін болса.
Ақпараттық шындылығы, жаңалықтылығы және пайдалылығы информатикада қарастырылмайды және оларды бағалау көрсеткіштері анықталмайды.
Enter
тиегін
шерт

Ақпарат алуға болады :
Enter
тиегін
шерт

ұйқыдан тұра салысымен
терезеден қарағанда
әңгімелескенде
Телевизор қарағанда
Газет, журнал, кітап оқығанда
Enter тиегін шерт

және тағы басқа жағдайларда.
Enter тиегін шерт

Ақпаратты нөл мен бір сандарының жиынтығы түрінде көрсету екілік кодтау деп аталады.
Ақпаратты келісілген белгілердің реттелген жиынтығы түрінде көрсету ақпаратты кодтау деп аталады.
Компьютерлерде ақпаратты кодтаудың осы түрі қолданылады.
Екілік кодтауда әр белгіні (әріп, сан, тыныс және математикалық белгілер, бос орын, т. б. ) нөл мен бірдің кезектескен 8 орынды жиынтығымен көрсетуге келісілген:
1
11
. . . . . . . .
1001
. . . . . . . .
10101001
. . . . . . . .
Осындай жиынтық көмегімен 256 белгіні көрсетуге болады.
Мысалы
Әріп Код
А латынша - 011
а латынша - 0111
А орысша - 1
а орысша - 101
Мәліметтерді ЭЕМ-на енгізу
Enter тиегін шерт

Ақпаратты өлшеу үшін үлкен бірліктер қолданылады:
1 килобайт (1 Кбайт) = 1024 байт = 210 байт = 213 бит
Ақпаратты өлшеу. Ақпараттың өлшем бірліктері.
1 мегобайт (1 Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт = 223 бит
1 гигабайт (1 Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт = 233 бит
Аяқталуының тек қана екі бірдей мүмкіндігі бар уақиға жөніндегі мәліметтің сандық шамасы ақпараттың өлшем бірлігіне, 1 битке, тең болады.
Ақпараттың өлшем бірлігі ретінде 1 битті алуды Клод Шеннон ұсынды. Бит, ағылшын тілінде bit - binary digit - екілік сан деген сөздің қысқартылған түрі.
Символдарды кодтауда қолданылатын нөл мен бірдің әрқайсысындағы ақпарат шамасы 1 битке тең деп есептеледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz