Сұрақ жауаптары


Slide 1

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Сөзге құлақ асайық!

Slide 2

Уа, халқым!

Назар аудар денсаулыққа

Өмірде бақыттысың денің сауда

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамызда

- дей отыра бүгінгі сабақты бастаймыз.

Slide 3

Есірткі - жас өмірді улаушы.

Slide 4

Тәрбие сағаттың мақсаты:

* Оқушылардың зиянды заттар туралы білімдерін нығайту.

*Оқушыларды салауатты өмір салтына және адамгершілікке тәрбиелеу.

* Өзара ой бөлісу, ойлау, қорытындылау қасиеттерін дамыту.

* Өз денсаулығының бағалы байлық екендігіне жағдай жасау.

Slide 5

Ұранымыз:

«Есірткіден есіруді көздегенше, салауат-ты салтымыздан қол үзбе»

Slide 6

Түрі: ашық тәрбие сағаты

Тәрбиелік бағыты: зиянды заттардан аулақ болу. Әдісі: топтық жұмыс, пікіралмасу, сұраққа-жауап. Көрнекілігі: үлестірмелер, слайдтар, көрнекіліктер.

І. Ұйымдастыру:

-сынып тазалығын қадағалау

- амандасу, оқушыларды түгендеу

Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу

Slide 7

Тәрбие сағатының барысы:

І. Кіріспе бөлім. (мұғалімнің сөзі)

ІІ. Негізгі бөлім 1. Ой қозғау 2. Мағынаны тану (баяндама) 3. Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама: “екі адам, екі тағдыр” 4. Топтастыру «Оқушылардың ой пікірі»

III. Қортынды бөлім.

5. Тест тапсырмасы

6. Біз болашақ салауатты, білімді, тәрбиелі жас ұрпақпыз!

IV. Бекіту бөлім.

7. Өзім үшін жазу әдісі

8. Үндеу

Slide 8

Салауаттылық - саулық кепілі, ал

саулық - байлық негізі.

“Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі” Н. Ә. Назарбаев.

Қазақстан Республикасының Президент

2030 стратегиялық жолдаудан.

Slide 9

Елбасының 2030 стратегиясында көрсетілген өзекті мәселеленің бірі - салауатты өмір сүру, оны насихаттау.

Салауатты өмір сүру дегеніміз не - ол әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу. Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері - есірткі пайдалану, шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық. Себебі қазіргі кезеңде, есірткі пайдалану - ғасырымыздың дерті. Ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын тажал дертіне қарсы күрес отбасынан, мектептен басталуы тиіс.

Сондықтан біздер заманымыздың қасіретіне айналып отырған есірткіге қарсы тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.

Slide 10

1. Ой қозғау (Екі топқа да ортақ сұрақ)

Салауатты өмірге қандай әрекеттер кері ықпалын тигізеді деп ойлайсыңдар?

Slide 11

Кері ықпал тигізетін әрекеттер

Күн режимін сақтамау

Уақытты тиімді пайдаланбау

Тәртіпсіздік

Нашақорлық

Есірткі

Ішімдік

Темекі

білімсіздік

Slide 12

2. Мағынаны тану

Есірткі туралы жалпы мағұлмат (баяндама)

1 - Топқа тапсырма:

ЕСІРТКІ ҚОЛДАНУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ?

2 - топқа тапсырма:

НАШАҚОРЛАР-ДЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ?

Slide 13

“Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама”

Бірінші кейіпкердің әңгімесі:

Оқушылар, енді ойланып көрейікші кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не?

Екінші кейіпкердің

әңгімесі:

Егер, оқушылар нашақорлар тек тұрмысы ауыр ортада пайда болады десеңдер, екінші кейіпкерімізді тыңдап көрейік.

Екі адам, екі тағдыр.

Топпен жұмыс істеу арқылы кейіпкерлеріміз не себепті нашақорлыққа барғанын анықтаймыз.

Slide 14

Нашақорлық

Жұмыссыздық

Тұрмыстық жағдайдың нашарлығы

Экономиканың құлдырауы

Маскүнемдік

Ортаның әсері

Ата-ананың баласына уақыт бөлмеуі

Мемлекет тарапынан шара болмауы

Рухани құлдырау

Топтастыру:

Slide 15

Зардабы

Қылмыс жасау, жауапқа тартылу

Денсаулығын жоғалту, өлім

Ұзақ уақыт емделу, қаржылай шығындалу

Ата-ана, туыстарына қайғы әкелу

Қоғам үшін керексіздік, жұмысқа жарамсыздық

Slide 16

“ТӘН САУЛЫҒЫНЫҢ ТАМЫРЫ -ТАЗАЛЫҚТА, ЖАН САУЛЫҒЫНЫҢ ТАМЫРЫ - ТӘН САУЛЫҚТА”

АХМЕТ

БАЙТҰРСЫНОВ

Біздің алға қойған мақсатымыз: “зиянды әрекеттерге қарсы күресетін салаутты білімді ұрпақ болып өсу”

5 - кезең “Тән саулығыңыз қалай”

тест тапсырмасын орындау.

Slide 17

Тест тапсырмалары:

1) Дене шынықтырумен жиі айналысасыз ба? А) Аптасына 4 рет Ә) Аптасына 2 - 3 рет Б) Аптасына 1 рет В) Шұғылданбаймын 2) Күн бойына қанша шақырым жаяу жүресіз? А) 4 шақырымнан артық Ә) 4 шақырымға таяу Б) 1, 5шақырымнан аз В) 700 метрден аз

Slide 18

3) Сабаққа, дүкенге сіз. . . . А) Ылғи жаяу барамын Ә) Әр кез жаяу барамын Б) Жарты жолды жаяу жүремін В) Ылғи көлікпен барамын 4) Демалыс күндері сіз. . . А) Сағаттап үйде жұмыс істеймін Ә) Күн ұзаққа серуендеймін Б) 1 - неше рет азды көпті серуен жасаймын В) Күн ұзағына кітап оқимын, теледидар көремін

Slide 19

Жауаптың ұпайы

А) - 4

Ә) - 3

Б) - 2

В) - 1

Slide 20

Сұрақтың жауаптары:

18 және одан көп ұпай; - сіз ширақ және сау адамсыз

12 - 18 ұпай: -мүмкіндігінше белсенді денсаулығына оймен қарайтын адамсыз

38 - 12 ұпай: - сізге дене тәрбиесімен ерекше айналысу керек

8 - және одан төмен ұпай:

- жалқау өз денсаулығына немқұрайлы қарайсыз. Міндетті түрде шынықтыруды қолға алуыңыз керек.

Slide 21

Сұраққа жауап

Адамға ең қымбат. Ол не?

Құрамында этил спирті бар. Ол не?

Темекіден туындайтын ауруларды ата?

Темекінің зияны тиетін мүше?

Салауатты өмір салты деген не?

Гигиена деген не?

Дүние жүзілік СПИД-пен күрес күні?

Денсаулыққа зиянын тигізетін факторлар?

Slide 22

Сұрақ жауаптары

Адамға ең қымбат. Ол не? Денсаулық

Құрамында этил спирті бар. Ол не? Ішімдік

Темекіден туындайтын ауруларды ата?

Ж: Қолқа демікпесі, өкпе ауруы

Темекінің зияны тиетін мүше? Өкпе

Салауатты өмір салты деген не?

Ж:Спортпен шұғылдану, жеке бас тазалығын сақтау

Гигиена деген не? Ж: Грек тілінен “денсаулық әкелуші”мағыналы сөз

Дүние жүзілік СПИД-пен күрес күні? 01-желтоқсан

Денсаулыққа зиянын тигізетін факторлар?

Ж: Шылым шегу, нашақорлық, ішімдік ішу.

Slide 23

“Өзім үшін жазу” әдісі

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің туралы өз ойларыңды жазып іліңдер!

Slide 24

Үндеу!


Ұқсас жұмыстар
Жас математиктер сайысы
Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру
Жалпылау сабағы практикалық, және Теорияны өзіндік жұмыс практикамен ұштастыру сабағы
High Tech Logistic компаниясының іріктеліп алынған тәуекелдер тізімі
Ойын технологиясы - бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру құралы
Тәуекелдерді талдау
Шартты операторлар
Солтүстік мұзды мұхитынан кіші
Педагогикалық зерттеу әдістері
Бастапқы жылдамдығы неге тең
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz