Қазақстанда құрылған лагерлер


Slide 1

Сабақтың тақырыбы:

Саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы

Slide 2

Сабақтың тақырыбы: Саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы Мақсаты:

1. Қазақстанның көпұлтты мемлекет болуына әсер еткен тарихи жайлы оқушылар білімін тереңдету 2. Оқушылардың сол кезеңдердегі жүргізілген саясат туралы өз көзқарастарын, өз пікірлерін айта білу дағдыларын дамыту 3. Еліміздегі әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты құрметтеуге тәрбиелеу Көрнекілігі: ҚР саяси-әкімшілік картасы, тірек сызба Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі:Шығармашылық ізденіс, ойлауды дамыту, пікірталас, талқылау

Slide 3

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс.

Үйге берілген тапсырма тақырыпқа сәйкес қазақ халқының басынан кешкен тарихи оқиғаларға сәйкес көркем әдебиет, тарихи құжаттардан қазақ халқының басынан кешкен тарихи оқиғалары жөнінде мәліметтер жинақтау. Талдау барысында мынадай сұрақтар қою:

Slide 4

--Қазақстанда 20-жылдардағы демографиялық ахуал қандай болды? --Қазақстан жеріне қандай ұлттар, қай кезеңнен бастап қоныстана бастады? --Қазақстан лагерлерьлдер өлкесі деп неліктен аталды? --Көші-қон саясатының қазақ халқының демографиясына тигізген әсері және оның зардаптары қандай болды?

Slide 5

Жаңа сабақ . 1. Терминдермен жұмыс

2. Саяси қуғын-сүргін себептері

3. Қазақстанда құрылған лагерлер. 2. Ұлы Отан соғысы кезіндегі елден қуу саясаты. 3. Тың және тыңайған жерлерді игерудің демографияға әсері 4. Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық жағдайы. 5. «Қазақ тілі» қоғамы және «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы».

Slide 6

1. Терминдер мен жұмыс

Тоталитарлық режім

Саяси репрессия

Геноцид

Тоталитарлық режім - Тоталитарлық - (латын сезінен - totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады. Тоталитарлық режимде:

1. Тек бір партия билік жүргізеді.

2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі.

3. Бір идеология ғана жарияланады.

4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады.

5. Репрессия, күш қолдану мемлекеттің ең негізгі функциясы болып табылады.

Репрессия - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары

Геноцид- бір халықты және ұлтты жойып жіберу саясаты.

Slide 7

2. Саяси қуғын-сүргіннің себебі, сипаты, салдары:

Қазақстанда саяси қуғын -сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылдан бері 31 мамырда атап өтіледі. 1993 жылы республикада саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң қабылдады.

Мақсаты:

- отаршылдық салдарын жою

- саяси зұлматтан зардап шеккен жандардың құқығын қалпына келтіру

- тоталитарлық режімнің акциялары мен актілерге саяси құқықтық баға беру

- Статистикалық мәлімет

- Ресми деректер бойынша КСРО -да 3, 77 млн адам сталиндік репрессия құрбаны болған. Олардың 500 мыңы атылса, қалғандары

- 25 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған. Бүгінгі таңда 1921-1954 ж аралығында 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылған. Елімізде бүгінгі таңда 345 мың заңсыз қуғындалған адам ақталды. Олардыңішінде қазақстанға жер аударылғандар бар.

Slide 8

Саяси қуғын-сүргін сипаттары:

- 1921 - 23 жылдарда малды тартып алу

- малдан айырылудың кесірінен болған аштық

- шаруалар көтерілісі мен “бандыларды жою” деп аталған қырғын науқан

- бай -кулактарды жою, олардың мүліктерін

тәркілеу және жер аудару

- 1923-33 жж аралығындағы дін өкілдерін жазалау

- халық жауларымен, шетел тыңшыларымен жүргізілген күрес

Slide 9

Сонымен, Қарағанды еңбекпен түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда құрылды, лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка ауылы болды, оған 120 000 гектар егістікке жарамды жер, 41 мың гектар шабындық жер бөлініп берілді. Карлаг аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейінгі 300 шақырым, шығыстан батысқа дейінгі 200 шақырым жерді алып жатты. Оған қоса осы аумақтан сыртқары лагерьден 350 шақырым жерде Ақмола және 650 шақырым жерде Балқаш бөлімшелері құрылды. Карлагты құрудағы басты мақсаттардың бірі - сол кезде қарқыныды дами бастаған Орталық көмір бассейініне, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинаттарына аса ірі азық-түлік базасын жасау болды. Оған осы өнеркәсіп салаларын құрып, дамытуға жұмыс күші де қажет болатын. Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде, мұнда 75 мыңға жуық адам отырды .

Slide 10

СТЕПЛАГ - «халықжауларына» арналған ерекше лагерь. 1940 жылы Кеңгір өзенінің жағасында бұрынғы пионер лагерінің орнынан КСРО ішкі істер халық комиссариатының (НКВД) ірі лагерь «Жезқазған лагері және КСРО НКВД ГУЛАГ-ның комбинаты» құрылды. 1943 жылы Үлкен Жезқазғанның іске қосылған және салынып жатқан бөлімдерінің бәрі НКВД-ның қарауына беріліп, ол «НКВД Жезқазған еңбекпен түзеу лагерь-комбинаты» деп аталды. 1947 жылы №4 Ерекше лагерь немесе СТЕПЛАГ депаталды. СТЕПЛАГ-тыңбасты міндеті - Жезқазған мыс комбинатын тез арада салып бітіру. Лагер 1940 жылдың 1 сәуірінен бастап жұмыс істеді. 1942 жылдың 1 қаңтарында лагерьде 120-140 тұтқын ұсталды. Бұлардың ішінде 1830-ы төңкеріске қарсы қылмыстылар, 548-і бандитизм және кісі өлтіргені, 108-і шекараны рұқсатсыз өткені, армиядан қашқан және әскери қылмыстары, 9050-і өзге де қылмыстары үшін сотталғандар. Сотталғандар негізінен кінәсіз жұмысшылар, колхозшылар, инженерлер, дәрігерлер және НКВД тізімі мен құрылысқа, шахталарға еңбек күші керек болғандықтан қамалған адамдар болды. Соғыстан кейін лагерьге 12 мың Кеңес тұтқындарына 8 мыңға жуық соғыста қолға түскен немістер мен жапондықтар келіп қосылды.

Slide 11

Лагерь үш негізгі бөлімшеден тұрды:

Кеңгір, Жезқазған және Қарсақбай бөлімшесі.

Жұмысының ауырлығы, лагерь ішіндегі қатаң тәртіп жағынан Степлаг басқа лагерьлерден де асып кетті. Бірақ адам төзгісіз ауыр каторгалық еңбек, аштық, жалаңаштық, ауру, мыңдаған адамдардың өлімі тұтқындардың еңсесін басып, рухын жасыта алмады. КСРО-ның барлық лагерьлеріндегідей, мұнда да зорлық-зомбылыққа, қатал тәртіпке қарсы наразылық үздіксіз бой көрсетіп отырды. Лагерьлер жүйесінде ең көлемді, әрі ұзаққа созылған тұтқындар көтерілісі осы СТЕПЛАГ-та болды.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Қасіретті жылдар
Шаруалар көтерілістері
Экологиялық мәдениет және тыйым сөздер
Алжир лагерінің тарихы
Құрылыс жұмыстары
Экологиялық сараптама
Қазақ даласына жер аударылған ұлттар тарихы
Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер
Селдің сипаттамасы
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz