Ұрғашы жылқылар


Slide 1

Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жаңа - Қима ауылы

Ғ. Әдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі

Биология пәнінің мұғалімі Шаймерденова Гүлнара Мұхиденовна

Slide 2

Жылқы шаруашылығы

Slide 3

Сабақтың мақсаты:

1. Жылқы тұқымдастарымен таныстыра отырып,

оңын адам өміріңдегі маңызын, жылқы

өнімдерінің пайдасын түсіндіру. Ата - кәсіптік

дүниелерден естіген, білгендерін ортаға салып,

қосымша білім алу.

2. Сурет-сызба нұсқамен білімің жетілдіріп өз

көзқарасын дәлелдей білу.

3. Біздің Республикамыздағы экологиялық,

әлеуметтік мәні бар мәселелерді шешуге әрекет

жасауға тәрбиелеу.

Slide 4

Блум таксономиясы

Ой қозғау

Білім жүйесі

Түсіну жүйесі

Талдау жүйесі

Таным

жүйесі

Жинақтау жүйесі

Slide 5

Ой қозғау

Тапсырма:

Оқушылардың ойлау қабілеттерін

арттыру мақсатында

тірек-сызбалар салу.

1 топ . Сүтқоректілердің қанқасының құрылысы

2 топ . Сүтқоректілердің ішкі құрылысы

3 топ. Сүтқоректілер отрядтары.

Slide 6

“Білім” жүйесі

Жылқы

Сүтқоректілер класы, тақтұяқтылар отряды

Пірі: Қамбар ата

Қазақстанда 12 жылқы зауыты, 32 асыл тұқымды фермасы бар.

Қол тұқымдары:

Дүние жүзінде 250ден астам

Қазақстанда 20 ға жуық .

Slide 7

Өмір мерзімі және кезеңдері:

Түріне, күтім және өсу айналасына байланысты қазіргі үй жылқысы орташада 25-30 жыл жасайды. Кей кезде кейбір жануарлар жасы 40-тан асады. Жазу деректеріне сай ең көп 19ғ. Ескі Билли деген ат 62 жыл өмір сүрген. Қазіргі заманда, Шуга Пафф деген пони 2007ж. 56 жаста өліп Гиннесс рекордтар кітабына енген.

Slide 8

Тісіне қарап жасың аңықтайды.

Тістің бетінде мөрі болады.

Сопақ мөр - 5-10 жасқа дейінгі жылқының тіс бедері

Үшбұрыш мөр - 18 - 23 жасты бейнелейді.

Дөңгелек мөр - 12 жастан 18 жасқа дейінгі тіс бедері

Slide 9

Жылқы төлдерің былай бөледі:

Құлын (Биенің жас төлі)

Жабағы (6 айдан асқан құлын )

Тай (1 жастан асқан )

Ұрғашы жылқылар

Құнажын байтал (2 жастан асқан)

Дөнежін шығар (3 жастағы байтал)

Дөнежін байтал (3 жастан асқаны)

Бесті бие (4 жастан асқан)

Қасабалы бие (7-8 жастағы бие)

Кәртамыс бие (11-12 жастағы бие)

Жасаған бие (20 жастағы бие)

Slide 10

Еркек жылқылар

Құнан айғыр (2 жастан асқаны)

Дөнен айғыр (3 жастағысы)

Сәурік айғыр (3-4 жастағы уйірге салынбаған)

Бесті айғыр (5 жастағысы)

Сақа айғыр (11-12 жастағысы)

Slide 11

Жылқы түсі

Қылаң

(бұзғыл түктер басым болса)

Баран

(қошқыл түстері көпшіл болса)

Ала

(сарыала, сұрала, күреңала т. б)

Ерекше түстер

(шұбар, бозшұбар, қарашұбар т. б)

Slide 12

Жылқы түрлері

Жергілікті жылқылар. Тебіндік-далалық жылқылар

(моңғол, қазақ, башқұрт, бурят, хакас)

2. Тау жылқысы

(Алтай, қырғыз, қарабах, т. б. )

3. Тоғай жылқысы

(якут, нарын, эстон. полес)

4. Салт мінілетің жылқылар

(ахалтеке, араб, терек, иомуд - таза қанды жылқылар)

5. Мініс және жегу жылқылары

(Дон, Буденный, Қостанай, Қарабайыр, Жаңақырғыз, Кабардин,

Көшім жылқылары. )

6. Желісті жылқылар

(Орлов, орыс, француз, американ жылқылары. )

7. Ауыр жүк тартатын жылқылар

(советтік, владимирлік, литвалық, орыс, Першерон жылқылары. )

Slide 13

А

Ахалтеке жылқысы

Slide 14

Салт ат тұқымы

Slide 15

Түркімен құлыны

Slide 16

Бұлан айғыры

Slide 17

Абсент жылқысы

Slide 18

Қазақ халқы жылқы малын 3 топқа бөлген

Бәйгеге қатысатын жылқылар:

Тұлпар, арғымақ, сәйгүлік

Жүк тасуға, алыс жолға төзімді қазанат деп атаған

Жем-шөп талғамайды. еті мен сүті үшін өсірілетін жылқылар жабы деп аталған

Slide 19

Қазақтар жылқыларды пайдалану

мақсатына қарай былай жіктеген

Берік - күшті еті тығыз жылқылар. Бұлардың бітімі қораштау, семіз,

еті тығыз кебеже қарын, кең құрсақ, аяқтары жуан, басы үлкен, мойны жуан

болып келеді. Жылдам жүріске, шабысқа жарамсыз. Негізгі қасиеті - жем шөп талғамайды,

ауыр жұмыстарға шыдамды, ауа райының қай мезгіліне болса да көнбес. Мінезі жуас

Жүрдек - күші мығым, берік пен бәйге аттарының арасындағы салт жүріске арналған

жылқылар. Оны сұңғақ жаратылысына қарап, “сұлу ат” деп атайды. Жүрісі жайлы,

көбіне желіс, саржеліс түрінде болады. Жүрдек барымтамшыларды қууға,

алыс сапарларға шығуға пайдаланады.

Жүйрік - шабыс аттары. Аяңшыл - тек салт мінуге арналған аяң жүрісті аттар.

аяңның өзі “өгіз аяң”, “жай аяң” деп бөлінеді.

Желгіш - ертеде қазақ тұрмысында көп пайдаланылмаған жылқылыр. Бұлар қазақ жерінде

тек 19 ғасырдың соңына қарай көбейе бастады. Жорға - қазақтың бәйге аттарынан кейінгі

жоғары бағалайтын, ерекше жақсы көретін тұқымы. Жорғаның жүрісі адамға өте жайлы.

Жорға жылқыда туа бітетің қасиет болғандықтан, қазақтар жорға тұқымын

сақтауға тырысқан.

Сәйгүлік - елшілер мінген ат.

Slide 20

Қымыз - жылқы сүтінен алынатын қышқыл сүт өнімі.

шипалы қасиеті де жоғары құрамында дәрумендер мол,

Науқас адамның тез сауығуына ықпал етеді қымызды

қаны азайған, туберкулезге шалдыққан

адамдар мен мешел ауруына душар болған

жас балаларға міңдетті түрде берген дұрыс.

Slide 21

Қымыз түрлері

(40-қа жуық түрі бар)

Уыз қымыз - бұл бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылған қою қымыз

Сары қымыз - жаз ортасында, шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз.

Түнемел қымыз - мол қордың үстіне сүт қышқылы арнаулы торсықта сақталып,

екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз.

Құнан қымыз - үш тәулік бойы ашытылады.

Бал қымыз - бал, қант секілді тәтті қосып жуасытқан қымыз.

Дөнен қымыз - төрт тәулік ашытылады.

Бесті қымыз - бес тәулік ашытқан қымыз.

Асау қымыз - бесті қымыздан да күшті қымыз.

Жуас қымыз - баяу ашыған немесе саумал қосқан қымыз.

Қорабалы қымыз - мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып,

бірнеше күн жинаған қымыз.

Slide 22

Қымызмұрындық -

бұл қыстаудан жайлауға көшкенде

төйланатын ұлттық мереке.

Slide 23

Жылқы терісінен жасалатын заттар.

Тайжақы - құлын терісінен тігілген қаптал тон.

Шарық - теріден тігілген қарадүрсін аяқ киім.

Көнек - шикі теріден тігілген қымыз құятын ыдыс.

Бұлқыншақ - жылқының артқы аяғының

терісінен жасалады.

Тұяқтас - жылқының қос тұяғынан жасалған

көне ұрмалы музыкалық аспап.

Slide 24

Жылқы етінің кәделі мүшелері.

Жал - жылқы етінің ең кәделі мүшелерінің бірі.

Ол жылқының шоқтығы мен ауыз омыртқасының арасында мойын омыртқасын ұстап

тұратын желкемен жымдаса бітеді.

Жая - жылқының терісін сыпырып алынғаннан кейін жаяның етін тұтастай

бөлек сылып алады.

Қазы - жылқының қабырғалары мен белдемелерінің етегіне жиналатын аса шырайлы,

майлы еті.

Қарта - жылқы сойғанда ең алдымен қартаны ішіндегісінен бастап, айналдырады да, салқын суға салып тазалайды. Содан кейін оның ішіне майлы еттерді тығады.

Slide 25

Түсіну жүйесі

Жылқы - елдігіміздің басы.

Slide 26

Қазақтар адам мен оның жан серігі атына бір тұтас әлем ретінде қараған

Адамның азамат қатарына қосылуының өзін “ат жалын тартып мінді”

деп бейнелейді.

Жас баланың алғаш атқа отырғанын атап өту рәсімі тоқым қағар тойынана бастап,

адамның бұл өмірден өткенінің белгісі ат талдауға дейінгі бүкіл пәнилік тіршілікті

жылқымен байланыстырылған.

Қазақ халқы жылқыны ел қорғаны ердің жан серігі деп дәрептеген.

Ол батырлық жырлардағы:

Қобыландының “Тайбұрылы”,

Алпамыстың “Байшұбары”,

Қамбардың “Қарақасқасы”,

Кендебайдың “Керғұласы”,

Исатайдың “Ақтабаны”,

Амангелдінің “Шалқасқасы”,

Ақан серінің “Құлагері”,

20-шы ғасыр тұлпары “Абсент”

Slide 27

Жылқы жайлы жазған ақындар өлеңдері:

Абайдың “Аттың сыны” өлеңі,

Тайыр Жароков “Жылқышы” әні,

С. Қарымбаев “Төрт түліктің төресі”,

Ілияс Жансүгіров

“Құлагер”,

“Тайбурылдың шабысы-ай”,

“Жанына еліміздің жылқы жаққан”

5. Мұқағали Мақатаев “Құла құнан”,

6. Кенен Әзірбаев “Көк шолақ”.

Азаматтың мерейің асыратың сал - серілік пен сәнділіктің шырайын келтіретің текті

жануарларды спорттық ойын - сауықтарда пайдаланады.

қ. Аламан бәйге,

Бәйге,

Құнан бәйге,

Жорға жарыс,

Көкпар,

Аударыспақ,

Ат омырауластыру,

Ат үстінен тартыс,

Қыз қуу,

Күміс ілу, т. б

Slide 28

Көкпар

Бәйге

Slide 29

Қыз қуу

Теңге алу

Slide 30

Аударыспақ

Slide 31

Елтаңбамызда елдігіміздің белгісі екенің айғақтап пырақ тұр.

Тұлпар - дала дүлділі, ер азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты,

тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі.

Slide 32

Талдау жүйесі

Жылқы төрт түліктің қайсысына жатады:ақ малға ма, қара малға ма?

Жылқының пірі қалай аталады?

Жылқының шыққан тегі?

Қымыздың емдік қасиеті қандай?

Қымыздың неше жылдық тарихы бар?

Жылқы неше жыл бұрын қолға үйретілген?

Қостанай жылқысы қай жылы қолтұқым ретінде бекітілді?


Ұқсас жұмыстар
Жылқының қасиеті
ШОШҚА АСКАРИДОЗЫ
Жануар уларымен улану
АДАЙ ТҰҚЫМЫ
Жылқының тұқымдары
Жылқы оксиурозы
Жылқы шаруашылығы
СӨЖ ЕРЕСЕК ҚҰРТТАР
АЙҒЫРДЫ ПІШУ ӘДІСТЕРІ
Дастан және грифон
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz