Көру қабілеті бұзылған оқушыларға арналған қазақ тілі сабағы: етістіктің шақтарын қайталау


Slide 1

Батыс Қазақстан облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты

Slide 2

Тақырыбы: “Етістіктің шақтарын қайталау”

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Утепова Шырын Ізімқызы

Slide 3

Мақсаты:

Түзете-оқыту: Етістіктің шақтарын қайталау, оқушы дүниетанымын,

ой-өрісін дамыту, өзін дамытуға ықпал жасау, жеке

тұлғалық қасиеттерді жетілдіру.

Түзете- дамыту: Сауаттылыққа, тұлға ретінде қалыптастыру,

топтың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке

тұлғаның жағымды қарым-қатынасын орнату.

Түзете-тәрбиелеу: Туған елге, мәдениетке, өнерге деген

сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Бекіту сабақ

Әдіс - тәсілдері: Ұлттық ойын элементтері, жұптық жұмыс,

деңгейлік тапсырмалар, семантикалық кесте,

даралап-саралап оқыту.

Көрнекіліктер: Брайльша жазылған үлестірмелер, үлкейткіш

құрал, интерактивті тақта, тапсырмалар

жазылған үлестірмелер.

Slide 4

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасы: е, ет, де көмекші етістіктері тіркескен осы шақтық, келер шақтық, өткен шақтық етістік ойлап жазып келу.

"Аударыспақ" ұлттық ойын элементі арқылы тексеріледі.

Ережесі: кім көп сөз жазады және басқалардікін қайталамайды, сол жеңімпаз болады. Егер де бірінің сөзін екіншісі қайталап қойса, ол оқушы аттан аударылып, ойыннан шығып қалады.

Slide 5

“Аударыспақ”

Slide 6

ІІІ. Деңгейлік тапсырмалар. "Атжарыс" ұлттық ойын элементі арқылы өтеді. Ережесі: үш деңгейдегі тапсырманы бірінші әрі дұрыс орындаған оқушы аламан бәйгеден бірінші болып келеді.

Slide 7

І деңгейдің тапсырмасы: семантикалық кесте толтыру.

Мысал-дар

Нақ осы шақ

Ауыспа-лы осы шақ

Болжал-ды келер шақ

Мақсат-ты келер шақ

Жедел өткен шақ

Бұрын-ғы өткен шақ

Ауыспа-лы өткен шақ

Келді

Күлмес

Айтады

Жазып-ты

Соқпас

Көретін

Өтерміз

Slide 8

ІІ деңгейдің тапсырмасы: берілген өлеңнен етістіктерді теріп жаз, шақтарын айыр.

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды -дағы . . . (Он тоғызыншы сөзі)

Slide 9

ІІІ деңгейдің тапсырмасы: өлең жолдарына морфологиялық талдау жаса.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім,

Ер жеткен соң түспеді уысыма, -

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

"Жасымда ғылым бар деп ескермедім" Абай

Slide 10 Slide 11

V. Бекіту: топтық жұмыс. "Арқан тарту" ұлттық ойын элементі арқылы өтеді. Ережесі: оқушылар екі топқа бөліп, етістіктің шақтары бойынша екі топ бір-біріне сұрақтар қояды. Сұрақтарға ең көп дұрыс жауап берген топ жеңіске жетеді.

Slide 12

Арқан тарту

Slide 13

VI. Қорытынды. Мақал-мәтел сайысы. "Теңге ілу" ұлттық ойын элементі арқылы қорытындыланады. Ережесі: мақал-мәтел айтып, оның етістіктерін анықтайды. Әр айтқан мақалының етістіктерінің шақтарын дұрыс тапса, теңге алады. Ең көп теңге жинаған оқушы теңге ілудің үздігі аталады.

Slide 14

Теңге ілу

Slide 15

99 беттегі шығармашылық

деңгей тапсырмасы.

Бағалау.

Үйге тапсырма:

Slide 16

«Қыран түлегіне -қайырылмас қанат сыйлайды,

ұстаз түлегіне - алға

бастар талап сыйлайды»


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі, 7-сынып: Етістіктің өткен, осы және келер шақтарын қайталау сабағы
Көру қабілеті бұзылған балаларды оқытудың психолого-педагогикалық негіздері
Көру қабілеті бұзылған балалардың психикалық ерекшеліктері мен тифлопедагогиканың негіздері
Көру қабілеті бұзылған балаларды инклюзивті оқыту: педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері және әдістемесі
Қазақ тілі сабағы: Морфологияны қайталау - сөз таптары мен етістік түрлері
Көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім берудегі ерекшеліктері мен кездесетін қиыншылықтарды шешу жолдары
7-сынып Қазақ тілі: Етістіктің түрленуі мен шақтары
Абайдың 170 жылдығына орай етістікті қайталау және бекіту сабағы (қазақ тілі мен әдебиеті)
Орыс тілді оқушыларға арналған Қазақ тілі викторинасының сабақ жоспары
7-сынып қазақ тілі сабағы: Зат есімнің түрленуі (қайталау, ашық сабақ)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz