Жүріс - тұрысты бақылау
Презентация қосу
Діни экстремизм:
психологиялық аспектілер
Ақтау қаласы №3 орта мектеп.
Қазіргі кезде Қазақстанда түрлі діни ұйымдар
өз жұмысын атқарып келеді. Олардың ішінде іс-
әрекетіне заңды түрде тыйым салынғандары да
бар. Осыған қарамастан, әрқайсымыз да сондай
ұжымдардың жиналыстарына барғандай болсақ,
олардың діни «ілімін» таратып жүргендердің
ішінен таныстарымызды немесе құрбы
достарымызды кездестіруіміз ғажап емес.
Алайда, теріс пиғылды культтардың
құрамына бұрын өз идеологиясы мықты болған
әрі бай азаматтарымыз да еніп жатады.
Неліктен?
Мысалы адам өзінің өмірлік мақсатын, өз ой-
қорытындыларына бір негіз іздейді, ал, оның әке-шешесінің
онымен сөйлесетін уақыты жоқ немесе бір адам отбасын
жоғалтуы мүмкін, кейде ересек адамның өзі қайғысына ортақ
болатын адам таба алмай қиналыста болады. Сондай кездерде
жалған діни ұйым мүшелері өз жұмысын бастайды.
Олар көбінесе стресстік жағдайда жүрген, апатия немесе
депрессияға ұшыраған адамдарға бағытталады. Себебі, мұндай
жағдайда жүрген адамға кез-келген ұсақ мәселе шешілмейтін
азап секілді көреді. Ал, жалған діни ұйым мүшелері адамға
кішігірім төлемақы төлету және күнделікті өмірден бас тарту
арқылы «Құдайдың құтқаруын» ұсынады. Әрине, ешкім
оларға тікелей бұлай демейді, барлығы өздігінен болып жатқан
сияқты көрінеді. Осыдан келіп, адамдар көбінесе өзінің
манипуляцияға ұшырағанын білмей қалады.
Ал, енді, адам санасына әсер ету механизмдеріне тоқталсақ,
теріс пиғылды діни ұйымдардың өз психологтары бар және
олар кәдімгі психологиялық әсер ету тәсілдерін қолданады.
Секталар –
Біріншіден, қиын жағдайда жүрген
адамға ыңғайлы әрі жағымды орта
жасайды. Бұл ұйымда ондай рәуіш
бірден ұйымдастырылған : тегін тамақ,
жататын орын, сіздің келгеніңізге
қуанышты болатын «жаңа отбасы»,
барлығы сізге жымиып, бір-бірінің
амандығын сұрайды. Бұның барлығы
кез-келген адамға жағымды болып
көрінеді және қайтадан сол жерге келіп,
осында көп уақытқа қалуға ынтасын
тудырады.
Екіншіден, жаңадан келген адамды өзін
топпен ассоциациялауға үйретеді. Яғни, оны
жақсы көретін осы «керемет адамдардың» мүшесі
ретінде сезінуге итермелейді.
Әртүрлі ұйымдарда түрлі амалдар бар
(тренингтер, бірігіп ән салу, топтық құлшылық
ету, өздерінің мейрамдары, өздерінің ерекше тілі
және т.б.), жаңадан келген адамның миына
идеологиялық ақпаратты құйып, сол ақпаратты
ешқандай сұрақсыз және сыни ескертулерсіз
жаттауын қатаң қадағалап отырады. Яғни,
адамның сындарлы ойлауы мен ерік қалдықтарын
түгелімен жоюға тырысады. Осылайша, топ оны
«өз мүшесі» етіп қабылдауға ынталандырады.
Үшіншіден, жатталған материал практикада сәтті
қолданғанда, адамды мадақтау және «жоғары
деңгейдегі» топ мүшелеріне жақындату арқылы
қолдайды. Іс-әрекетте «өзін керемет сезінуін»
туғызады, сонымен қатар, осы сезімдер үшін ол өзінің
«ұстаздарына» алғысын білдіреді. Тәуелділік пайда
болады. Енді, манипуляцияны толық жүзеге асыра
беруге болады, яғни, адамды өзінің кез-келген
мақсаттарында қолдануға болады, енді, ол, айтқанның
барлығын бұлжытпай орындайды. Себебі, оның
алдында егер топ одан бас тартса, адам не істерін
білмейтіндей жағдай жасалды ,сол кезде адамда
топтан бөліну фобиясы қалыптасады, сондықтан өзін
мұндай әдіспен жазаламас үшін барлығын істеуге даяр
Осылайша, біртіндеп секта мүшелерінен
тәуелділік қалыптасады, соларға тартатын
бір тылсым күш пайда болады. Осы кезеңде
адам өзінің не істейтінін шеше алмайтындай
жағдайға жетеді. Оған бөгет бола алатын –
адамның жақындары мен достары, себебі,
олар оны бұрынғы өмірге қайтадан тарту
үшін бар күшін салады. Сол себепті теріс
пиғылды діни ұйым адамның бар уақытын
алуға тырысады. Оның мақсаты – адамға
дұрыс демалу мен жақындарымен қарым-
қатынасқа түсу уақытынан айырады .
Егер де сіз өз жақындарыңыз бен
таныстарыңыздың арасында біртүрлі
өзгерістерге ұшыраған немесе күдікті
адамдармен араласып, түрлі түсініксіз
жиындарға барып жүрген адамды
байқасаңыз, онда оған немқұрайды
қарамаңыз, теріс жолға түскендігі
жөнінде түсіндіріп оған көмектесуге
тырысыңыз.
Діни экстремизм өте ауыр әлеуметтік-
құқықтық және этно-психологиялық
мәселе бола отырып, көпаспектілі болып
табылады.
• діни артықшылық,
• діни алауыздық,
• жеккөрушілік,
Жалпы санада « экстремизм », « діни
экстремизм » және « терроризм »
ұғымдары агрессиялықтың,
жеккөрушіліктің, қатігездіктің зарядын
алып жүруші синонимдер болып
табылады.
Экстремизм деген сөз ғылымда үш
түрге бөлінеді. Олар саяси, ұлттық, діни
экстремизмдер. Жалпы ғылыми
жіктейтін болсақ тұлғалардың ішкі
аспектісі сыртқа шықпайды.
«Шәхит» дегеніміз – өзін-өзі жару
емес, ол діни тұрғыда да, құқықтық
тұрғыда да – суицид жасаумен, яғни
өзіне қол жұмсаумен пара-пар әрекет.
ПСИХОЛОГ ЗЕРТТЕУІ
- Өзге жамағаттың жолында
жүргендерді қалай анықтауға болады?
- Мінез-құлық қалай өзгеріске
ұшырайды?
- Өз-өзіне қол салатын жағдайға
қалай жетеді?
ДАБЫЛ БЕЛГІСІ (SOS)
Деструктивті діни ұйымдарға жиі
қатынайтындардың жан дүниесінде мынадай
өзгерістер аңғарылады: діни соқыр сенімнің
шынайылығына сену, ата-аналарға деген
қарым-қатынастарында өшпенділіктің пайда
болуы, оқудан, жұмысынан, дәрігерге
қаралудан бас тарту, журнал, телеарна,
газеттерді оқып, көруден жиіркену, кемінде 3-
5 сағатқа ғана көз ілу, ақуызы бар тағамды
тұтынбау, тұйықтану, достармен араласпау,
әлемде орын алған сыртқы өзгерістерге міз
бақпқау.
Ұйым жетекшілері тобындағы адамдардың санын
арттыру үшін әртүрлі айла-тәсілдер қолданады.
Мысалы, сананы бақылау техникасы былай өрбиді:
1. Топтық зорлық техникасы. Күмән тудырмас үшін
балалар ойынына ұқсас ойынның түрін
қолданады. Адамды өзіне жақын тарту үшін ән
айтып, құшақтап, асыра мақтайды. Мәселен,
муниттер. Әдіс-тәсілдің мақсаты – болашақ ілімге
сеніп жақтаушының өзін сол ұйымға қажетті
екенін барынша сендіру. Ұйым мүшелері тек соны
ғана күтіп және соның қастарында әрдайым
жүргенін қалайтынын, оның қажетті екенін
сездіреді. Теріс ағымға жаңадан келген адам бір
минутқа да көзден таса қалмайды. Ол шараны өз
іштерінде «сандвич» деп атайды. Жаңа келген
адамның жанына білікті екеу қойылады, олар оны
түрлі уағызымен әбден көндіреді.
2. Оқшаулау. Бұл кезде адам шынайы
ақпаратты тексеру мүмкіндігінен
айрылады.
3. Ойлау қабілетін тоқтататын әдіс-
тәсілдер ретінде адамды медитацияға
итермелейді. Бұл әрекетті шамадан
тыс жасаған адам толықтай сенімге
енеді.
4. Бойына қорқыныш ұялатып, күнәсіне
кінәлі екенін мойындатады. Мойындау
әдісімен жасалатын бұл психологиялық
амал нәтижесінде адамның күнәларына
сай жазасы мен сыйы беріліп отырады.
Дүре соғылады, жақсылығына жақсылық
жасалады.
5. Ұйқыдан бас тарту. Рухани
кемелденуге жеткізетін әртүрлі
жаттығулар, жобалар мен жоспарларды
сылтау етіп, адамды ұйқысынан айырады.
6. Дұрыс тамақтанбау. Аздыртын
адамның рухани әрі физикалық
кемелденуді көздеген ойдан
шығарылған диеталармен адамды
ашықтырады.
7. Сенсорлық басыну. Тез арада жаңадан
келген адамды өз ырықтарына
бағындырады.
Сананы бақылау төрт негізгі
бағытта жүзеге асады:
1. Жүріс-тұрысты бақылау.
2. Ақпаратты бақылау.
3. Ойлау жүйесін бақылау.
4. Көңіл-күйді бақылау.
ҰСЫНЫСТАР
Діни секталардан зардап шеккендерге арнайы емдеу
орталығы қажет
Міне, мұндай үздіксіз психикалық шабуылға
ұшыраған, физикалық тұрғыда әбден әлсіреген
адам ойсырамай қоймайды. Сондықтан оларды
емдеу де күрделі. Санасы уланғандарды
жындымен қатар ұстай алмайсыз, ал аурухана
стационарында науқасты көп ұстауға болмайды.
мұндай науқастарды оңалтуға көп уақыт кетеді
екен, яғни санасында сілкініс болған күні ол өз-
өзіне келеді. Ал сананың селт ету уақыты бірнеше
айдан көптеген жылға созыла беруі ықтимал.
Сондықтан оны дөп басып айту мүмкін емес.
Ғылыми тұрғыда анығы – діни секталар быт-шытын
шығарған адам жадысын жөнге келтіруге болады.
Топқа бөліну
1. Әр топ тапсырмаларының жобасын жасақтай
отырып, қорғайды.
2. “Өзіңді білгің келсе”жобалық тест.
3. “Діни көзқарастың психологиялық ерекшелігі”
сауалнама
4. “Сіздің миыңыздың қабілеті қандай?”
Көкірегіңе түйіп ал!
• Мың жылдан бері ұстанып келе жатқан ата -
бабамыздың дәстүрлі дінін жоққа
шығармайық!
• Ислам діні бейбітшілікті дәріптейтін бірлік
діні екендігін ұмытпайық!
• Дін дегеніміз –ұлы сенім, ғылым анасы
• Ал сенім – адамзаттың тірегі.
• Әрбір ұрпақ келесі өзінен кейінгі ұрпаққа
ізетті, игілігі мол жақсы өмір жолын тастап
кетуі ләзім екендігін есімізде ұстайық!
Сау болыңыздар!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz