Өтпелі қалыптың символы




Презентация қосу
Бітірген оқу орны: Абай
атындағы ҚазҰПУ
Білімі: жоғары
Санаты: ІI
Еңбек өтілі: 3 жыл
Мамандығы: психолог

Е . Қ . Ұстанымым:

са е в «Жан қиналмай жұмыс
И ы л ы бітпес,
ға н ж .
Ту 1 98 3 ж талап қылмай мұратқа
2 . жетпес»
20. 0
Семинар тақырыбы:

«Педагогтың кәсіби шеберлігін
арттыру және инновациялық
көзқарастағы мұғалімді
қалыптастыру»
Психогеометриялық тест

Психогеометриялық тест
әдістемесі арқылы жасалған
диагностиканың дәлдігі – 85%.
Мына фигуралардың біреуін алып
өз есіміңізді жазып топтық
социограммаға орналастырыңыз
• Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма.
• Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді.
• Жағымды жақтары: ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті,
ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға
зейінділік, фактіге жүгіну, жазба сөйлеуге құштарлық,
ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық,
үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау,
шыдамдылық, еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;
• Жағымсыз жақтары: тақуа, өте ұсақшыл, өте сақ,
«ақылгөй», ерегеспе, консерватор, (жаңалыққа қарсылық
көрсетуші), шешімді қабылдауды созу, сараңдау,
саясаткерлігі төмен, таныстары мен достары аз адам.
• Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына
бағытталу, дегеніне жету.
• Жағымды жағы: лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде
жеңіске жету, проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген
сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық, батылдық,
өте белсенділік, тәуекелшілдік, жоғары еңбекқорлық, көңіл
көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы, тапқырлық, қарым-
қатынаста көпшіл;
• Жағымсыз жақтары: ең сенімді достары мен жақындары
аз, қызбалық, атақ-даңққа бағыттылық, шыдамсыздық,
өзінің мақсатына жеткенше басқаға көңіл аудармау, өз
дегенінен қайтпау, қу, айлакер, өз дегеніне жетуде неге де
бара алады, өзімшіл, мәртебе, мансапқа бағытталған,
ұстамсыз, шыдамсыз.
• Төртбұрыш: Өтпелі қалыптың символы. Өзгеру, басқа
деңгейге ену, уақытша жағдай. Өзін-өзі түсіне бермеу,
проблемадан қорқу…
• Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны
құмар, батыл, бейбітшіл, дау-дамайдан қашқақтайды;
• Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік,
тұрақсыздық, пікірін жиі өзгерткіштік, қозғыштық, өзіне
сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық, көңіл-күйінің тез
де жиі алмасуы, ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға
бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар, өзгенің
мінез-құлқына, қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне
өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш, жарақаттанғыш, жол
апатына түскіш. Төртбұрыштылық – бар болғаны стадия,
өтпелі кезең екенін ескер!
• Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония)
символы.
• Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым-
қатынас орнату, қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары,
«желім» – отбасын, ұжымды біріктіргіш, ашық, өзгелерге
қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені түсіну, жақсы
интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу,
әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық
жұмысқа бейімділік, күн тізбегін еркін құрады, таныстары
мен достары көп. Шеңбер – жақсы психолог!
• Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік,
меланхолияға берілгіштік, айналадағылардың пікіріне
бағытталу, шешімге келе алмаушылық, саясаткерлігі төмен,
көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.
• Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа
фигуралар секілді жабық емес, ерекше формада.
• Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» – ойшыл, өзгеден
ерекше, айрықша ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі,
тапқыр, өзгерістерді қажетсінуі, креативтілік, білім құмарлық,
жоғары интуиция, өзінің идеяларымен қанаттануы,
арманшыл, болашаққа бағытталу, жаңалықтың барлығына
деген оң көзқарас, қиялшыл, энтузиазм, еркіндік;
• Жағымсыз жағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңіл-
күйінің өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы,
ұстамсыздығы, экспрессивті (шындықты көзге айта салу),
дара жұмыс істеуді ұнатуы, қағаз бастылықты ұнатпауы,
айналысып жүрген ісі жаңа болудан қалса, аяғына дейін
жеткізбей тастай салады, финанс жағынан салақтық.
1. Топ – Мінсіз мектеп

2. Топ – Мінсіз мұғалімі

3. Топ – Оқытудағы
кедергілер

4. Топ – Кедергілерді
шешу жолдары
5. Топ – Мінсіз сынып
қорытынды
Күнде өсіп-қарап, зерттеп бағады,
Зерттеген соң, зердеге сап алады.
Не тілесе соны біліп, түсінер,
Білген сайын іштен жиі күрсінер.
Ілім білген дана атанар ақыры,
Білім елге пайда берер ашығы!
Туғаннан-ақ білімге ынта болмаса,
Оқу іздеп қиналмаңдар онда аса…
Бала білім жолын қусын десеңіз,
Бесігінде-ақ ілім жоғын көсеңіз…
Бала миы – дақ тимеген қағаз нақ,
Миға сөзін ұмытпасқа жазар бақ.
Жүсіп Баласағұни
Назарларыңызға
рахмет

Ұқсас жұмыстар
Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру
Мінез туралы түсінік
Типтік мінез бітістері
Мінездің тереңдігі
Девиантты мінез-құлықты балалармен педагогикалық жұмыс
ДАНТЕ АЛИГЬЕРИ
Тьюринг тезисі және оның негіздемесі. Марковтың нормальды алгоритмы. Нормальдау принциптері және оның негіздемесі. Марковтың нормальды алгоритмі және Тьюринг машинасының композициясы
Металды қалыпқа құю
Ежелгі мәдениет, антикалық және ортағасыр мәдениеттері
Қатты дәрілік қалыптар
Пәндер