Жеті ата Жеті ұрпақ




Презентация қосу
Cабақтың тақырыбы:
Жеті ата
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын,
жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Жеті санының
сырын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және тілдік
қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту,
грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі
ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын
жасату.
Тәрбиелік: Оқушыларға өз елін қастерлеуге халық
дәстүрін , Отанын сүюге , қазақтың киелі, қасиетті
сандарын есте сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,
суреттер, кестелер
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау,
кластер құру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды
түгендеу.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
III.Жаңа сабақ.
1.Ой шақыру.

Балалар , « Жеті» дегенде сендерге
қандай ой келеді?

Жеті
2. Ал , енді , Қадыр ағамыздың « Жеті»
өлеңіне көңіл бөлейік.

« Жеті» .
Киелі сан жеті деген,
Байланысты жетіменен.
Көп ұғымы халқымыздың,
Белгісіндей салтымыздың.
Жеті қабат көк жер үсті
Жеті қабат жер асты.
Жеті Жарғы- заң жеті,
Қазынамыз бар жеті.
Жеті атамыз- жеті жұрт,
Ағайынды жеті құт.
Өлеңнің түсінігін айту;

Ақын өзінің өлеңінде жеті санының
неге қымбат екеніне тоқталады. Жеті
саны қазақта киелі сан. Оны мына
өлең сөздерінен де көруге болады.
Жеті жасқа келген бала күрт өседі,
яғни есейеді. Аптамыз жеті күннен,
қайтыс болған адамның жеті күн
садақасын береді. Мұсылмандар
балаларына жеті атасын жаттатады.
Аспанымызда жеті жұлдыз
Қазақ халқының ұғымында жеті
санының қасиетті, киелі сан
екендігін білесіңдер ме?
Қазақ халқында жеті саны киелі деп
есептелген. Себебі, орта ғасырларда ғалымдар
жеті күнге, жеті жұлдызға ат берген. « Жеті»
сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына,
жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық
сөздері пайда болған. 17- ғасырда Тәуке
ханның « Жеті жарғысы» да жеті санының
қасиеттігіне байланысты болған. Қайтыс
болған адамның жетісін беру, жеті шелпек
пісіріп, еске алу жетімен байланысты.
Наурызкөжеге де жеті тағам салып пісіреді.

Жеті саны-қасиетті сан

ата
күн
қазына
Жеті жұт
жарғы
жетім
керемет

. Мақалды жалғастырыңдар:

« Жеті атасын
білмеген ....»
5. Тыңдалым: «Жеті ата» мәтінін тыңдап,
түсінгендерінді айтыңдар
«Шежіре» – араб сөзі. Қазақ тіліне аударғанда- «ағаш-
тың бұтағы» деген мағынаны береді. Қазақта әрбір адам
өзінің арғы тегін, кем дегенде, жеті атасына дейін білуі
керек. Мұны білмегенді «жеті атасын білмеген – жетесіз»
деп сөккен. Сондықтан қазақ баласы әкесінен бастап жеті
атасының есімдерін кішкентай кезінен жаттап өсуі керек.
Қазақ шежірені тарихты айтумен бір деп есептеген.
Әрбір адам өз ата-бабасының өмірде жасаған ғибратты
іс-әрекеттерін ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп,
жастарды тәрбиелеп отырды. Шежірені кейде «Далалық
тарихнама» деп те атайды. Зерттеуші ғалымдар бір ата
13 атадан асса – ру ,бір-
неше ру біріксе – тайпа, бірнеше тайпа бірігіп жүз
қауымдасса
халық, не ел болады деп есептейді.
6.Миға шабуыл

- «Жеті ата», « Жеті
ұрпақ» туралы не
білесіңдер?
« Жеті атаңды» білесің
бе?
« Жеті ата» - бір кісіден тараған
аталас қауым. Бала жеті атасын білу
керек.

Жеті ата Жеті ұрпақ
Бала 1. Әке
Әке 2. Бала
Ата 3. немере
Арғы ата 4. Шөбере
Тек ата 5. Шөпшек
Түп ата 6. Немене
Баба 7. Туажат
( дәптерге жазып алу)
7.Кітаппен жұмыс. Өлеңді
үнтаспадан тыңдандар, рөлмен
оқыңдар.

63 бет, 3 тапсырма

Айтылым

Оқушыларға « Жеті
атасын» айтқызу.
Тілдесім:

Дәурен мен Ерденнің
сұхбатын
толықтырыңдар.
64 бет, 5 тапсырма
Жазылым

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер
65 бет, 6 тапсырма
1. Қазақ отбасында балаға нені айтып
отырады?
2. Бұл баланы неге үйретеді?
3. Әр адамның өзінің жеті атасын білуі
қандай қасиеттерін танытады?
4. Ата –ананың басты борышы қандай?
5. Жеті атаны білу деген не?
6. Жеті атаны білу арқылы ата-бабамыз
қандай мақсат көздеген?
10. Бекіту
«Жеті ата» әнін орындау («Менің Қазақстаным» әуенімен айтылады)

Жеті ата бастауы
Әке мен баласы
Немере, шөбере,
Шөпшекпен жалғайды.
Немене бар деген
Туажат болды ғой
Осымен бірлескен
Ұрпағым мықты ғой
Қайырмасы:

Менің тегім
Менің ұрпағым
Сен үшін мен егілемін
Жырың болып төгілемін, тегім
Жеті атам менің
Қасиетім.
11. Бағалау.
12. Үйге тапсырма:

Өз беттерімен қазақтың
қасиетті сандары туралы
мағлұмат жинау;

Жеті ата, жеті ұрпақ түсініктері
туралы шағын эссе жазып
келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар!

Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Жеті саны қазақта киелі сан
«Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар:бала тәрбиесінде нақыл, қанатты,шешендік сөздер қолдану»
ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ДАМЫТУ
Адам және отбасы туралы
Жеті ата
Сандардың шығу тарихы.Жеті санына байланысты аспаптар.Жеті санының қасиеті!
Таңғажайып жеті саны
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттары
Халық педагогикасы
Халықтың асыл қасиеті, 4 сынып
Пәндер