Айт күндері әңгімесі
Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы:
Бейімбет Майлин
“Айт күндері” әңгімесі
◦ Сабақ мақсаттары:
◦
Білімділік: Бейімбет Майлиннің өмірімен,
шығармашылығымен таныстыру. Айттың діни
мереке екенін танымдық бағытта меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше
қосымша және әдеби материалмен жұмыс істей алу
және іздеушілік, зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Әр ұлттың салт-дәстүріне құрмет
сезімімен қарап, толеранттылық, қайырымдылық,
бауырластық рухында тәрбиелеу.
Ой жинақтау: Нені білуіміз керек?
(Балалардың алдына мақсат-
міндеттер қою)
• Жазушының өмірбаяны.
• Жазушының шығармашылығы.
• Жазушы шығармаларының тақырыбы.
• «Айт күндері» әңгімесі туралы.
• Айттың түрлері.
• Айтқа тән дәстүрлер.
• Отбасындағы діни мерекелер
. Портретпен жұмыс: Бейімбет Майлиннің
бейнесі.
- Мынау кімнің бейнесі және ол туралы не
білесіңдер?
Балалар жазушының өмірбаяны туралы, оқыған
жерлері туралы айтып береді.
Әбдірахман Арғынбаев дегеннің
медресесіне түсіп, екі жыл (1910-1912)
оқиды.
Бейімбет Майлин 1919-1921 жылдары ауылдағы кеңес жұмысына
араласады.
1922 жылы Сәкен Сейфуллиннің шақыруымен Орынборға келіп,
баспасөз қызметіне қызу кіріседі. Орталық газет бетінде жиі-жиі
әңгіме-очерктер жариялап, «Қызыл Қазақстан» журналында
«Шұғаның белгісін» жаңадан жөндеп бастырады, кітап баспасынан
өлеңдер жинағын шығарады.
1923 жылы Майлин Қостанай қаласына барып, «Ауыл» деген жаңа
газет шығарысады. Көптеген новеллалары, сықақ әңгімелері, белгілі
«Раушан коммунист» хикаяты осы газет бетінде жарық көреді.
1925 ж.Өлкелік өкіметтің арнайы шақыруымен республиканың сол
кездегі астанасы Қызылордаға келіп, қайтадан баспасөз және баспа
орындарында (1934 жылға дейін) әр алуан қызметтер атқарады.
1934-1937 жылдары «қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып
істейді. Осы жылдар ішінде жазушының өзі қалам тербеген барлық
жанрда 55 кітабы жарық көріп, жұртқа кеңінен таралып еді.
Б. Майлин 1938 жылы дүние салды.
1913-1914 жылдары Майлин Троицкідегі
«Уазифа» мектебінде, оны бітіргеннен
кейін Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияда
оқиды. Сол жылдары медресе
шәкірттерінің әдеби үйірмесіне қатысып,
өзі секілді талапкер жастармен бірге
«Садақ» атты қолжазба журнал
шығарысады. «Садақтың» әрі редакторы,
әрі белсенді авторы болған Бейімбет осы
журналдың 1914 жылдағы үш нөмірінде
өзінің тырнақ алды прозалық туындысы
«Шұғаның белгісін» жариялайды
. 1916 жылы еліне келіп, 1919 жылға
дейін қаламгерлік қызметімен қатар,
ауыл жастарына ұстаздық етеді.
Әдеби сөздік диктант. Сабақ
барысында қолданылатын термин
сөздердің аудармасын білу:
«поэт, писатель, сочинение, рассказ,
стихи, литературный, художественный,
содержание, случай, биография,
творчество, религия, традиция,
искусство».
Хронологиялық кесте: «Мына
сандар не дейді?»
• 1894
• 1910 – 1912
• 1913 – 1914
• 1914
• 1922
• 1934 -1937
• 1938
Шығарманың аты
Шығарманың авторы
Шығарманың қай жанрына жатады?
Әңгіме деген не?
Шығарманың негізгі идеясы
Әңгіме-оқиғаны баяндап айтуға негізделген,
қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма.
Әңгімеде әдетте бас-аяғы жинақы,тиянақты бір
оқиға айтылады.
Онда маңызды деген қысқа оқиға суреттеледі.
Әңгіме кейіпкерлері көп болмайды.
Сюжет желісі бір арналы ширақ
келіп,тақырыбы мен идеясы айқын болады.
Ол аз сурет арқылы көп жайды аңғартады,
жазушыдан көркемдік шеберлікті талап етеді.
Тақырыпшалар: «Айттың түрлері»,
«Ораза айт», «Құрбан айт», «Айтқа тән
дәстүрлер», «Коляда», «Сочельник»,
«Крещение».
«Инсерт» картасы бойынша тексеру.
- Нені білемін?
V Мен үшін жаңалық
+ Мені таңқалдырған ?
.Рефлексия. Рождество мен Құрбан айт
мерекелері 2006 жылдан бері демалыс
күндері болып жарияланды. Бұл
күндері Елбасы халықтың алдына
шығып өзінің құттықтау сөзін сөйлейді.
Жазушы арманының орындалғаны осы
емес пе!
Тест-интервью.
1. Бейімбет Майлин кім?
2. Бейімбет Майлиннің туған жері.
3. Бейімбет Майлиннің өмір жылдары.
4. Бейімбет Майлин қайда оқыды?
5. Бейімбет Майлиннің алғашқы повесі қандай?
6. Бейімбеттің қанша прозасы бар?
7. Бейімбеттің неше өлеңі бар?
8. Бейімбеттің қанша поэмасы бар?
9. Бейімбеттің қанша драмалық шығармасы бар?
10. Оның қандай шығармаларын білесің?
11. Бейімбет Майлин қандай фильмнің сценариін жазысқан?
12. Бейімбет шығармаларының тақырыбы қандай?
13. «Айт күндері» әңгімесі не туралы?
14. Қандай діни мерекелерді білесің?
15. Айттың түрлері қандай?
16. Айтқа тән дәстүрлер қандай?
Құрбан айт (Араб тілі: ‘ عيد ااالضأحىĪd ul-’Ad ḍḥ ḍā, Урду тілі: – )باااقرعيد
мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70
күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге
қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады,
мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің
бірі.[1]
Әрбір мұсылман Аллах разылығы үшін мүмкіндігі болса құрбан шалады,
мал сояды (жылқы малынан басқасын). Аллаһның бұйыруы бойынша
бірінші құрбандық Ибрагим Пайғамбардың сүйікті баласы – Исмаил
болуы керек болды. Не әкесі, не баласы қарсы болған жоқ. Аллаһ әкесі
мен баласының өзіне берілгендігіне көз жеткізіп, оларды құрбандыққа
шалған жұмақтан аспан түстес көк қошқарды түсіріп, оларға мейірім
түсірді. Содан бері дәстүр жалғасын табуда. Оны орындау – әрбір
мұсылманның міндеті. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын
шалады. Басқа жануарлар қолданылмайды. Ауру, соқыр мал құрбандыққа
шалынбайды. Мұсылмандар үшін Құрбан айттың бірінші күні маңызды
болып саналады. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылады. Айттың осы
бірінші күнінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен
дастарқаннан дәм татады, бұл күні әр мұсылманның үйінде дастарқан
жайылады. Құрбан айтта бауырсақ, шелпек пісіру, дастарқан мәзірін
дайындау үшін жұмыстан сұрану керек еді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz