Тұрлаусыз мүшелерге арналған сабақ жоспары


Slide 1

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: 1. Тұрлаусыз мүшелерді ажырату, сөйлемде

атқаратын қызметіне түсінік беру, таза, сауатты жазу

дағдысын жетілдіру

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз ойын

тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ана тілін сүюге, халқымыздың

ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі-өнеге алуға, сол арқылы

кішіпейілділік, қайырымдылық, кеңпейілдік қасиеттерінің

қалыптасуына ықпал ету.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакаттар, сөзжұмбақтар.

Slide 2

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,

Бар адамды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

- Тұрлаусыз мүшелер.

- 4- жаттығу. 78-бет

Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

Мектепте шахматтан жарыс болды. Жарысқа Нұрбол қатысты. Жарыста Нұрбол қарсыластарын жеңіп, жарыстың жүлдесіне иеленді. Сөйтіп, Нұрбол жарыстан сыйлықпен оралды.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Кіріспе сөз:

Slide 3 Slide 4

Тұрлаусыз мүшелер

кімді?

қалай?

неше?

қайдан?

қашан?

нешінші?

қанша?

нені?

неге?

қайда?

қандай?

кімге?

кімнің?

ненің?

Тұрлаулы мүшелер

немен?

бастауыш

баяндауыш

кім?

не?

кімдер?

нелер?

не істеді?

қайтті?

не қылды?

Slide 5

ж

Ж

Жалқаудың жауы -жұмыс.

Slide 6

1-жаттығу. Сөздерді оқы. Қайда? сұрағына жауап болатын сөздерді теріп жаз.

Әдемі, ауылда, жүгіріп келеді, кеше, жоғарыда, домбыра, артта, ұзын, мектепте, тау басында.

Slide 7

2-жаттығу. Көп нүктенің орнын тұрлаусыз мүшелермен толықтырып жаз. Сөйлемде қандай өзгерістер болды?

қайың өсіп тұр. Оның бұтақтары бар. жапырақтар сыбдарлайды. құстар ұшып келеді. Олар ұя жасайды. балапандар ұшып шығады.

Slide 8

Сергіту сәті

Жаңбыр жауып басылды

Аспан шайдай ашылды.

Желмен бірге жапырақ

Сыбдыр қағып шашылды.

Slide 9

ШыШШ

Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз. Сөйлемдегі сөздерді тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге талда.

Кеше, кино, біз, бар.

Әсет, сыйла, аға, кітап.

Айгүл, жаз, әже, хат.

Машина, келеді, жол, үлкен.

Slide 10

Өзбетімен жұмыс: 3-жаттығу.

Өлеңді оқы. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қой.

Құмартамын кітапқа. Өлең-жырды жаттаймын. Қонып тұрған бұтаққа, Торғайларды атпаймын.

М. Бақтыбаев

Slide 11

Сөйлем мүшесі дегеніміз не?

Сөйлем мүшелерін неше топқа бөлінеді?.

Тұрлаулы мүше дегеніміз не?

Тұрлаулы мүшелерді ата.

?

Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтарын ата.

Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?

Slide 12

Үйге тапсырма: Сөйлем мүшелерін қайталау. 4- жаттығу, 80-бет


Ұқсас жұмыстар
8-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Тұрлаусыз мүше - толықтауыш
8-сынып қазақ тілі пәні: Тұрлаусыз мүшелер - толықтауыш бойынша сабақ жоспары
Құрмалас сөйлем: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Акробатикалық жаттығуларға арналған сабақ жоспары
Аралас сандарды қосуға арналған сабақ жоспары
Тұрлаулы мүшелер: бастауыш пен баяндауышты меңгертуге арналған сабақ жоспары
Жыл мезгілдері: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған Зат есімнің түрленуі сабақ жоспары
Қосарлама қос сөздер: мұғалімге арналған сабақ жоспары
Дулат Бабатайұлының өлеңдерін қорытындылауға арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz