8-сынып қазақ тілі: Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы; болымды және болымсыз етістіктер


Slide 1

Пән: қазақ тілі 8 сынып 27. 01. 2014ж Сабақ тақырыбы: Қадыр Мырза Әли -ақын. Болымды етістіктер мен болымсыз етістіктер

Slide 2

Мақсаты: а) Білімділік: Қимыл, іс - әрекеттің болу - болмау мүмкіндігіне қарай етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінуін, жасалуын өз бетінше тұжырым жасау арқылы меңгерту, оларды салыстыра оқытып, мағыналық айырмашылығына көңіл бөлу; оқушыларға еліміздің ақиық ақыны Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту көркем жазуын дамыту. Сөздік қорын молайту және тіл дамыту. б) Тәрбиелік: Ақын - жазушылардың жалпы өнерін құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Slide 3

2

1

4

3

5

Slide 4

етістік

дара

күрделі

туынды

негізгі

Slide 5

Ақынның тек өз өлеңдерінен ғана тұратын жеке жыр табағы жарық көрді.

Жан - жануарлардың азығы қардың астында қалды.

Ой тастау. Балалар, бұл сөйлемдерде өздерің байқағандай іс - әрекет жүзеге асты ма? Берілген сөйлемдерде не айтылады? Ал енді бұл сөйлемдердегі іс - әрекет жүзеге аспаса, сөйлемді қалай құрар едіңдер?

Slide 6

Тыйым сөздермен жұмыс.

Бос бесікті тербетпе. Малды теппе. Үй ішінде ысқырма. Көпке топырақ шашпа. Жібер - жіберме

Қаз - қазба

Шақыр - шақырма

Төз - төзбе

Тізеңді құшақтама!

Құр бесікті тербетпе!

Бүйіріңді таянба!

Үлкен кісінің алдын кесіп өтпе!

Slide 7

Демек, іс - әрекеттің жүзеге асу - аспауына қарай етістік болымды және болымсыз етістік болып екіге бөлінеді. Болымды етістік қимыл, іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. Мысалы, келді, жүрді, сөйледі т. б. Болымсыз етістік қимыл, іс - әрекеттің жүзеге аспауын білдіреді. Болымсыз етістіктің жасалуына назар аударайық. 1. Болымсыз етістік негізгі немесе туынды түбір етістіктерге - ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, айт+па, қал+ма, ойна+ма, суар+ма, азсын+ба т. б. 2. Етістіктің есімше тұлғасы мен «жоқ», «емес» сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, өшірген жоқ, өшірген емес т. б. Болымды, болымсыз етістікті орыс тілінде мына түрде кездестіруге болады: сказал - не говорил, писал - не писал, спала - не спала. Бұлар орыс тілінде положительная форма глагола және форма отрицание глагола болып келеді де, «не» предлог арқылы жасалады. Сондай - ақ болымсыз етістік жұрнақтары зат есім тудырушы жұрнақтармен омонимдес болып келеді. Оларды қалай ажыратуға болады? Болымсыз етістік жұрнағына екпін түспейді, ал зат есім тудырушы жұрнаққа екпін түседі. Мысалы, көр - ме, көр+ме, шал+ма,

Slide 8

ІІІ. «Ой толғаныс»

Сөйлескен жоқ, келген емес, көрген емеспін, сезген жоқсың деген сөз тіркестеріне сөйлем құрап жазу.

Аз, айт, ас, бақ, ем, жар, жаз, ес, и, илан, сөйлес, жи, шай, сыз, кет, бас, өлше, қал, үз, соз, үр,

жүз болымсыз етістік жаса.

Slide 9

1935 жылы 5 қаңтарда Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев Орал облысының Қаратөбе ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген.

1952 жылы Қ. Мырзалиевтің тұңғыш өлеңі . . . аудандық «Қызыл ту» газетінде жарияланды.

1953 жылы екінші өлеңі . . . «Екпінді құрылыс» (қазіргі «Орал өңірі» газеті) жарық көрді

1959 жылы «Көктем» деп аталатын кітабы жарияланды.

1966 жылы Қ. Мырзалиев республика комсомолы сыйлығына ие болды.

1980 жылы Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Slide 10

Қазақстан мемлекетінің Халық жазушысы, танымал ақын, балалар әдебиетіне үлкен үлес қосқан, аудармашы, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, “Тарлан” сыйлығының иегері, алғашқы гимннің авторларының бірі

Slide 11

б) 1-жаттығу, 157 бет

Мәтін бойынша 2 сұрақ дайындау.

Slide 12

IV. Жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау

Берілген етістіктерге сұрақ қойып, болымды екенін дәлелдеу, жұрнақ жалғап болымсыз етістік құрастыру

Көру диктанты (4- жаттығу, 158 бет)

Slide 13

V. Мақалдарды жатқа жазу, болымды, болымсыз етістіктердің астын сызу, сөз құрамына талдау

1-нұсқа 1-мақал

Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.

2-нұсқа мақалды

Киіміңе мақтанба,

Біліміңе мақтан.

Slide 14

ҮІ. Үй тапсырмасы.

Нәтижеге бағытталған кезең .

Деңгейлік тапсырмалар орындау.


Ұқсас жұмыстар
Қадыр Мырза Әлі: өмірі, шығармашылығы, аудармашылық қызметі және марапаттары
Қадыр Мырза Әлі (1935-2011): өмірбаяны, шығармашылығы және марапаттары
Қадыр Мырза Әлі: балалар поэзиясы мен аудармашылық мұрасы
Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығына арналған сабақтық-әдістемелік материал
Ө.Тұрманжанов, М. Әлімбаев, Қадыр Мырза Әли, Қ. Баянбаев, М. Жаманбалинов және Ж. Смақовтың балалар әдебиетіндегі шығармашылығы мен тәрбиелік әсері
Қадыр Мырза Әлідің Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру өлеңіндегі қазақ бейнесі: теориялық және практикалық зерттеу
Болымды және болымсыз етістік тақырыбы бойынша сабақ жоспары
6-сынып қазақ тілі сабағы: Дара және күрделі етістіктер - сабақ жоспары
8-сынып қазақ тілі сабағы: Баяндауыштың түрлері мен жасалуы
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев: өмірбаяны мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz