Тартылыс құбылысы
Презентация қосу
Тартылыс құбылысы.
Бүкіләлемдік тартылыс заңы
Ашық сабақ
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Тартылыс
құбылысы,бүкіләлемдік тартылыс
заңы туралы жүйелі білімдерін
қалыптастыру
2. .Дамытушылық: Ойлау қабілетін,
танымын дамыту. Оқушының физика
пәніне ынтасын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Оқушының ой-өрісін
кеңейте отырып, тәртіптілікке,
ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз
бетінше оқуға, ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім қалыптастыру
Сабақтың түрі:аралас
Оқыту әдісі:баяндау, сұрақ-жауап, есептер шығару,тестпен
жұмыс,сөзжұмбақ
Көрнекілігі: компьютер,интербелсенді
тақта,слайд,презентация
Үй тапсырмасын
тексеру.
Сұрақ - жауап
1. Денеге еш нәрсе әрекет етпесе,ол қандай күйде болады?
2. Инерция деп нені айтады?
3. Инерцияға мысал келтір.
4. Көлік оңға немесе солға бұрылғанда ондағы жолаушы қалай қарай
қисаяды?
5. Жүріп бара жатқан трамвайдан секірген адам қалай қарай
құлайды?
6. Бір дененің екінші денеге әрекеті қалай байқалады?
7. Күш қандай шама? Мысал келтір.
8. Күш немен сипатталады?
9. Күш сызбада қалай кескінделеді?
10. Күш бірлігі ретінде не қабылданған?
11. Қандай күш 1Н-ға тең болады?
“Қайталау - оқу
айнасы”
«Сәйкес формуланы тап»
1 масса S=υt
2 көлем t=S/υ
3 жол m=ρv
4 жылдамдық ρ=m/v
5 уақыт υ=S/t
6 тығыздық V=m/ρ
“Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар!”
(Есептер шығару)
1.Ұшақ 750 км/сағ жылдамдықпен ұшып барады, 6сағ ішінде ол
қандай қашықтықты өтеді?
2. Ішіне 8кг керосин сиятын ыдыстың көлемі неге тең? Керосиннің
тығыздығы 800кг/м3.
3.Автомобиль 60 км/сағ жылдамдықпен 120 км жол жүреді, осы
қашықтықты ол қанша уақытта жүріп өтті?
4.Мотоциклші алғашқы 10секундта 15м/с жылдамдықпен жүрсе,ал
келесі 50 секундта 25м/с жылдамдықпен жүрді.Мотоциклшінің
барлық уақыттағы орташа жылдамдығы қандай?
5.Екі арба әрекеттескеннен кейін олардың жылдамдығы 0,2м/с
және 0,6 м/с болды.Үлкен арбаның массасы 0,6 кг.Кіші арбашаның
массасы неге тең?
Балалық шағымыздан әрқайсымызға денелердің
жерге тартылуы жақсы таныс, мысалы тебілген
доп та, бұтағынан үзілген алма да Жерге түседі.
Демек, денелерге Жер тарапынан күш әрекет
етеді. Жер барлық денелерді өзіне тартады.
Күнді айнала қозғалатын ғаламшарлар
тартылыс өрісі әрекетінен Күнге тартылады
және өздері де бір-біріне тартылады.Ай Жерді
айнала қозғалады.
Барлық кеңістікті жайлаған тартылыстан “Жеті
қат көкке ұшсақ та”, “Жеті қабат Жер астына
енсек те” құтыла алмаймыз. Сондықтан әлемдегі
денелердің бір-біріне тартылуы бүкіләлемдік
тартылыс деп аталады. Ағылшын ғалымы
И.Ньютон бұл құбылысты зерттеп, табиғаттың
ұлы заңы-Бүкіләлемдік тартылыс заңын
тұжырымдады. Бұл заңмен сендер 9-сыныпта
Ньютон тартылу күшінің өрнегін 1666 ж., 23 жасында-ақ
анықтаған. Бірақ, ол өзінің теориясын тәжірибелік
деректермен салыстырып, көп алшақтық байқағандықтан
жария етпейді. Нәтижесінде ол ашқан заң көптеген жылдар
бойы белгісіз болып қалды. Алайда, ол қолданған деректер
нақты дәл емес еді. Ньютонға дәлірек өлшеулердің
нәтижелері белгілі болғанда, О. Лодж айтқандай, ол “өзінің
ескі қолжазбаларын алып есептеуге кірісті… Жаңа деректер
есептеу нәтижелерін өзгерте бастады. Ол өз жұмысын
керемет тебіреніспен қайта қарады. Қаламы ойына ілесе
алмады. Соңында есептеулерден керекті нәтиже алды.
Ашқан заңның керемет мәні мен тереңдігі оның басын
айналдырып, тұманданған көздері қолжазбаны көрмеді.
Шаршаған ол қаламын тастай салды. Әлем құрылымының
құпиясы жалғыз өзіне ғана ашылды…”.
Ньютонның атымен Халықаралық бiрлiк жүйесiнде күштiң
өлшем бiрлiгi – ньютон аталған.
Исаак Ньютон –
ағылшын физигі
және математигі
1643ж. –1727ж.
“Табиғат – оған
ашық кітаптай,
үнемі оқумен
болатын”
А. ЭЙНШТЕЙН
.
«Егер мен
басқалардан
әрірек көрсем,
оның тек
алыптардың
иықтарында
тұрғандығымнан
болар»
И.Ньютон
БҮКІЛӘЛЕМДІК
ТАРТЫЛЫС ЗАҢЫ
ҚАЛАЙ АШЫЛДЫ?
Бүкіләлемдік
тартылыс заңы
Ньютонның ФАКТ: СОЛ АЛМА
бүкіләлемдік АҒАШЫ
тартылыс заңын
қалай ашқаны туралы
бір қызық оқиға бар:
бақшада отырған
кезінде ол алма
ағашынан
алмалардың Жерге
құлауын бақылай
отырып, осы заңды
ашқан екен деген
болжам бар.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1.Неліктен денелер Жерге құлайды?
2.Әлемдегі денелердің бір-біріне тартылуы
қалай аталады?
3.Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым
кім?
4.Тауға қарай көтерілу,тіпті жол тегіс
болғанның өзінде,төмен түсуден гөрі қиын
болатыны неліктен?
4.Жаңбыр тамшысының Жерге қарайғы
қозғалысын туғызатын қандай құбылыс?
Үйге тапсырма
§30. Реферат:
«И.Ньютонның өмірі
мен қызметі»
Назарларыңызға
рахмет
!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz