Молекулалардың қозғалысы




Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы:
Молекулалардың қозғалысы.
Броундық қозғалыс. Диффузия
Сабақ мақсаты:
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Молекулалардың қозғалысын, Броундық
қозғалысты, диффузияны оқып – үйрену; алған білімін кез
келген жағдайда пайдалана білуге үйрету.
2. Дамытушылық: МКТ негіздерін оқып – үйренуде
оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту, жүйелі түрде
ойлауға, ізденуге бағыттау.
3. Тәрбиелік: Өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа
қатысты екендігін көрсету. Оқушыларды еңбектене, іздене
білуге тәрбиелеу.
Үй тапсырмасын сұрау:
Газ молекулаларының арақашықтығы қандай болады? (газ
молекулаларының арақашықтығы олардың сызықты өлшемдерінен
әлдеқайда үлкен болады)

Сұйық деп қандай денені айтады? (Сұйық деп, пiшiнi жоқ, бiрақ белгілі
көлемi бар денелердi айтады. Өзiнiң құрылымы мен жылулық
қозғалысының сипаттамасы бойынша олар газ бен қатты денелердiң
арасында орын алады.)

Қатты денелер дегеніміз не? (Қатты денелер деп өзiнiң көлемi мен
формасын сақтайтын денелердi айтады.)

Молекулалардың өзара әрекеттесу күшін кім зерттеді? (Молекулардың
өзара әрекеттесу күштерін голландия физигі Я.Д. Ван-дер-Ваальс
зерттеген.)

Молекулалар арасындағы тартылыс және тебілу күштері қандай болады?
(олар қысқы әрекет етуші күштер, өте аз қашықтықта пайда болады).
Семантикалық карта
Физикалық шаманың Белгіленуі Формуласы Өлшем
аты бірлігі

Молекула саны

Молярлық масса

Зат мөлшері

Заттың массасы

Авагадро
тұрақтысы
Жаңа сабақ:
Броундық қозғалыс, браундық
қозғалыс — сұйық не газ ішіндегі
ұсақ бөлшектердің қоршаған орта
молекулаларының соққысы әсерінен
болатын бей-берекет қозғалысы.
Мұны 1827 жылы ағылшын
ғалымы Роберт Броун (Браун)
зерттеген.
Орта молекулаларының соққысы
бөлшектерді бей-берекет
қозғалысқа келтіріп, олардың
жылдамдығының шамасы мен
бағытын шапшаң өзгертіп
отырады. Егер бөлшектердің орны
бірдей қысқа уақыт аралықтарында
тіркеліп отырса, онда
бөлшектердің траекториясының
күрделі екендігі байқалады
Молекулалар мен атомдардың ретсіз
қозғалыстары салдарынан жанасып
тұрған әр түрлі заттар бөлшектерінің
бір-біріне өтіп таралуын диффузия деп
атайды.
Диффузия латын сөзінен алынған,
жайылу, таралу деген мағнаны береді.
Қатты денелерде диффузия баяу жүреді,
себебі, қатты денелердің молекулалары бір
бірімен тығыз байланысып орналасқан.
Газдарда диффузия жылдам жүреді.
Ал сұйықтарда диффузия құбылысы баяу
жүреді себебі, оның молекулалары барлық
жағынан көршi тұрған молекулалармен
қысылады, яғни сұйық молекулалары бiр
орында тербелiп тұрады.
Жаңа сабақты бекіту.
Физикалық диктант
1. Сұйық не газ ішіндегі ұсақ бөлшектердің қоршаған
орта молекулаларының соққысы әсерінен болатын бей-берекет
қозғалысы __________________________________ деп аталады.

2. _____________________________ деп молекулалар мен
атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған
әр түрлі заттар бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын айтады.

3. Диффузия жылдамдығы заттардың _______________________
тәуелді.
4. Броундық қозғалысты _____________ жылы _______________
_____________ ашты.
5. Диффузия құбылысы ____________________________ өте жылдам
жүреді.
Үйге тапсырма

§23 Молекулалардың қозғалысы.
Броундық қозғалыс. Диффузия
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Мембраналық тасымал
Жылу оқшаулау материалдарының әсер ету технологиясы
Молекулалардың қозғалысы. Диффузия
МТР шектеулігі
Кванттық ротатор
Молекулалар қозғалысы. Термометр. Температуралық шкалалар
Коллоидтық жүйелердің молекула-кинетикалық және оптикалық қасиеттері
Полимерлердің кристалды күйі
Коллоидты жүйелердің молекулакинетикалық және оптикалық қасиеттері
Тірі ағзаға электр және магнит өрістерінің әсері. Медициналық зерттеулерде ЯМР және ЭПР-дің қолданылуы
Пәндер